1-тақырып. Жобаларды басқаруға кіріспе


Программалық жабдықтауды жасайтын жоба қызметкерлерін басқару жолдары мен жоба қатысушылары



бет3/3
Дата28.02.2020
өлшемі65,44 Kb.
#59264
1   2   3
Байланысты:
Жобаларды-басқаруға-кіріспе-174570
Как пользоваться Бандикам, Установка ссылок, 2апта Диярова С., Рекоменд. ДП, Р 26.10.20 г.

21.Программалық жабдықтауды жасайтын жоба қызметкерлерін басқару жолдары мен жоба қатысушылары.

Программалық жабдықтауды жасауға қажетті басты ресурс болып адамдар саналады. Бірінші кезекте, әрине жоба мүшелерінің техникалық дағдылары маңызды. Дегенмен сол дағдыларды қажетті уақытта және қажетті орында қолдану керек. Бұл топпен жұмыс жасау мен көшбасшылықты қиыстыруға септігін тигізеді. Құрастырушылар жұмыстарының қызықты болғанын қалайды, өздерін көрсетуге мүмкіндіктер алғысы келеді, олар өздерін басқалардың байқағанын және марапаттағанын қалайды, ұжымжа достық қарым-қатынаста болғылары келеді.

Топтың оңтайлы шамасы: Жобаны орындаушылар тобы мүшелерінің әрқайсысы үнемі байланысуға тура келетін қызметкерлер саны әдетте үштен сегізге дейін болады. Негізінде программист-құрастырушы кіммен болса да жеке қарым-қатынас жасамай-ақ жұмыс істей алады. Бірақ бұлайша оқшаулану құрастырушының өзіне қойылған талаптарды дұрыс түсінбеуіне, ақырында нәтиженің төмен деңгейде болып шығуына әкеліп соғады. Екінші жағынан, егер жоба мүшесі аса үлкен топта жұмыс істесе, әріптестердің әрқайсысымен ұдайы қарым-қатынаста болу дегеніміз әлдекіммен бір аптада екі сағаттай уақыт әңгімелесу дегенді білдіреді. Осылайша егер қызметкер ұжымындағы он адаммен үнемі қарым-қатынаста болатын болса, оның жұмыс уақытының жартысы әңгімелесуге кетеді.

Жоба қатысушыларының бағыныштылығы. Жобалық-бағытталған ұйымдарда жоба қызметкері жоба жетекшісінің алдында есеп береді. Менеджер қызметкердің бастығы болып саналады. Құрастырушы үнемі қандай да бір жобаға бекітілген болады және компания ішіндегі басқа да жобалардың құрастырушыларымен ұйымдық жағынан байланысты болмайды. Оның басымдығы болып билік вертикалінің жеңілдетілуі саналады. Жалпы айтқанда, есеп беру жүйесі жобалық – бағытталған ұйымдарға қарағанда тәжірибеде анағұрлым күрделі және кешенді құрылымға ие. Бұл ұйымдарда матрикалық құрылымның қолданылуы-нан болады. Мұндай құрылым қызметкерлердің функционалды бөлімшелерге жататынын (мысалы, өңдеу бөлімі, сату бөлімі және т.б.) және осы немесе басқа бір жобаға қатысу үшін тура сондай бөлімшелерге бөлінетінін қарастырады. Осылайша өз қарамағындағыларға жауап беретін программисттің басшысы өзіне сәйкес функционалды бөлімшенің мүшесі болып саналады. Дегенмен құрастырушы қатысатын әрбір жобада ол жоба менеджеріне бағынады.


22.Тәуекелдік және оны алдын ала жобалау. Тәуекелдік және анықталмағандық ұғымдары.

Тәуекелдік –жобаның шығысына кері әсер ететін, мүмкін болатын сипаттағы теріс оқиға. Жобаның тәуекелдігі (Р) – жобаның сәтті аяқталуына қауіп төндіретін, күтпеген оқиға. Р жобаға көрсетуі мүмкін оқиға мен әсерді біріктіреді. Р – жобаны өңдеу уақыты мен оның бағасын өзгерту қаупі. Р-ның табиғаты жоба мен оның орындалу ерекшеліктеріне негізделген «сыртқы» және «ішкі» факторлардан туындаған белгісіздікпен байланысты. Тәуекелдікті талдау керек, оны басқару керек, кері жағдайда жобаның уақытында іске аспауы немесе қаржы көлемі немесе функционалды талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін. Тәуекелдікті басқару – негативті тәуекелдік оқиғаларын азайтатын және позитивті оқиғалардың болуын көбейтетін бастамалармен, шешім қабылдау және тәуекелдікті талдаумен байланысты жүйелік үдерістер.

Тәуекелдікті басқару және талдау түрлері:

– Р-ның идентификациясы,

– Р-ны анықтау және жобалау,

– Р-ның сандық бағасы,

– Р-ны басқару және оның мониторингісі. 3 пункт жобаға байланысты Р-ны анықтайды;

– оны ↓-у жолын таңдау немесе оған әсер етуді болдырмау.

Р-ны идентификациялау және оған баға беру жобалауда Р-ның негізгі аймақтарын анықтайды және Р-ның табиғаты жайлы, әсер ету дәрежесі мен олардың байланысы туралы толық мәлімет береді. Бұл ақпарат Р-ны басқару үшін қолданылады.

Тәуекелдік аймақтары:

– қолданушылардың талаптарының сапасы және тұрақтылығы;

– сыртқы интерфейстердің өзгермейтіндігі және сипаттау сапасы;

– барлық ресурстардың бар болуы және сәйкестігі;

– кадрлардың тәжірибесі және біліктілігі;

– қызметкерлердің жауапкершілігін анықтаудағы нақтылық;

– құрушылар үшін жобаның техникалық жаңартылуы;

– құру уақытының орындалу мерзімін қадағалау қатаңдығы. Тәуекелдік Р пайда болғанда оқиғаның болу ықтималдығы мен жобаның бағасының өзгеруін ескере отырып, жоғалту функциясымен сандық байланыста болуы мүмкін. Ықтималдық жалпы жобада немесе оның этаптарында анықталуы мүмкін. Тәуекелдікті алдын ала жобалау – әр тәуекелдікті орындалу ықтималдығы мен оның аяқталу нәтижесі тұрғысынан бағалау.

Жобаның жоспарын құрушы эксперттік баға нәтижесінде келесі төрт түрді анықтайды:

– Тәуекелдіктің ықтималдығын анықтайтын шкаланы анықтайды;

– Нәтижелерін анықтайды;

– Тәуекелдіктің өнімге және жобаға әсерін анықтайды;

– Тәуекелдікті жобалаудағы жалпы дәлдікті анықтайды;

– Тәуекелдіктің ықтималдық бағасының шкаласы сандық, сапалық, бульдік түрде анықталуы мүмкін.

Ең жақсысы – жоғары ықтималды, ықтималды, орташа ықтималды, төмен ықтималды мәндерінен тұратын сапалы ықтималдықтар шкаласы. Сандық бағада – бұрынғы жобалардың статикалық материалдарына негізделген. Тәуекелдік тәуекелдік табиғаты, әрекет ету аймағы, әрекет ету уақыты анықтайтын, жобаға әсер ету дәрежесіне қарай өлшенеді: ПР – бұл оқиға болғанда әсте ықтимал мәселелерді көрсетеді: қолданушының техникалық жабдықтармен нашар анықталған сыртқы интерфейс өзіндік жобалауға және тестілеуге әсер етеді және келесі этаптарда мәселелерді шешуге, программалық өнімді интеграциялауға алып келеді. Тәуекелдіктің әсер ету аймағы жобалауда және оның пайда болуында қаралатын тәуекелдіктің байптылығын және көлемін көрсетеді. Уақыттық фактор – қашан және қанша уақыт тәуекелдіктің әсері анықталады.


23. Жобаларды басқаруға арналған программалық жабдықтауларды бекіту рәсімдері.

Жобаны басқару үшін көптеген арнайы программалық жабдықтаулар (мысалы, Time Line, Microsoft Project, Guide Line, Project Expert, Primavera Project Planner, Open Plan, Spider Project) құрылды. Мұндай жабдықтауларды қолдану жобалаудың стандартын қатаң ұстанатын ұйымдар үшін өте маңызды. Программалық жабдықтаулар жоба жоспарының жалпы картинасын көруге, жобаны орталықтан басқаруға және жобалар мен ресурстар бойынша есеп берулерді алуға мүмкіндік береді. Программалық жабдықтаулар:

– жобаны жоспарлауды жүзеге асыруға, сонымен қатар жобаның күнтізбелік жоспарын ыңғайлы түрде (Гантт диаграммасы, желілік диаграмма, жоба күнтізбесі) беруге;

– жоба ресурстарын басқаруды жүзеге асыруға;

– жоспар тиімділігін бағалауға және жоспарларды оңтайландыруға, сонымен бірге жоспардың әр түрлі нұсқаларымен жұмыс істеуге;жобаның орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді.

MS Project, Primavera Project Planner жүйелері корпоративті жобаларды толықтай басқаруды қолдайды, яғни шешімдерді қабылдау үдерістерін тиімді талдау және оңтайландыру үшін жоба жайлы толық мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Корпоративті жобаларды басқару үдерістерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді, яғни шығындарды азайту, сапасын арттыру және жасалу уақытын қысқарту үшін ресурстарды оңтайландыру қажет. Сонымен қатар, сәйкестендірілген программалық жабдықтау топ мүшелеріне өз жұмысына қатысты деректерді қарап шығудың дамыған мүмкіндігін бере отырып, деректерді бірлесе қолдануды және тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берулерді жіберуді оңтайландырады.

Microsoft компаниясы жобаларды басқарудың МS Project және Project Central деп атайтын екі программалық өнімін шығарады. MS Project жобаларды басқару жүйесінің кең тараған түрі, оның қолданушылары 3 миллионнан асады. Күнтізбелік кестені құрудың барлық функцияларын қолдайды. MS Project негізгі ерекше қасиеттері:

– есеп берудің дамыған жабдығы;

– ресурстар мен жұмыстардың онға дейінгі иерархиясы;

– ресурстар мен жұмыстар үшін есептелінгін аймағы.

Ал Project Central – жобамен топтық жұмыс істеу үшін арналған программалық өнім. Оның көмегімен жобаның топ мүшелері жоба есебіне өз бекітулерін көре алады, әрбір нақты есеп үшін қолданылған уақытты бере алады.

Сондай-ақ, Open Plan Professional – толықтай орыс тілді жүйе, жобаларды басқарудың кәсіби жүйелері ауқымында көшбасшы болып табылады және қамтамасыз етеді:

– барлық кәсіпорындар үшін ашық және масштабты шешімін;

– көп жобалы жоспарлау мен бақылаудың күшті жабдығын;

– географиялық және басқару деңгейіне байланысты жобада жұмыс істеудің көпқолданушылық жабдығын: жобаны басқару функцияларының және стандарттау ортасының, жобаны құрылымдаудың ыңғайлы жабдығы мен нақты қолданушыға байланысты қалыптандыру.

Computer Associates компаниясы жобаларды басқарудың программалық пакеттерінің екі түрін шығарады. Олар: Super Project/Net и Project Planner. Super Project/Net – MS Project Central аналогы. Оның көмегімен команда мүшелері жоба есебіндегі өзінің атқаратын міндетін көре алады, әр нақты есеп үшін нақты жүмыс уақытын енгізе алады. Project Planner – кәсіпорын масштабындағы программалық жабдықтау, ол үдерістерді де, жобаларды да басқаруға арналған. Super Project-пен қосылып, интегрирлеген жобаларды басқару жүйесін құрады.


24. Жобалық топты басқару. Кадрларды стратегиялық басқарудың басты қағидалары.

Жобалар құрылымы жөнінен күрделі және олардың жүзеге асырылуы үдерісіне әртүрлі қызметтер орындайтын көптеген ұйымдар қатысады. Жоба мүшелері арасындағы қызметтерді бөлу әрбір жоба үшін жекелей шешіледі. Жобалық топ – белгілі бір жобаны жүзеге асыру үшін құрылатын уақытша ұжым. Жобалық топтың ұйымдастырушылық құрылымы мен құрылу әдісі әртүрлі факторларға байланысты болады:

– жобаның түрі мен типіне;

– аталған аймақта, қалада, нақты фирмада қабылданған дәстүрлі тәсілдемеге;

– жоба-менеджментіне қатысты мамандандырылған фирманың болуына және т.б.

Жоба тобы әдетте құрылудың бес кезеңінен өтеді: Құрылу. Топ мүшелері мәжбүрлік сезімімен жинақталады. Бұл кезеңдегі топ жұмысының нәтижелілігі орташа. Топ мүшелері біріге жұмыс істеуді бастап, жоба бойынша жұмысқа әртүрлі көзқараста екендіктерін түсінген кездегі қатысушылардың жарамсыздану кезеңі. Бұл топ жұмысының нәтижелілігінің төмендеуінің себебі болатын келіспеушіліктерге, ұрыс-керіске әкеп соқтыруы мүмкін. Топта топтық сезім орнай бастағанда қалыптасу кезеңі басталады. Жоба тобын басқаруды қызметкерді басқарудың ортақ бірлескен жүйесінің бір элементі ретінде қарастыруға болады. Жоба тобын басқару жүйесінің құрылымы келесідей элементтерден тұрады:

– Топтың құрылуы мен дамуы:

– ұйымдық құрылымның қалыптасуы;

– жауаптылық пен өкілеттілік аймағының бекуі;

– жоба менеджері мен әртүрлі басқару орындарына менеджерлердің тағайындалуы;

– топтың ұйымдық дамуы.

– Топ қызметін ұйымдастыру:

– бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру;

– ұйымдық, іскерлік, бірлескен мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы;

– топ байланыстары мен кеңсесінің ұйымдастырылуы;

– шешім қабылаудың ұйымдастырылуы;

– жиналыстардың ұйымдастырылуы;

– келісімдерді ұйымдастыру.

– Топ мүшелерін басқару:

– қызметкерді басқару стратегиясы;

– кадрлық жоспарлау; кадрлар дамуы;

– уәждеме, ынталандыру және сыйақылар беру жүйелері;

– әлеуметтік-психологиялық жұмыс;

– кадрлық есеп;

– жұмыс уақытын басқару. Жоба мүшелерінің құрамы, олардың рөлдері, қызметтері мен жауапкершіліктері жобаның типіне, көлемі мен қиындық деңгейіне, сонымен қатар жұмыс жасау кезінде қатысушылар құрамына, олардың рөлдеріне, жауапкершіліктің бөлінуі өзгеріскер түсетін өмір циклі жоба фазаларына байланысты болады. Жобада жобаны басқаратын менеджер болуы тиіс. Жоба тобы мен функционалды топтары болуы тиіс. Топтың дамуы мен қызметін басқару топтың құрылуы:

– жобаның жүзеге асырылу кезінде топ мүшелерінің рөлі,

– олардың мәртебелері анықталады,

– топтың мақсатына жетуін қамтамасыз ететін формальды емес көшбасшылары аайқындалады.

Топ жұмысының жоспарлануы. Бәрінен бұрын кадрлық жоспарлау – қажетті сандық және сапалық құрамның анықталуы, содан соң жоспарлауға топтың барлық мүшелері қатысады. Жоспардың жасалуына жобаның жасалуы мен жүзеге асуы негіз болады.
25. Бақылаудың мақсаты мен тағайындалуы. Бақылаудың түрлері. Бақылау жүйесіне қойылатын талаптар.

Бақылау – бұл жобалық өлшем мен салыстыруға арналған өлшем арасында айырмашылықты анықтауға, сонымен қатар анықталған ауытқуларды талдауға арналған жүйелі түрде өтетін ақпаратты өңдеу үрдісі. Бақылау келесілерді қамтамасыз етуі керек:

– мониторинг;

– жобаның іске асу мақсатынан ауытқуларды анықтау;

– орын алған жағдайлардың нәтижесін болжау;

– корректірлік әсер етуді қабылдау қажеттілігін негіздеу. Бақылаудың 3 түрі бар: алдын-ала, ағымдағы және қорытынды. Алдын-ала бақылау жобаның іске асуы бойынша нақты жұмыстың басталуымен жүзеге асады және белгілі бір ережелер мен рәсіміды ұстануға бағытталған. Ол өзінің құрамында еңбектік, материалды және қаржылық ресурстарға орнатылған талаптар мен шекті өлшемдерді бақылайды. Ағымдағы бақылау жобаның іске асуы кезінде орындалады. Ол жобада орнатылған бағалық, уақыттық және ресурстық сипаттамаларды қол жеткен нәтижелермен салыстыруға негізделген. Ағымдағы бақылаудың келесі түрлерін ажыратады:

– уақыт;

– бюджет;

– ресурстар;

– сапа.


Қорытынды бақылау жобаның іске асуын толығымен интегралды бағалау үшін жобаның аяқталу стадиясында жүргізіледі. Бақылау жүйесі орындалған жұмыстың сапасын және ресурстарын, бағасын, уақытын басқару бойынша шешім қабылдау мен негіздеу үшін жобаның іске асу күйінің оперативті бағасын қамтамасыз етуі қажет. Бақылау жүйесін құру этапында келесілерді анықтау қажет:Бақылауға жарамды бөлшектенген жұмыстар деңгейі мен құрамы. Алғашқы ақпаратты көрсету формасы мен құрамының көрсеткіші. Алғашқы ақпаратты көрсету мен қосалқы-аналитикалық есептемелер мерзімі. Мәліметтердің толықтығына, сенімділігіне және уақыттылы ұсынылуына жауапты тұлға. Аналитикалық және графикалық есептемелердің технологиясы, әдістері, құрамы. Программа-аналитикалық құралдарды қолданатын кешен. Күнтізбелік жоспар мен ресурстардың шығындарын бақылау үшін оларды құрған кездегі әдістер қолданылады. Олар желілік графиктер, S-қисықтар, матрицалық кестелер. Жобаның іске асуын қалыпқа келтірудің негізгі мақсатының құрамына жобада белгіленген мақсатқа дер кезінде және тиімді түрде қол жеткізуді қамтамасыз ететін, ұйымтастырушылық, технологиялық, экономикалық және техникалық шешімдердің жүзеге асуы және корректировкалануын, жоспарлық мақсаттан ауытқуладың туындауын талдау және анықтау, жұмыстың нақты орындалуын бақылау кіреді. Бақылау жүйесіне деген талаптар жобаның жүзеге асуы басталмай жатып қызығушылық танытқан жақтардың қатысуымен өңделеді және ақпаратты талдау мен шешім қабылдау, есептемелер құрылымы мен мәліметтерді жинауға жауапкершілікті, сонымен қатар талданатын ақпарат құрамын анықтайды.
26.Конфигурациялық басқарудың негізі. Конфигурация объектілерінің идентификациялауы.

Конфигурациялық басқару мәселелері жүйенің басқа элементтеріне де қатысты. Оның компоненттеріне үнемі өзгеріс енгізіліп отырады, себебі жұмыс барысында оның барлық қатысушылары тәжірибе жинақтай береді. Өзгерістер тек жүйені құру кезінде ғана болмайды, сонымен қатар оны пайдаға асыру мен сүйемелдеу кезінде де болып отырады. Өзгерістерді енгізудің қарапайымдылығын және жеңіл қабылдануын, олардың мақұлдануын қамтамасыз ету маңызды, сонымен қатар осы қызметтерді іске асырумен байланысты шығындарды азайту да маңызды. Осы есептерді шешу үшін конфигурациялық басқару қолданылады. Өзара байланысқан элементтер жиынтығы жобаның орындалу үдерісіндегі ақпаратты құрайды, ал жүйенің конфигурациясы – бұл осы үдерістегі ақпаратты сүйемелдеу.

Конфигурация элементтері:

– құжаттар,

– программалар,

– деректер,

– құру ортасының элементтері.

Программаны құрудың алға жылжуы бойынша конфигурацияның элементтерінің санының шамасы мейлінше тез өсіп отырады, себебі әр элемент басқа элементтің пайда болуына әсер етеді. Конфигурацияның элементтеріне өзгерістер енгізу кезінде оның жаңа нұсқалары пайда болады. Конфигурациялық басқару өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін арналған. Программаға өзгерістерді енгізуді бақылау – программалық жабдықтаудың конфигурациялық басқаруының басты есебі. Конфигурациялық басқару – өмірлік айналымның барлық кезеңдерінде орындалатын қызмет.

Конфигурация элементтері конфигурациялық басқарудың рәсіміне бағынады. Рәсімі:

– сәйкестендіру әдістері,

– өмірлік айналымның барлық кезеңдерінде конфигурацияның элементтерін сақтау және өзгертулерді ұйымдастыру.

Рәсімі жүйеленген болуы тиіс, ал осы рәсіміды қолдану қатаң сақталынады және үнемі бақыланады. Конфигурациялық басқару бойынша қызметтер өнімнің конфигурациясын басқару жоспарында беріледі. ISO12207 (1995 жыл) стандартына сәйкес конфигурациялық басқару программалық жабдықтардың өмірлік айналымын қолдайды және мына қызмет түрлерінен тұрады:

– программалық жабдықтардың элементтерінің конфигурациялық сәйкестендірілуі;

– программалық жабдықтардың өзгерісін конфигурациялық бақылау;

– конфигурациялық статусын есепке алу;

– нұсқалардың шығуын және жеткізілімдерді басқару. Негізі: жоба қаралғаннан және тексерілгеннен кейін кейінгі модификацияның негізі бола алады. Конфигурация объектілерін идентификациялау. Конфигурация элементі – деректер, техникалық, программалық жабдықтардың немесе құжаттардың жиынтығы, жобаны құру үдерісі кезінде құрылады және конфигурациялық басқару үдерістерінің бірегей мән-мағынасы ретінде қарастырылады. Конфигурация объектілерінің идентификациясы объектілер арасындағы қатынасты ескеруі тиіс. Объект құрама объектінің бір бөлігі ретінде берілуі мүмкін. Part of қатынасы – объектілер иерархиясын біріктіреді.


27.Жобаның күнтізбелік жоспары.

Жоба мерзімін басқару –жобаның әр есебі үшін уақыт шекарасын анықтау немесе басқаша айтқанда, күнтізбелік жоспарды оңтайландыру және бір қалыпқа келтіру. Күнтізбелік жоспар – бұл басталу және аяқталу күні көрсетілген жобаның барлық жұмыстарының тізімі. Күнтізбелік жоспарды құру қадамдары:

– алдымен жоба жұмыстарын декомпозициялау құрылымы (WBS) қалыптастырылады, яғни жобаны этаптар мен есептердің иерархиялық ағашы түрінде беру;

– содан кейін құрастырушылар командасының мүмкіндіктерін ескере отырып, жобаның әр есебі үшін орындалу мерзімі қойылады.

Жұмыстарды декомпозициялау құрылымы (WBS-work breakdown structure) – бұл күнтізбелік жоспар бойынша және шығындарды бақылау бойынша есеп берулердегі есептерді ұйымдастыруда қолданылатын иерархиялық құрылым. Фаза (фаза, phase) – бұл байланысқан есептер тобы, олардың аяқталуы жобаның маңызды бөлігінің орындалуын білдіреді. Есеп (жұмыс, task) – басы және соңы бар жұмыстар. Жоба жоспары есептерден тұрады. Күнтізбелік жоспарды құру: MS Project программасында есептер тізімін және жұмыстарды декомпозициялау құрылымын құру:

– Есептердің орындалу ұзақтығын және еңбек шығынын бағалау;

– Есептерді орындауда жұмсалатын уақытты анықтау үшін еңбек шығындылық немесе ұзақтық мәні енгізіледі. Байланыстыру (Linking) – жобадағы есептер арасындағы тәуелділікті орнату. Қолданушы есептерді байланыстыру үшін олардың басталу және аяқталу күндері арасындағы байланысты анықтайды. Алдыңғы есеп (Predecessor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталуы немесе аяқталуы тиіс есеп. Кейінгі есеп (Successor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталмайтын немесе аяқталмайтын есеп. Есептер арасындағы байланыстар типтері:

– АБ (аяқталуы-басталуы),

– ББ (басталуы-басталуы),

– АА (аяқталуы-аяқталуы),

– БА (басталуы-аяқталуы).

Гантт диаграммасы күнтізбелік жоспарды көрсету болып табылады. Henry Laurence Gantt (1861-1919) – американдық инженер, ғылыми ұйымның теоретигі. Ленталық диаграммаларды ойлап тапты, бұл диаграммалар кейіннен әйгілі болды. Веха (Milestone) – жобадағы маңызды оқиғаны көрсететін тірек нүктесі және жобаның орындалу барысын бақылау үшін қолданылады.


28. Ақпараттық жүйелерді өңдеу жобалары.

Ақпараттық жүйелердің жобасы дегеніміз қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке немесе алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар және сапалы жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. Сонымен бірге, жоба нақты ұйымдастырушылық құрылымның бар болуымен сипатталады. Анықтама Ақпараттық жүйелерді құру жобасы – шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені. Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады. Көрсеткіштер:

– жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы;

– жұмыстың еңбекөнімділігі;

– жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны;

– құны;


– коммерциялық тәуекелдік;

– өміршеңдік қабілеті;

– бәсекелестік қабілеті;

– қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі.

Жобаның орнықты сипаттамалары:

– жаңалығы;

– заманауилығы;

– кешенділігі;

– жүйелілігі; сенімділігі;

– техникалық жүзеге асуы;

– практикалық жарамдылығы және т.б.

Шектеулер:

– жұмыс көлемінің жеткілікті және соңғы мәндері;

– орындалу мерзімінің жеткілікті және соңғы мәндері;орындалатын жұмыстың құнының соңғы мәні;

– ресурстардың жеткілікті өлшемдері. Мұндай соңғы мәндерді беру шекараларды орнатады, олардың асып кетуі жобамен жұмысты аяқтауға алып келуі мүмкін. Негізінде, кез-келген жобаны құру кезінде мерзімнің өзгеруі, бюджеттік қаржының дұрыс бөлінбеуі болады, себебі ол жаңа, ерекше және т.с.с.

Жоба ресурстары:

– ұйымдастыру құрылымы;

– кадр құрамы;

– бюджет;

– материалды-техникалық база;

– жобаның ақпараттық жабдықтауы.
29.Жобадағы сапаны жоспарлау әдістері мен жабдықтары.

Табыс/шығынды талдау. Нәтижелердiң сапасы кез-келген жоба жетiстiгін қамтамасыз етедi. Дегенмен, сапаны жоспарлағанда жобада табыстар және шығындар арасындағы ымыраластық-тықты сақтау керек, сапаны қамтамасыз ететін альтернативаның пайда шығыстан асады деген аксиоманы сақтауда тапсырыс берушiні қанағаттандыратын түрін таңдау керек. Салыстырмалы талдау. Сапаны жоспарлаудың рәсімін жақсарту үшiн бұрын iстелiнген жобалар тәжiрибесін жоспарлаудың нәтижелерiн нақты орындалған жобалардың деректеріменсалыстыра отырып есепке алу керек. Себептi-тергеулi диаграмма. Басқаша «Исикава» (Ишикава) диаграммасы, «Балық ойынтаcының» диаграммасы немесе «Шырша» диаграммасы деп аталады. Жобадағы болуы мүмкiн өнiм немесе үдерістiң сапасына ықпал ететiн себептердi бейнелеуге көмектеседi. Сапаның қамтамасыз етілуі – жобаның iске асырылуы жүрiсiнiң жүйелi тексерілуi, жоспарлы тексерулер, шолулар және тағы басқалар өткiзу. Жобадағы күй және сапаны қамтамасыз етудi талдау келесi рәсімді қосады:

– талаптармен спецификацияларды жобаның нақты бар нәтижелерiмен салыстыру;

– жобадағы сапаның күйін және өрлеуiн оның өмірлік айналымы бойында талдау;

– сапаның бар нәтижелерінiң бар талаптарға сәйкестiгін тексеру үдерісі;

– ауытқулардың тiзiмiн құрастыру;

– жобада сапаны қамтамасыз ету бойынша қажеттi түзетушi әрекеттерді анықтау;

– аралық қабылдау туралы шешiм;

– объекттердiң бақылауының тiзiмдерiнiң түзету;

– жобада сапаны қамтамасыз ету бойынша түзетушi әрекеттер;

– өзгерiстердi құжаттау.

Сапаны бақылау – жоба бойынша қызметтiң нақты нәтижелерiн зерттеп отыру, стандарттарға және талаптарға сәйкестiктi анықтау. Қойылған рәсімі, ережелер, регламенттер және тағы басқалар қолдануға бақылау. Мұның барлығы арнайы, кең қолданылатын құралдармен әдiстерi – бақылау карталары, тексеру, диаграмма және тағы басқаларды қолданумен iске асады және оның үш моменті бар:

– жүйеге талаптар – бұл сапа өлшенетiн негiз. Қойылған талаптарға сәйкестiктiң жоғалуы - бұл сапаның жоғалуы.

– жиынтықтар орнатқан стандарттар, көрсеткiштер немесе құрастыру критерийлері. Жасалғанөнiмнiң құрастыру тәсiлiн, құжаттауының әдiстерiн орнатады.

– көбiнесе анықталмаған талаптардың (келесi бақылап отырудың тиiмдiлiгі) үлкен жиынтығы немесе жиыны болады.
30. Программалық өнімнің сапасын қамтамасыз ету мәселелері мен жолдары. Программалық өнімнің сапасын қамтамасыз ету әрекеттердің жоспарланатын жиынтығы және бұл жоспардың орындалуы сапалы өнiмнiң жасалуын қамтамасыз етедi. Қызметтiң түрлерi:

– талдаушыға сапалы нәтижелерге жетуге, ал жобалаушыға жоғары сапалы жобаны жасауға мүмкiндiк беретін арнайы әдiстер, құралдардың қолдануы.

– жасалған жұмыс сапан бағалаудың негiзгi аспаптар болып табылған үстiрт техникалық шолуларды өткiзу. Өмірлік айналымның әрбiр кезеңде өнiмнiң кескiнiнiң нақтылы элементтерi дамытылады деп есептелінеді, және олар үстiрт техникалық шолудан өтеді.

– ақпараттық жүйенің программалық құралдарын верификациялау және iскерлiк сараптаудан өткізу.

– сынаудың көп деңгейлi стратегиясын және сынақтық берілгендерді жасаудың сәйкесті әдiстерiн қолдану. Жіберілген қателіктерді анықтау үшін сынақтарды жүргізу.

– бағдарламалардың игерiлген алгоритмдарының дұрыстығының ресми дәлелдерін қолдану;

– ақпараттық жүйе және оны қамтамасыз ететін функцоналды жүйелерді құрастыруды анықтайтын стандарттар мен ресми іс-шараларды күштеп енгізу және құрастыру барысында осы жүйелерді қадағалау.

– бағдарламалық құралдардың конфигурациялық элементтеріне енгізілетін барлық өзгерістерді бақылау. Әрбір өзгеріс осындай әсердің пайда болуының, қателіктердің себебі болып есептеледі.

– сапаны бағалаудың жиынтығын құрастыру және оларды анықтаудың әдістерін құрастырып, пайдалану.

– сапа деңгейін үнемі бақылау мақсатында, өмірлік айналымның барлық деңгейлерінде сапа көрсеткіштерін жүйелі есептеудің мониторингін ұйымдастыру, соның ішінде сапаның ерекшеліктерін есептеу.

– ақпараттық жүйенің өмірлік айналымының фазалар кезеңінде анықталған ақаулықтар туралы барлық ақпараттарды жинақтау және жүйелеу, және олардың пайда болу себептерін сараптау.

– Сапаны қамтамасыз етумен байланысты



– Келісімдер стандарттарының және жүйені құрастырудың бекітілген тәртібінің сақталуын бақылау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет