1-тақырып. Жалпы ережелер


ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу шаралары



бет73/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

2.ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу (профилактикасы) мақсатында Қазақстан Республикасының заңында заңнама процесінде іске асыру және есепке алу, заңмен белгіленген функциялар аясында қандай да бір қызметті жүзеге асыру, құқық қорғаушы және арнайы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ жалпы алғанда мемлекеттік басқару органдарын қайта ұйымдастыру және реформалау үшін міндетті болатын құқықтық шаралардың жүйесі бектілген.


Осындай шаралар ретінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында мына шаралар қарастырылған.
1. Арнайы шектеулердің заңнамалық тұрғыда белгіленуі (8 б.), бұл шектеулер мемлекеттік қызметке өту кезінде міндетті түрде сақталуы тиіс.
Бұл ереже ҚР-дың бірқатар басқа заңдарында да қайталанады. Мысалы, Қазақстан Республи-касының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында мемлекеттік қызметкерге кәсіпкерілк қызметпен айналысуға тыйым салынған.
Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілет-тік берілген лауазымды тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар лауазымға кіріскеннен кейінгі бір ай ішінде бұған дейін оған кіріс алу мақсатанда тиесілі және пайдаланылған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға табыстауға міндетті.
2. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамдарға қаржылық бақылау шараларының орнатылыуы (9 б.).
Мұндай тұлғалар тұрғылықты жері бойынша, шет мемлекетте орналасқан нысандарды қоса алғанда, салық органына салық салынатын табыстары мен мүлкі (мысалы, пәтер, үй, мекен, құрылыс және т.с.с. түріндегі жылжымайтын мүлік) туралы декларацияны, сондай-ақ кез келген валютадағы немесе құнды қағаздардағы барлық салымдары туралы мағлұматты ұсынуға міндетті.
Талап етліген мағлұматтарды ұсынбау немесе біле тұра жалған мағлұматты ұсыну осындай мемлекеттік қызметкерге қатысты мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіз болып табылады.
3. Лауазымды тұлғалар және мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген басқа да тұлғалар, оларға теңестірілген тұлғалар үшін арнайы шектеулердің белгіленуі (10 б.).
Осылайша, аталған тұлғалар санатына, педагогикалық, ғылыми және өзге шығармашылық қызметті ескермегенде, қандай да бір өзге ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұл ереже конституциялық-құқықтық негізге ие (ҚР Конституциясының 79 б. 4 т.; 52 б. 3 т.; 43 б.).
4. Лауазымды тұлғалар және мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген басқа да тұлғалар, оларға теңестірілген тұлғалар үшін жақын туыстардың немесе ерлі-зайыптылардың бірлесіп қызмет етуіне жол берілмейді (11 б.).
Жақын туыстар ретінде: ата-аналары, балала-ры, бала асырап алушылар, асырап алынған бала-лар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері, аталары, әжелері, немерелері.
5. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтары тізбесін және олар үшін жауапкершілікті бекіту (12 б.).
Осындай құқық бұзушылықтар ретінде, мысалы, мыналар танылады: басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу; жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету; қызметі немесе жұмысы жөнінен жоғары немесе төмен тұрған не өздерімен өзге де түрде тәуелді лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлік салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу; жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда көрінеу кедергі жасау және т.с.с. Жалпы алғанда осындай құқық бұзушылықтардың 15 түрі қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет