Тесті сұрақтар Меншік түріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағыттталған ынталы қызметі – ол
Тесті сұрақтар 1. Меншік түріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағыттталған ынталы қызметі – ол: A) бизнес
B) кәсіпкерлік
C) кәсіпкерлік қызмет
D) тәуекел
E) экономикалық қызмет
2. Қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік түрі: А)өндірістік кәсіпкерлік
B)орта кәсіпкерлік
C) ірі кәсіпкерлік
D) шағын кәсіпкерлік
E) коммерциялық кәсіпкерлік
3. Дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субъектісі бола алмайды: A) шағын бизнестің
B) ірі бизнестің
C) орта бизнестің
D) консалтингтік бизнестің
E) сауда бизнесінің
4. Орта кәсіпкерлік үшін активтерінің орташа жылдық құны келесі шамадан аспауы қажет: A) 250 000 айлық есептік көрсеткіштен
B) 325 000 айлық есептік көрсеткіштен
C) 225 000 айлық есептік көрсеткіштен
D) 60 000 айлық есептік көрсеткіштен
E) 225 000 айлық есептік көрсеткіштен
5. Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді: A) мемлекеттік жәнне мемлекеттік емес кәсіпкерлік
B) жеке және біріккен
C) ерлі-зайыптылар,отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік
D) шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар
E) өзіндік және бірлескен
6. Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып,тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық қызмет – бұл: A) бірлескен кәсіпкерлік
B) отбасылық кәсіпкерлік
C) дара кәсіпкерлік
D) жай серіктестік
E) шаруашылық серіктестік
7. Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда жүзеге асырыла алады: A) жеке және өзіндік кәсіпкерлік
B) өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік
C) жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік
D) ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік
E) ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі және өзіндік кәсіпкерлік
8. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым – ол: A) корпорация
B) өндірістік кооператив
C) акционерлік қоғам
D) шаруашылық серіктестік
E) дара кәсіпкерлік
9. Дара кәсіпкерге лицензия берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы: A) әділет органы
B) ҚР Парламенті
C) салық органы
D) жергілікті атқару органы
E) ҚР Үкіметі
10. Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік: A сенім (коммандитті) серіктестік
B) толық серіктестік
C) жауапкершілігі шектеулі серіктестік
D) қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі
E) жай серіктестік