1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі



бет47/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

3. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі
Қазақстандық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен анықтала бастады. Қазіргі даму тенденциялары кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін жасауды қарастырады.
Сапа жүйесінің компоненттерінің бірі технологиялық процестердің дамуы мен технологиялық жабдықтарға талаптарды анықтайтын өнім сапасы болып табылады. Сондықтан кәсіпорындарда бәсеке қабілеттілікт арттыру құралы ретінде сапа жүйесін жасау отандық кәсіпорындардың ішкі рыноктағы позициясын күшейтуге, әлемдік нарыққа шығу перспективасымен тауарлар мен қызметтердіңбазалық деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.
Сапаны басқару жүйесі кәсіпорынның нақтылы қызметі мен ИСО 9000 сериясындағы Халықаралық стандарттарда келтірілген сәйкес элементтерді есепке ала отырып әзірленуі тиіс.
Өнім сапасын басқару жүйелі іске асырылуы тиіс, яғни кәсіпорында сапаны басқару үшін қажетті жауапкершілікті, процедуралар мен ресурстарды бөліп отыратын ұйымдық құрылымды көрсететін өнім сапасын басқару жүйесі әрекет етуі тиіс. Өнім сапасын басқару жөніндегі халықаралық тәжірибеге сәйкес кәсіпорында сапа облысындағы саясат, өнім сапасын қамтамасыз етуді, жоғарылатуды және басқаруды енгізетін тікелей сапа жүйесі бөлінеді.

Сурет 1. Өнім сапасын басқару сызбасы

Сапа облысындағы саясат – бұл жоғары басшылықпен ресми қалыптастырылған ұйымның сапа облысындағы негізгі бағыттары мен мақсаттары. Ол әрбір жұмыскердің қызметін қамтитындай және кәсіпорын ұжымын қойылған мақсаттарға жетуге бағыттайтындай етіп қалыптасады. Кәсіпорын басшылығымен сапа облысындағы саясатты қалыптастыру және құжаттық рәсімдеу сапа жүйесін жасауда алғашқы акт болып табылады. Сапа жүйесі – бұл сапаға жалпы басшылықты жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдық құрылымның, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
«Сапа ілгіші» - қажеттіліктерді анықтаудан бастап оларды қанағаттандыруды бағалауға дейінгі әрқилы сатыларда сапаға ықпал ететін өзара тәуелді қызмет түрлерінің концептуалдық моделі. Сапа жүйесі кәсіпорынның нақтылы қызметін есепке ала отырыпәзірленеді, алайда кез-келген жағдайда ол «сапа ілгішінің» немесе өнімнің өмірлік циклының барлық сатыларын қамтуы тиіс:

  1. маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу;

  2. техникалық талаптарды жобалау жобалау мен әзірлеу, өнімді әзірлеу;

  3. материалдық-техникалық жабдықтау;

  4. өндірістік процестерді дайындау мен әзірлеу;

  5. өндіріс;

  6. бақылау, сынақтар мен зерттеулерді жүргізу;

  7. орамалау мен сақтау;

  8. өнімді өткізу мен бөлу;

  9. монтаж және пайдалану;

  10. техникалық көмек және қызмет көрсету;

  11. бұйымды пайдаланғаннан кейінгі утилизация.

«Сапа ілгіші» сатыларына ықпал ету сипаты бойынша сапа жүйесінде үш бағыт бөлінуі мүмкін: сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару және сапаны жоғарылату. Сапаны қамтамасыз ету – сапа жүйесі аясында барлық жоспарланатын және жүйелі іске асырылатын қызмет түрлері, сондай-ақ нысан сапаға қойылатын талаптарды орындайды деген сенімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша түрлері ( егер бұл талап етілсе). Сапаны басқару – сапа жөніндегі талаптарды орындау үшін пайдаланылатын оперативті сипаттағы қызмет түрлері мен әдістері. Сапаны басқару процестерді басқаруға, сондай-ақ экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін «сапа ілгішінің» барлық сатыларында қанағаттанғысыз қызмет ету себептерін жоюға бағытталған оперативті сипаттағы қызмет әдістері мен түрлерін енгізеді. Сапаны жоғарылату – ұйым үшін де, оның тұтынушылары үшін де тиімділік алу мақсатында қызмет тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін жүргізілетін шаралар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет