Опд-11 (қаз) Асан Нұрсұлу Керимбекқызы



Дата22.09.2022
өлшемі13,75 Kb.
#150287
Байланысты:
Мотивация
BirthCertificate-830928403148-20231205124626

ОПД-11 (қаз)
Асан Нұрсұлу Керимбекқызы
БӨЖ 2-апта:Кейс: «Уйым кызметкерлерінін мотивациясын жетілдіру»

Мотивация дегеніміз – адамдардың белгілі бір дәрежеде күшін, тырысушылығын, адалдығын, қайсарлығын қажет ететін белгілі бір мақсаттарға бағытталған адамдарды белгілі бір жұмысты атқаруға түрткі болатын сыртқы және ішкі итермелеуші күштердің жиынтығы.


Басталған жұмысты жалғастыру және дамыту қайсарлығы – қызметтің маңызды мінездемесі. Өйткені, басталған жұмысқа тез арада қызығушылығын жоғалтатын адамдар да жиі кездеседі. Олар қызметтің басында өте жақсы нәтижелер көрсеткенімен, қызығушылықтың азаюы және қайсарлықтың жоқтығы олардың өз күшін өз мүмкіншіліктеріне қарағанда -азырақ жұмсауына әкеліп соғады. Қайсарлықтың аздығы да жұмыстың аяғына дейін жасалуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жұмысшы жақсы идеялар ұсынып, алайда оларды іс жүзінде жүзеге асырмауы ұйымның мүмкіндіктерді жіберіп алуына әкеліп соғады.


Адалдық – жұмысты жауапкершілікпен атқару. Яғни ол көптеген жұмыстар үшін қажетті талаптар мен реттеуші нормаларды ескере отырып, жұмысты орындаудың ең басты шарты болып табылады. Адам жоғары квалификациялы және білімді, қабілетті болуы мүмкін. Бірақ ол өзінің міндеттеріне селқос, жауапкершілксіз қараса, оның қызметінің барлық оң нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін. Ұйымның басшылығы осыны жақсы түсініп, олардың жүріс – тұрысының адалдық сияқты басты мінездемесін дамыту үшін мотивациялау жүйесін дұрыс жасауы керек.


Адам белгілі бір қызметті оған жасалған сыртқы және ішкі күштердің біртұтастығының қысымымен жасайды. Бұл күштердің біртұтастығы мотивация деп аталады. Ол барлық адамдарда бірдей реакция тудырмайды. Сондықтан мотивация процесін бірыңғай сипаттау мүмкін емес. Сонда да зерртеулердің негізінде мотивацияға және мотивация процесінің мазмұнына әсер ететін бірқатар концепциялар жасап шығарылды.


Мотивацияның мазмұндық теорилары қажеттіліктердің әртүрлі топтары адамдардың мінез – құлқына қалай әсер ететіндігін суреттейді. А.Маслоудың қажеттілік теориясы (иерархиясы), МакКлелландтың қажеттілік теориясы, Герцбергтің қос факторы теориясы – осы концепциялар кең таралған теориялар болып табылады. Бұл концепциялардың принципиалдық айырмашылығына қарамастан, олардың негізінде ортақ нәрсе бар, ол адамдардың мотивацисының іс — әрекетке деген жалпылығын бейнелейді.




Мотивация процесі теориялар арқылы айқын көрініс табады. Ол теориялар адамдар белгілі бір күш сала отырып неге белгілі бір іс – әрекетке жүгінетінін түсіндіруге тырысады. Мотивацияның іс – жүргізушілік теориялары, соның ішінде Күту теориясы, Әділеттілік теориясы, Портер – Лоулер үлгісі адамдарды нәтижелі жұмысқа жұмылдыру үшін қалай оларды қызықтыруға, талаптандыруға болатынын анықтауға тырысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет