1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Өнімді стандарттау және сертификациялау



бет48/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

4. Өнімді стандарттау және сертификациялау
Стандарт – нормативтік-техникалық құжат, онда стандарттау нысанына қатысты және танылған органмен бекітілген нормалар, ережелер, талаптар кешені мазмұндалады. Стандарт материалдық заттарға (өнім, зат үлгілері, эталондар), әрқилы сипаттағы нормаларға, ережелерге және талаптарға әзірленуі мүмкін.
Стандарттау – бұл норма-шығармашылық қызмет, ол неғұрлым ұтымды нормаларды тауып, содан соң оларды стандарт, нұсқау, өнімді әзірлеу талаптарының әдістемесі сияқты нормативтік құжаттарда бекітеді. Стандарттау мыналарды қамтамасыз етеді:

  • адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта, мүлік үшін өнімнің, жұмыстың, қызметтің (стандарттау нысандарының) қауіпсіздігі;

  • техникалық және ақпараттық сәйкестік, сондай-ақ өнімнің өзара ауыстырылуы;

  • ғылымның, техника мен технологияның даму деңгейіне сәйкес өнім мен қызметтің сапасы;

  • өлшеудің бірдей болуы;

  • ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу;

  • табиғи және техногендік апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туу тәуекелін есепке ала отырып шаруашылық жүргізуші субъектілердің қауіпсіздігі;

  • елдің қорғаныс қабілеті мен мобилизациялық дайындығы.

Қазақстанның стандарттау жүйесі халықаралық ережелер мен нормаларға, халықаралық тәжірибеге барынша сәйкестендірілген.
Қазақстанда стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңымен бекітілген және келесі категорияларға бөлінеді:

    1. ҚР-ның мемлекеттік стандарттары – ҚР СТ (әрі қарай мемлекеттік стандарттар);

    2. мемлекеттік техника-экономикалық ақпараттар жіктегіштері –ТЭА МЖ;

    3. мемлекетаралық ТМД елдерінің стандарттары – ГОСТ, техника-экономикалық ақпарат классификаторлары, ережелер мен ұсыныстар;

    4. бекітілген тәртіпте қолданылатын халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар, техника-экономикалық ақпарат классификаторлары, ережелер мен ұсыныстар, стандарттау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар;

    5. ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары;

    6. ұсыныстар;

    7. фирмалық стандарттар;

    8. техникалық шарттар.

Стандарттау нысандары, мемлекеттік стандарттар мазмұнына талаптар, олардың таралу облыстары, әркет ету сфералары және енгізу мерзімдері стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен орнатылады.
Сертификаттау – бұл мемлекетпен өкілеттілік берілген үшінші тарап өнім, процесс немесе қызмет берілген талаптарға сәйкес деп жазбаша кепіл беретін процедура. Өнімді сертификаттау дегеніміз өнімнің орнатылған талаптарға сәйкестігін бекіту жөніндегі қызмет.
Өнімді сертификациялық сынақтан өткізу үшін тек аккредиттелген сынақ зертханалары қатысуы керек. Сертификаттау жұмысының нәтижесі – сәйкестік сертификаты. Бұл мемлекеттік сертификаттау жүйесімен берілген өнімнің, жұмыстың, қызметтің техникалық регламентке, стандарттарға немесе басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін растайтын құжат.
ҚР сәйкестік белгісі тек сертификат арқылы ғана емес, сонымен қатар сәйкестік декларациясы арқылы да жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет