Байланысты: 1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені
2. Қаржылық жоспарлау Қаржылық жоспар кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының негізінде жасалады. Өз кезегінде қаржылық жоспарды жасақтау өзіндік құн, материалдық және басқа ресурстарды пайдалану жоспарының қалыптасуына ықпал етеді.
Қаржылық жоспарлау ұзақ мерзімді және ағымдағы болуы мүмкін. Қаржылық болжамдар кәсіпорынның дамуының жорамалданатын деңгейін көрсетеді, кәсіпорынның қаржылық ориентирлерін және оның капиталға деген қажеттілігін анықтайды.Ағымдағы қаржылық жоспарлар бір жылға жасалады және тоқсандарға немесе айларға бөлінеді. Ағымдағы жоспар жылдық табысты, пайда мөлшерін, ақша қаражаттарының түсу және жұмсалу тәртібін анықтайды. Қаржылық жоспарды әзірлеу, қаржылық көрсеткіштерді есептеу үшін нормативтік, есептік-сараптамалық, ақшалай тасқындарды ауытқуды бағалау, баланстық әдістер пайдаланылады.
Қаржылық жоспар табыстар мен шығыстар балансы түрінде құрастырылады. Ол ақшалай формадағы шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін, бюджетпен, банктермен, жоғары тұрған ұйымдармен өзара қатынасын бейнелейді. Кәсіпорынның қаржылық жоспары 4 бөлімнен тұрады:
Табыстар мен қаражаттардың түсуі;
Шығыстар мен жарналар;
Несиелік өзара қатынас;
Бюджетпен өзара қатынас.
«Табыстар мен қаражаттардың түсуі» бөлімінде пайда, амортизациялық жарналар түріндегі табыс,кәсіпорынның басқа да ішкі табыстары, сондай-ақ сыртқы көздерден түсетін әртүрлі түсімдер бейнеленеді. Пайда құрамындағы негізгі бөлімді тауарлық өнімді сатудан түскен пайда алады. Кәсіпорынның жалпы баланстық пайдасына басқа өнімдер мен өнеркәсіптік емес сипаттағы қызметтерді сатудан түскен пайда енеді. Амортизациялық жарналады жоспарлау кәсіпорын балансындағы негізгі қорлардың әрбір түрі немесе тобы бойынша іске асырылады. Амортизациялық жарналар сомасы негізгі қорлардың орташа жылдық құнын амортизациялық жарналардың сәйекс нормасына көбейту арқылы анықталады.
«Шығыстар мен жарналар» бөлімінде орталықтанған күрделі салымдар, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар, жеке меншік айналым құралдарының өсіміне жұмсалатын шығындар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты пайдаланудан шегетін зияндар, үйлер мен ғимараттарды ұстауға кететін шығындар, экономикалық ынталандыру қорларының құрылуына аударылатын жарналар, НИОКР-ға, кадрларды дайындауға және жұмыскерлерге сыйақы беруге кететін шығындар, басқа да шығындар мен жарналар қарастырылады.
Қаржылық жоспар бөлімдерінің мазмұнын табыстар мен шығыстардың келесі негізгі статьялары бойынша көрсетуге болады:
1. Табыстар мен қаражаттардың түсуі 1. Өнімді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен пайда.
2. Басқа сатудан түскен пайда (негізгі құралдарды, басқа активтерді).
3. Жоспарланатын сатудан тыс табыстар, сонымен бірге:
Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталында үлестік қатысудан түсетін табыс;
Бағалы қағаздардан алынған табыстар;
Банктердің және басқа қаржы-несие мекемелерінің депозиттік шоттарында ақша қаражаттарын сақтаудан түсетін табыстар;
Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар.
4. Негізгі қорлар мен материалдық емес активтерді толық қалпына келтіруге жіберілетін амортизациялық жарналар.
5. Басқа кәсіпорындардан қаражаттардың түсуі.
2. Шығыстар мен жарналар 1. Пайдадан төленген салықтар (салық түрлері бойынша).
2. Таза пайданы бөлу, сонымен бірге:
Жинақтауға (пайдалану бағыттары бойынша);
Тұтынуға (пайдалану бағыттары бойынша).
3. Ұзақ мерзімді инвестициялау, сонымен бірге:
Амортизациялық жарналар есебінен;
Басқа қаржыландыру көздері есебінен (көздері бойынша).
4. Басқа да шығындар.
Қаржылық жоспар статьяларының толық өзара байланысын қамтамасыз ету және табыстар мен шығыстар балансы есебінің аяқталуы кезінде мемлекеттік бюджетпен түпкілікті өзара қатынасты анықтау үшін тексеруші кесте құрастырылады, онда көлденеңінен қаржыландыру көздері («Табыстар мен түсімдер» бөлімінде бейнеленген), ал тігінен шығындар статьялары(«Шығындар мен жарналар» бөліміндегі) келтіріледі.
Осылайша, кәсіпорынның қаржылық жоспарында кәсіпорынның мемлекетпен, қаржы-несие жүйесімен, басқа кәсіпорындармен қаржылық қатынастар кешені көрініс табады.Қаржылық жоспардың қаншалықты негізделгенінен жіне оның қаншалықты орындалуынан кәсіпорынның жағдайы, қаржылық тұрақтылығы, бюджетке міндетті төлемдерді орындау уақтылығы тәуелді.