1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Үстеме шығындар, олардың құрамы, бөлу белгілері



бет40/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

4. Үстеме шығындар, олардың құрамы, бөлу белгілері
Шетелдік кәсіпорындарда шығындарды алғашқы элементтері бойынша жіктеу кезінде оларға шикізатты, материалдарды, отын мен энергияны сатып алу, жұмыскерлердің еңбек ақы шығындарын, негізгі капиталдың амортизациясын, пайыздарды төлеу жөніндегі шығындар мен басқа сыртқы шығындарды жатқызады. Калькуляция баптары бойынша шығындар құрамына мыналар енеді:

  • Материалдар;

  • Еңбек ақы;

  • Ғимаратты жалға алғаны үшін төлем;

  • Амортизация;

  • Басқа шығындар.

Шетелдік кәсіпорындарда шығындарды калькуляциялау кезінде толық емес немесе шектеулі өзіндік құн есепке алынады. Ол тек тура шығындарды, тек айнымалы шығындарды енгізуі мүмкін немесе өндірістік шығындар негізінде есептелуі мүмкін. Өзінің экономикалық мәні бойынша ағымдағы шығындардың бөлігін құрайтын шығындардың басқа түрлері калькуляцияға енгізілмейді, олар түсімнің жалпы сомасының (жалпы пайда) есебінен қайтарылады. «Директ-костинг» жүйесі бойынша немесе тура шығындарды есепке алу жүйесінде толық емес өзіндік құнды есепке алу ерекшелігі осындай.
«Директ-костинг» жүйесіне сәйкес шығындар тұрақты (қалдық және старттық), айнымалы, жалпы және шекті болып бөлінеді. Шекті шығындар дегеніміз өнімнің бір бірлігінің өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруі салдарынан туындайтын өнім бірлігінің өсімі немесе қысқару шығындарының орташа шамасы.
Шетелдік фирмаларда есепті ұйымдастырудың ерекшелігі оның қаржылық және басқарушылық (өндірістік) подсистемаларға бөлінуі болып табылады. Қаржылық есепті жүргізу және сыртқы қаржылық есептілікті құрастыру ережесі мемлекетпен реттеледі. Басқарушылық (өндірістік) есепті ұйымдастыру – фирманың ішкі ісі. Басқару есебінің шетелдік жүйесінің маңызды сипаттамасы шығындарды есепке алудың жеделдігі болып табылады. Осы тұрғыдан шығындарды есепке алу былайша бөлінеді:

  • Нақтылы (өткен, тарихи) шығындарды есепке алу;

  • «стандарт-кост» жүйесі бойынша есепке алу.

«Стандарт-кост» жүйесі еңбек, материал шығындары, үстеме шығындар нормаларын (стандарттарын) әзірлеуді, нормативтік (стандартты) калькуляцияны құрастыруды және нормалардан ауытқуды бөле отырып нақтылы шығындарды есепке алуды енгізеді.
Шетел фирмаларында шығындар мен нәтижелерді есепке алу келесі элементтерден тұрады:

  • Шығындар түрлері бойнша есепке алу;

  • Шығындардың туу орны бойынша есепке алу;

  • Шығындар таратушылары бойынша есепке алу (бұйым бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау);

  • Шығындар таратушылары бойынша нәтижелерді есепке алу;

  • Кезеңдегі нәтижелерді есепке алу.

Осы элементтердің барлығы басқару есебінде шығындар мен нәтижелерді есепке алудың кез-келген формасында қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет