1-тақырып. Жалпы ережелер


Жоспар 1. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы



бет56/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Жоспар
1. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2. Сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі
3. Сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі



  1. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

ҚР ҚК 3 бабының 29 тармағына және «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты 15 тараудың ережелеріне сәйкес қарастырылып отырған қылмыстарға мыналар жатқызылады:


- лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану
(361 б.);
- билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (362 б., 4 бөлім, 3 тармақ);
- кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу (364 б.);

- заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау (365 б.);


- пара алу (366 б.);
- пара беру (367 б.);

- парақорлыққа делдал болу (368 б.);


- қызметтік жалғандық жасау (369 б.);
- қызметтік әрекетсіздік (370 б.).
Қызмет бабында жалған құжат жасау – бұл, егер әрекеттер пайдакүнем ниетпен немесе өзге жеке қызығушылықпен (бұған дейін бұл әрекеттер лауазымдық жалған құжат жасау деп аталған-тын) жасалса, лауазымды тұлғаның (мемлекеттік қызметкердің немесе лауазымдық тұлға емес жергілікті өзін-өзі басқару органы қызмектерігің) ресми құжаттарға алдын-ала жалған мәліметтерді, сонымен қатар олардың шынайы мазмұнын жоққа шығаратын түзетулерді енгізуі.
Бұл анықтама әрекетті ҚР ҚК 369 бабы бойынша сыныптау үшін ғана емес, сондай-ақ қызметтік қылмыстың мазмұнын, оны тәртіптік теріс қылықтан ажырата білуді дұрыс түсіну үшін маңызды.
Қылмыстардың қарастырылып отырған сыныбының құрамын анықтайтын негізгі белгілер ретінде мыналар танылады:
1) мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғушылық;
2) азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі бұзылуына әкеліп соқтырған қызмет мүдделерін бұзатын тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі;
3) қылмысты лауазымды тұлғаның жасауы;

4) қасақана немесе абайсызда жасалған айыпты әрекет.


Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361 б.) ең кең етек жайған жемқорлық құқық бұзушылықтарының бірі болпы табылады. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану ретінде мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаның не оған теңдестірілген тұлғаның өзі не басқа тұлғалар не ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтарды табу не басқа тұлғаларға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызмет-тік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қарсы пай-далануы ұғынылады. Мына шарттар орындалған жағдайда әрекет жемқорлыққа қатысы бар болып танылады:
а) азаматтардың не ұйымдардың құқықтарына және заңды мүдделеріне не болмаса қоғамның не мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиянның келітірілуі (ҚР ҚК 361 б. 1-ші бөлімі);
б) оны лауазымды тұлғаның жасауы (ҚР ҚК 361 бабының екінші бөлімі);
в) оны жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаның жасауы (ҚР ҚК 361 бабының 3-ші бөлімі);
г) ауыр салдардың болуы не оның қылмыстық топ мүдделері үшін жасалуы (ҚР ҚК 361 б 4-ші бөлімі).
Жоғарыда аталған белгілердің бар-жоқтығына байланысты жаза өзгешеленеді. Бұл белгілер ай-рықша сыныптаушы сипаттамаларға ие құрамдар-ды анықтау негізінде жатыр. Осылайша, бірінші бөлім бойынша мынадай жазалар қарастырылған:
- негізгілері – екі мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары; екі жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- қосымша жаза – мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.
Қалған белгілер бойынша негізгі жазаларға мыналар жатады:
- екінші бөлім бойынша: төрт мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса төрт жылға дейінгі

мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;


- үшінші бөлім бойынша: алты мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса алты жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- төртінші бөлім бойынша: төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 361 бабының екінші, үшінші және төртінші бөлімдеріндегі жазаның қосымша түрлері бірінші бөлімдегідей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет