1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары



бет41/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

5. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары
Өзіндік құнды төмендетудің шешуші шарты болып үздіксіз техникалық прогресс қызмет етеді. Жаңа техниканы енгізу, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, технологияны жетілдіру, материалдардың прогрессивті түрлерін енгізу өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің резерві мамандану мен кооперацияланудың кеңеюі болып табылады. Жалпы-ағындық өндірісі бар маманданған кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құны айтарлықтай төмен. Мамандануды дамыту кәсіпорындар арасында неғұрлым ұтымды кооперацияланған байланысты орнатуды талап етеді.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету ең алдымен еңбек өнімділігінің жоғарылауы есебінен қамтамасыз етіледі. Еңбек өнімділігінің өсуімен өнім бірлігіне шаққандағы еңбек шығындары қысқарады, сәйкесінше, өзіндік құн құрылымындағы еңбек ақының үлес салмағы азаяды.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін күресте кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің барлық участоктарында үнемдеу режимін сақтау маңызды мәнге ие. Ол өнім бірлігіне материалдық ресурстар шығындарының азаюынан, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету жөніндегі шығындардың қысқаруынан, ақаудан жоғалтуларды жоюдан көрінеді.
Өнім бірлігі өндірісіне шикізаттар мен материалдар шығындарын төмендетудің негізгі шарты бұйым конструкциясын жақсарту мен өндіріс технологиясын жетілдіру, материалдардың прогрессивті түрлерін пайдалану, материалдық құндылықтарды жұмсаудың техникалық негізделген нормаларын енгізу болып табылады.
Цехтық және жалпы зауыттық шығындарды қысқарту резервтері ең алдымен басқару аппаратын қысқарту мен арзандатудан көрінеді. Көмекші және қосалқы жұмыстарды механикаландыру жөніндегі шараларды жүргізу осы жұмыстарда қамтылған жұмысшылардың санын қысқартуға, сәйкесінше, цехтық және жалпы зауыттық шығындарды үнемдеуге әкеледі. Өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру өнеркәсіптік өндірістегі көмекші және қосалқы жұмысшылардың санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Өзіндік құнды төмендетудің резервтері ақаудан жоғалтулар мен басқа өндірістік емес шығындарды қысқартудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет