1-тақырып. Жалпы ережелер


Мамандарды педагогикалық мамандықтар бойынша жалпы дайындау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімнің орны мен арналуы



бет9/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

3. Мамандарды педагогикалық мамандықтар бойынша жалпы дайындау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімнің орны мен арналуы
«Сыбайлас жемқорлықсыз білім» пәнінің орнын пәнаралық байланыстың сипаты мен мазмұнын айқындау негізінде анықтауға болады. Осы пәнді оқу нәтижесінде алынған білімнің синтетикалық сипаты оның логистикалық, теориялық-әдістемелік, әдістемелік, тектілік, объектілік-субъектілік, пәндік және басқа байланыс түрде болатын басқа аралас оқу пәндерінің кең спектрын ұқтырады. Ұсынылып отырған пәннің пәнаралық байланыстылығы кең ауқымда зерттелетіндігімен ерекшеленуде.
Сыбайлас жемқорлықсыз білім крими-нологиямен байланысты.
Криминология – дегеніміз қылмысты, оның себептерін, қылмыскердің жеке басын, қылмыстың алдын алу жолдары мен құралдары, оны жою шаралары туралы ғылым. Криминология қылмыстылықты адамдардың мінез-құлқында ұялайтын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңның талаптарына қайшы келетін құбылыс ретінде зерттейді.
Сыбайлас жемқорлықтың шығу тегін криминология әдістерімен зерттеу, оның жағымсыз әсерінің салаларын, байқалу түрін анықтау тек жемқорлықты ғана емес, жалпы қылмысқа қарсы күрес және профилактика шараларын дайындау негізінде жатыр.
Сыбайлас жемқорлықсыз білім қылмыс-тық құқықпен байланысты.
Қылмыстық құқық - бұл күрделі, яғни ұлттық құқықтың негізгі салаларының бірі, ол аталмыш мемлекеттің жүйесімен қабылданған құқықтық нормаларды біріктіреді. Бұл нормалар іс-әрекеттерді қылмыстық жаза ретінде квалификациялауға және айыпты тұлғаға қатысты тиісті жаза түрін таңдауға мүмкіндік беретін ұйғарымдарды қамтиды. Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты 15 - тарау бар.
Қазақстан Республикасының ҚК 15 -тарауына кіретін 361-371 тармақ ережелеріне сәйкес біз, сыбайлас жемқорлыққа жататын іс-әрекет құрамын анықтаймыз.
Сыбайлас жемқорлықсыз білім крими-налистикамен байланысты.
Криминалистика – дегеніміз қолданбалы заң ғылымы, ол қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақ-таудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайда-ланудың арнаулы тәсілдері, әдістері мен құрал-дары жүйесін жасақтайды. Бұл тәсілдер мен әдістер қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыс-тардың алдын алу, анықтау және тексеру үшін қолданылады, сондай-ақ, қылмыстық, кей жағдай-ларда азаматтық істерді сотта қарау үшін пай-даланылады.
Мысалы, криминалистика шегінде қылмыстың жеке түрлерінің криминалистік сипаты дайын-далады. Дәл осы криминалистиканың арқасында қазіргі таңда деңгейі жоғары жасырын сыбайлас

жемқорлық түрлерінің бірі болып табылатын пара-қорлық, басқа қылмыстармен орайластығы (тонау, қызмет бабын теріс пайдалану, алаяқтық, бопса-лау) аса ірі көлемде пара алу, пара алушылардың арасында ер кісілердің көбеюі (92% дейін), пара алушылардың «іскерлік» байланысының ауқым-дығы және т.б. болып табылатын парақорлық-тың маңызды сипаттары белгілі. Криминалистика ғы-лымының дамуы арқасында, парақорлық қылмыс-тарының жоғары латенттілігін анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет