Сәйкестік декларациясы – берілген талаптарға сәйкестігін куәландыратын Мемлекеттік сертификаттау жүйесімен енгізілген өндіруші (сатушы, жеткізуші) құжаты. Сәйкестік декларациясы сәйкестік сертификатымен тең құқықтық күшке ие.
Сертификаттау міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін.
Міндетті сертификаттау өнім сапасын объективті бақылау әдісі, сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау құралы болып табылады. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтер тізімі және мемлекеттік басқару ұйымының ұсынысы бойынша мемстандарт дайындаған сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер тізімі ҚР Үкіметімен бекітіледі. Қазіргі уақытта аталған тізімге мыңнан астам өнім атауы мен алты қызмет түрі енеді.
Ерікті сертификаттау өнімдердің, процестердің, қызметтердің өтініші берушімен анықталатын нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін бекіту мақсатында өтініш берушілердің бастамасы бойынша жүргізіледі. Ерікті сертификаттау бәсеке қабілеттіліктің жоғарылауына ықпал етеді.
Сертификаттау нысандары өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер, халық тұтынатын тауарлар, тұрғындарға көрсетілетін қызметтер болуы мүмкін.
5. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі Баға сатушы сатқысы келетін, ал тұтынушы сатып алуға дайын ақша сомасын білдіретін экономикалық категорияны көрсетеді. Баға – тауардың ақшалай құны. Сатып алушы мұнда тауарға өз қажеттілігін , сондай-ақ өзінің төлем қабілеттілігін басшылыққа алады. Тауар өндірушіні тек сатып алушының мінез-құлқы емес, өзінің меншікті пайдасы да алаңдатады.
Баға өнімді сатуды қамтамасыз етуі, тауарды өндіру мен сатуға кеткен барлық шығындарды өтеуі және пайда әкелуі тиіс. Баға бәсекелестік күресте сәттілікті қамтамасыз етуі тиіс.
Баға қалыптастыру – тауарлар мен қызметтерге бағаны құру процесі. Баға қалыптастырудың екі негізгі жүйесі тән: нарықтық баға қалыптасу – сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде қызмет етеді; орталықтанған мемлекеттік баға қалыптасу – бағаларды мемлкеттік органдармен құру.
Баға қалыптасу әдіснамасы – бұл бағалардың құрылымы мен динамикасын қалыптастыру принциптері мен әдістерінің жиынтығы.
Әдістеме – бұл әдіснаманың құрамды элементтері, ол бағ қалыптастырудың бірқатар әдістерін біріктіреді. Әдіснама мен әдістеме бір-бірінен ерекшеленеді, әдіснама негізінде баға қалыптасу стратегиясы әзірленеді, ал әдістеме осы стратегияны іс жүзіне асырудыңнақтылы ұсыныстары мен құралдарын мазмұндайды.
Әдіснаманың маңызды құрамды элементі баға қалыптастыру принциптері болып табылады. Маңызды принциптер мыналар:
бағалардың ғылыми негізделуі;
мақсатты бағытталуы;
баға қалыптастыру процесінің үздіксіздігі;
баға қалыптасу прцесі мен оның сақталуын бақылаудың бірлігі.
Экономикада әрекет ететін барлық бағалар өзара байланысты және бірыңғай жүйені құрайды.
Баға жүйесі – бұл ұлттық және әлемдік нарық қатысушылары арасында қызмет көрсететін және экономикалық қатынастарды реттейтін әрқилы баға түрлерінің бірыңғай, реттелген жиынтығы. Бағаның бірыңғай жүйесінің неғұрлым маңызды және негізгі блоктары мыналар болып табылады:
көтерме бағалар;
сатып алу бағалары;
бөлшек бағалар;
транспорт қызметінің тарифтері.
Баға жүйесін келесі негізгі параметрлер сипаттайды:
Деңгей – ақшалай сомадағы бағаның абсолютті сандық көрінісі;
Құрылым – баға элементтерінің пайыздағы немесе үлестердегі белгілі арақатынасы;
Динамика – баға деңгейінің өзгеруі.
Бағаны келесі топтарға бөлуге болады:
экономикалық айналым және тауарлар қозғалысының буындылық сипатына байланысты баға түрлері:
өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің көтерме бағалары;
ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өнімдеріне көтерме жіберуші бағалар;
құрылыс өнімдеріне бағалар;
транспорттық тарифтер;
айналыс сферасындағы бағалар;
тұрғындарға қызмет бағалары мен тарифтері;
сыртқы сауда айналымына қызмет көрсететін бағалар.
2. Әрекет ету аумағы бойынша бағалардың жіктелуі: ел бойынша бірыңғай және аймақтық;
3. бағаны орнату кезінде мемлекеттің қатысу дәрежесі бойынша жіктелуі.
Пайызда немесе үлес бірліктерде бейнеленген бағаның жекелеген элементтерінің арақатынасы баға құрылымын көрсетеді. Кәсіпорынмен өндірілетін өнімнің баға құрылымын біле отырып, бағада шығын, пайда, салық қандай үлес алатындығын табуға болады. Осының негізінде өзіндік құнды төмендету резервтері анықталады, баға стратегиясы жасалады, берілген сәтке және кәсіпорын мақсатына сәйкес келетін баға қалыптасу әдісі таңдалады.