5.Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіштері ретінде Сатудан түскен табыс мыналарды сатудан түскен түсімдерден тұрады:
Өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді);
Бағалы қағаздарды;
Сатып алынған тауарларды;
Қаржылық интсрументтерді;
негізгі құралдарды;
Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың тауарларын (қызметтерін, жұмыстарын);
Басқа да мүліктер мен мүліктік құқықтарды.
Сатудан тыс табыстар басқа ұйымдардан үлестік қатысудан; шетел валютасын сатып алу-сату операцияларынан; айыппұлдар және келісімшарт міндеттемелерін бұзғаны үшін санкциялар түрінде; мүлікті жалға беруден; интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқықтарды пайдалануды ұсынудан; займ, несие, банк салымдары келісмшарттары бойынша алынған пайыз түрінде; мүлікті қайта бағалаудан алынған оң айырма түрінде және басқа да негізделген табыстардан қалыптасады.
Кәсіпорын қызметініңнәтижесін сипаттайтын негізгі қорытынды көрсеткіш пайда болып табылады. Егер кәсіпорынның табыстары оның шығыстарынан артық болса, қаржылық нәтиже пайда алғандығын айғақтайды.
Егер өнімді сатудан түскен түсім өзіндік құнға тең болса, онда тек өнім өндіру мен сатуға кеткен шығындар жабылады. Егер шығын түсімнен көп болса, онда кәсіпорын зиян шегеді – теріс қаржылық нәтиже.
Кәсіпорын үшін пайда инвестициялауды ынталандыратын көрсеткіш болып табылады. Пайда нарықтық қатынастар категориясы ретінде келесі функцияларды орындайды:
Кәсіпорын қызметінің нәтижесінде алынған экономикалық эффектіні сипаттайды;
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының негізгі элементі болып табылады;
Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру көзі болып табылады.
Зияндар да белігілі бір роль атқарады. Олар қаражаттарды пайдалану, өндірісті және өнімді өткізуді ұйымдастыру бағытындағы қателерді көрсетеді.
Пайда қаржылық нәтиже ретінде келесі формаларда көрінеді: жалпы, сатудан түскен, салық салынатын, таза.
Кәсіпорын қызметінен тәуелді пайданың өсуінің маңызды факторлары мыналар болып табылады: келісімшарт жағдайларына сәйкес өндірілетін өнім көлемінің өсуі; оның өзіндік құнының төмендеуі; сапаның жоғарылауы; ассортименттің жақсаруы; өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің жоғарылауы; еңбек өнімділігінің өсуі.
Кәсіпорын қызметіне тәуелді емес факторларға мыналар жатады: сатылатын өнімге мемлекеттік реттеу бағаларының өзгеруі; өнімді өндіру және өткізуге табиғи, географиялық, транспорттық және техникалық шарттардың ықпал етуі.
Кәсіпорынның жалпы пайдасы осы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасады.
Жалпы пайда құрамында барлық қызмет түрінен түскен пайда ескеріледі.
Жалпы пайда ең алдымен тауарлық өнімді сатудан түскен пайданы енгізеді. Ол осы өнімді сатудан түскен түсімнің жалпы сомасынан қосылған құн салығын, акциздерді және өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды алып тастау жолымен есептеледі. Осылайша тауарлық өнімді сатудан түскен пайда – жалпы пайданың негізгі бөлігі.
Екіншіден жалпы пайданың құрамына басқа өнімдер мен тауарлық емес сипаттағы қызметтерді сатудан түскен пайда енгізіледі, яғни негізгі кәсіпорынның балансындағы қосалқы ауыл шаруашылығының, автошаруашылықтың және басқа шаруашылықтардың пайдасы (зияны).
Жалпы пайданың құрамына сондай-ақ негізгі қорлар мен басқа да мүліктерді сатудан сатудан түскен пайда енеді.
Соңында жалпы пайда құрамында сатудан тыс табыстар мен шығыстар бейнеленеді.
Пайданың маңызды ролі оны дұрыс есептеудің қажеттілігін анықтайды. Тәжірибеде пайда көрсеткіштерінің жүйесі пайдаланылады: есептік, сараптамалық, бухгалтерлік және салықтық есеп мақсаттары үшін.
Басқарушылық есеп үшін кәсіпорын қызметін жоспарлауда, инвестициялық жобаларды бағалауда пайда кәсіпорын табыстары мен шығыстарының айырмасы ретінде анықталады.
Мысалы, экономикалық пайда – бұл кәсіпорын табысы мен оның экономикалық шығындары арасындағы айырма. это разность между доходом предприятия и его экономическими издержками. Экономические издержки включают явные (бухгалтерские), которые отражаются полностью в бухгалтерском учете предприятия, и неявные (имплицитные) издержки, которые характеризуют альтернативные издержки использования ресурсов предприятия, т.е. не оплачиваемые издержки.
Өнім бірлігінің шекті пайдасы өнім бірлігіне шаққандағы өнім бағасы мен айнымалы шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Өнім бірлігінің есептік таза пайдасы – бұл өнім бағасы мен орташа жалпы шығындар арасындағы айырма.