1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері



бет43/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

2. Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері
Кәсіпорынның, цехтың, участоктың өндірістік қуаты – бұл оларға бекітілген еңбек құралдарының белгілі бір датада өндірістің мамандануына, жұмыс режиміне сәйкес максимальды өнім шығару қабілеті.
Өндірістік қуат өнім шығару көлемі жоспарланған натуралдық бірліктерде есептеледі. Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы айырма кәсіпорын резервін көрсетеді, яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуаттың пайдалану дәрежесін көрсетеді. «Өндірістік қуат» терминімен қатар «өткізу қабілеті» термині қолданылады. Ол жабдық, станок, агрегат, ағымдық линия, станоктар тобы жұмысына қатысты максимальды өнім шығаруды сипаттайды. Жабдықтың өткізу қабілеті онкүндікке, тәулікке, сменаға, сағатқа, ал өндірістің құрылымдық бірліктерінің өндірістік қуаты жылға есептеледі.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін келесі бастапқы мәліметтер пайдаланылады:

  1. Жабдықтардың саны, құрамы, техникалық жағдайы және өндірістік аумақтар туралы мәліметтер. Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеуге негізгі өндірістің барлық қолда бар жабдықтары енгізіледі.

  2. Жабдықтар өнімділігі мен шығарылатын өнімнің еңбек сиымдылығының техникалық нормалары.

  3. Жабдықтар жұмысының уақыт қоры және кәсіпорын жұмысының режимі.

  4. Шығарылатын өнім номенклатурасы және бағдарламадағы олардың сандық арақатынасы.




Сурет 6. Өндірістік қуатты есептеуге арналған көрсеткіштер

Кәсіпорынның өндірістік қуаты негізгі өндірістік бірліктердің қуаты бойынша есептеледі: цехтар, участоктар. Цехтар мен участоктардың өндірістік қуаты негізгі технологиялық жабдықтардың қуаты бойынша есептеледі.


Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу оның барлық өндірістік бөлімшелері бойынша есептеледі.
Участоктың, цехтың, заводтың өндірістік қуатын есептеу әдісі көбінесе өндіріс типімен анықталады. Сериялық және бірлік өндіріс заводтарында есептеу жабдықтар топтары мен өндірістік бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Өндірістік қуатты анықтау әдетте агрегаттардың немесе жабдықтар топтарының өткізу қабілетін есептеуден басталады.
Бір типті заттай маманданған жабдықтармен жарақталған цехтың, участоктың өндірістік қуаты мына формула бойынша анықталады:
Мrч х Фпл х Н
Мұндағы, Пчжабдықтың сағаттық өнімділігі;
Фпл – жабдық бірлігі жұмысының жоспарлы (тиімді) жылдық уақыт қоры, сағат;
Н – қуатты есептеуде ескерілген жабдықтың осы түрінің орташа жылдық паркі.
Кезеңдік әрекет ететін (химиялық агрегаттар, автоклавтар) агрегаттардың өндірістік қуаты мына формула бойынша анықталады:
Мr= Вм х (Фпл/t ц.п) х КВГ
Мұндағы Вм – шикі материалдардың салмағы;
КВГ – шикі материалдардан дайын өнімнің шығу коэффициенті;
Фпл – жабдықтар жұмысының жылдық жоспарлы уақыт қоры, сағат;
Tц.пл – шикізатты өңдеу циклының ұзақтығы, сағат.
Жаппай және ірі сериялық өндіріс цехтарының өндірістік қуаты жоспарлы уақыт қорынан, ырғағынан және конвейер жұмысынан шыға отырып анықталады:
Мr= Фпл/t
Мұндағы, Фпл – конвейер жұмысының жоспарлы уақыт қоры, минут;
t – конвейерден дайын бұйымдардың түсу тактысы, минут.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеуде басты цехтардың өндірістік қуатын есептеумен қатар тар жерлерді табу және оларды жою мақсатында басқа цехтар мен қызметтердің жабдықтарының қуатын анықтау қажет. Негізгі және көмекші өндіріс цехтарының, участоктарының, агрегаттарының өткізу қабілеті кәсіпорынның өндірістік қуаты орнатылған басты буынның қуатына сәйкес келмесе «тар жер» деп аталады.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалану дәрежесі қуатты пайдалану коэффициентімен анықталады:
Ки.м = Офакт/ Мср.г
Мұндағы, Мср.г – орташа жылдық өндірістік қуат;
Офакт - өнім шығарудың нақтылы көлемі.
Ену, шығу, жобалық және орташа жылдық өндірістік қуатты ажыратады.
Ену қуаты дегеніміз ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы немесе алдыңғы кезеңнің нақтылы датасындағы кәсіпорынның, цехтың, участоктың өндірістік қуаты.
Шығу қуаты дегеніміз жоспарлы кезең соңындағы кәсіпорынның, цехтың, участоктың өндірістік қуаты:
Мк=Мн + Мс + Мр + Мп + Миз – Мв
Мұндағы, Мн – кезең басындағы өндірістік қуат;
Мс – құрылыс нәтижесінде қуатты енгізу;
Мр – кәсіпорын реконструкциясы салдарынан қуат өсімі;
Мп – техникалық қайта қарулану мен басқа шаралар нәтижесінде қуаттың ұлғаюы;
Миз - өнім номенклатурасы өзгеруі салдарынан қуаттың ұлғаюы немесе азаюы;
Мв – жабдықтардың шығуы салдарынан қуаттың азаюы.
Қуаты енгізілген, бірақ игерілмеген кәсіпорындар бойынша өндірістік қуат ретінде іске қосылған жобалық қуат қабылданады.
Орташа жылдық қуат – бұл орта есеппен есепті кезеңде немесе жылда кәсіпорын иелігінде болатын қуат, ол баланстық әдіспен анықталады:

Мгод = Мн + Σ (Мвв х Чвв) /12 – Σ (Мв х Чв)/12


Мұндағы Мн – кезең басындағы өндірістік қуат;
Мвв – жыл бойы іске қосылған өндірістік қуаттар;
Чвв - өндірістік қуат іске енгізілген айлар саны;
Мв – жыл ішінде істен шыққан өндірістік қуаттар;
Чв – жыл аяғына дейін өндірістік қуат істен шыққан сәттен бастап айлар саны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет