1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары



бет46/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

2. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары
Өнім сапасы кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерінің қатарына жатады. Өнім сапасын арттыру кәсіпорынның өміршеңдігі мен сәттілігін, техникалық прогресс қарқынын, өндіріс тиімділігінің өсуін және кәсіпорында пайдаланылатын барлық ресурстардың үнемделуін анықтайды.
Жоғары сапалы өнім шығарудан ұлттық экономика да ұтады, өйткені бұл жағдайда елдің экспорттық потенциалы мен төлем балансының кіріс бөлігі ұлғаяды, мемлекеттің дүниежүзілік қауымдастықтағы беделі артады.
Сапа – бұл өнімнің бағытына сәйкес оның белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын негіздейтін қасиеттердің жиынтығы.
Сапаны қамтамасыз ету дегеніміз өнім сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандырады деген сенімділікті жасау үшін қажетті жоспарлы және жүйелі өткізілетін шаралардың жиынтығы.
Қызмет сапасына қатысты төмендегілерді атауға болады:

  • Компеттенттілік (фирма қызмет көрсету үшін талап етілетін дағдылар мен білімдерді иемденеді);

  • Сенімділік (фирма жұмысының тұрақтылығы);

  • Жауап қайтаруы (жүйе дәстүрлі емес сұранымдарда істен шықпайды);

  • Қол жетімділігі (фирма қызметкерлерімен байланыс жасау жеңілдігі);

  • Коммуникация (клиенттерді дер кезінде хабардар ету);

  • Қауіпсіздік (физикалық және моральдық тәуекелден қорғау);

  • Сенім (фирма репутациясы).

Өнім сапасы оны анықтайтын қасиеттерді сандық өлшеу негізінде бағаланады. Қазіргі кезде сапаның сәйкес көрсеткіштерін беретін келесі он топ бойынша жіктеу кең таралған.

  • Бағытталу көрсеткіштері өнімді бағыты бойынша пайдаланудан көретін пайдалы эффектінің негізгі функционалдық шамасын сипаттайды және өнімді қолдану облысын негіздейді. Өндірістік-техникалық бағыттағы өнім үшін мұндай көрсеткіш ретінде оның өнімділігі қызмет етуі мүмкін.

  • Сенімділік көрсеткіштері уақытта орнатылған мәндер аясында нысанның баолық параметрлері мен функцияларын сақтау қасиетін сипаттайды. Нысанның сенімділігі төрт көрсеткішті енгізеді: бас тартпауы, ұзақ мерзімділігі, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы.

  • Технологиялылық көрсеткіштері бұйымды дайындау мен жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін констркторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды.

  • Стандарттау және унификация көрсеткіштері өнімнің стандартты, унификацияланған және оригиналды құрамды бөліктермен қанығуын, сондай-ақ басқа бұйымдармен салыстырғанда унификация деңгейін сипаттайды. Бұйымның барлық детальдары стандартты, унификацияланған және оригиналды болып бөлінеді.

  • Эргономикалық көрсеткіштер адамның бұйыммен өзара әрекетін, оның адамның бұйымды пайдалану кезінде көрінетін гигиеналық, антропометрикалық , физиологиялық және психологиялық қасиеттеріне сәйкестігін бейнелейді.

  • Эстетикалық көрсеткіштер бұйымның ақпараттық көрнекілігін, формасының ұтымдылығын, композициясының тұтастығын, тауарлық түрінің тұрақтылығын сипаттайды.

  • Транспортабелділік көрсеткіштері бұйымның қасиеттерін бұзбай-ақ әрқилы транспортпен тасымалдауға бейімделуін көрсетеді.

  • Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік қорғалуы мен патенттік тазалығыны сипаттайды және бәсекеқабілеттілікті анықтауда маңызды фактор болып табылады.

  • Экологиялық көрсеткіштер – бұл өнімді пайдалану немесе тұтыну, сақтау кезінде туындайтын қоршаған ортаға зиянды ықпалдарының дәрежесі.

  • Қауіпсіздік көрсеткіштері бұйымды пайдалану мен сақтаудағы қауіпсіздік дәрежесін анықтайды, яғни өнімді монтаждау, қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, тасымалдау, тұтыну кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Аталған көрсеткіштер жиынтығы өнім сапасын қалыптастырады.
Өнім сапасы көрсеткіштерінің сандық мәні мына әдістермен анықталады:

  • Эксперименталды. Ол техникалық құралдарды қолдануға сүйенеді және өнім сапасын неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік береді;

  • Органолептикалық. Бұл әдіс баллдық жүйе бойынша сезім органдарының көмегімен өнім сапасын анықтауға мүмкіндік береді;

  • Әлеуметтік.Ол есеп мәліметтерін пайдалануға және өнім тұтынушыларын талдауға негізделеді;

  • Сараптамалық бағалау. Бұл әдіс берілген өнім түрлерін мамандармен сандық бағалауға сүйенеді.

Өнім сапасы кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің біріккен әрекетімен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты олардың жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет