Ақмола облысындағы «Тиолайн» ЖШС жұмысшыларының қауіпсіздігін инновациялық технологиямен жоғарылату және зерттеу
Қазіргі уақыт жоғары технологиялардың қарыштап дамыған дәуірімен тұспа-тұс келді. Бұл қарқынды үрдісті біз еңбек жағдайын жақсартуға көмектесетін жаңа технологиялық құралдардың пайда болуынан көріп отырмыз. Мәселен осыдан 5-10 жыл бұрын ұйым басшылары осындай технологияларды жеке кәсіптегі қызметкерлерін қорғау саласына енгізуге аса күмәнмен қарады. Олар бұрыннан пайдаланып келіп, тұрақты нәтиже беріп отырған дәстүрлі, тексерілген технологияларға көбірек сенді. Бірақ қазіргі жаңа инновациялық технологиялардың санының артуынан, біз жеке мүмкіншіліктеріміздің де артқанын көреміз. Оған мысал бүгінгі тиімді техникалық және ұйымдастырушылық әзірлемелерді айтуға болады. Шын мәнінде, олар ұйымдарда табысты ететін инновацияның мықты көзі болып табылады. Сөйтіп біртіндеп, еңбекті қорғау саласындағы инновациялар ұйым қызметкерлерінің кәсіби қызметіне, қауіпсіздігіне жаңа технологияларды енгізді. алайда инновациялар мен жаңа технологиялар, өз кезегінде, оларды пайдалануға байланысты кәсіби тәуекелдерді тудырды, соған сәйкес әр кәсіпорын оларға төтеп бере алуы тиіс болды. Қызметкерлерге де түсетін жүктің көлемі ұлғайды.
Жұмысшылардың қауіпсіздігі – заманауи мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды элементі болып табылады. Еңбек жағдайына қатысты заңдарды ұстанбаса, сондай-ақ кәсіпорындарда өз қызметкерлерінің қауіпсіз жағдайларын толық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жаңғыртусыз бизнесті тиімді дамыту мүмкін емес. Себебі іске жарамды жұмыскерлерсіз ешқайндай өндіріс алға баспайды. Қазіргі таңда техникалық процесс шығарылатын тауарлардың ассортименттерін ұлғайтуды талап етеді. Соның салдарынан кәсіпорындарда технологиялық процесстегі персоналдың денсаулығына зиян келтіретін заттар қолданылып жатады. Бұл қауіпсіздікке тікелей 1949 жылы құрылған БҰҰ-ның Халықаралық еңбек ұйымы жауап береді екен. ХЕҰ-ның ақпаратына сүйенсек, жыл сайын жұмыс орнында орын алатын оқыс оқиғалардың нәтижесінде 2,3 млн адам көз жұмады немесе күніне 6000 адам жұмыс барысында түрлі ауруларға душар болатыны анықталды. Ал өндіріс орындарында 340 млн оқыс оқиға тіркелсе, кәсіби ауруларға ұшыраған 160 млн-ы құрбан етеді. Ал бұндай қайғылы оқиғаларға тап болған жұмысшыларына емделу курсына деп берілетін өтемақы көлемі 4%-ды ғана құраған. Осыдан өз алдына акционер қоғам, жауапкершілігі шектелі серіктес болып отырған бірнеше фирмалар, компаниялар, ұйымдардың алдыңда үлкен міндет тұрды. Ол – осындай жағдайларды тудырмас үшін инновациялық технологиялардың көмегімен жұмысшыларының қауіпсіздігіне кепілдік беру.
Мұндай жеке кәсіпорындардың арасында «Тиолайн» ЖШС-гі де бар. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «Обуховское» кен орнында қатты пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен айналысатын кәсіпорындардың бірі болып табылады. ол 2006 жылы Обухов титан - цирконий құмының кен орнын игеруге байланысты инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті. Жоба тау-кен байыту комбинатын салуды, ұжымдық концентрат алумен титан-цирконий құмдарын бастапқы байытуды көздейді. Обухов кен орнының қуаты 40 мың текше метр титан-цирконий рудасын өндіру және қайта өңдеу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс 2007 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылды. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында «Тиолайн» ЖШС әлеуметтік саланы дамытуға кемінде 4 млн АҚШ долларын жұмсап, 250-ден 500-ге дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлады. Қазіргі уақытта «Тиолайн» ЖШС жұмысшыларының саны вахталық әдіспен жұмыс істейтін 150 адамды және пайдалы қазбаларды өндіруде жұмыс істейтін 95 мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін құрайды. Осындай көрсеткіштерді сараптай келе, кәсіпорынға қатысты келесідей мәселелер туындады. Оның біріншісі - «Тиолайн» ЖШС кәсіби кадрларға зәру. Бұдан келесі сұрақ шығады, егер кадрлар санын көбейтетін болсақ, онда кәсіпорын олардың жеке бастарының қауіпсіздігіне қаншалық жауапкершілікпен қарамақ және бұл үшін қандай іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Әрине бұл жерде компанияның өз қызметкерлерін қолдап отырған тұстарын да айта кеткен жөн. Мысалы, кадрлық мәселені шешу үшін басқа да мекемелермен екіжақты тиімді келісімшартқа отыру болды. Сөйтіп Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің басшылығының ұсынысымен тау-кен өндірісі және байыту мамандарын дайындау бойынша бірлескен ынтымақтастық келісімшарты жасалды. Меморандумға сәйкес, кәсіпорын «тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша студенттердің оқуын бірінші курстан бастап оқуды аяқтағанға дейін төлеуге міндеттенеді. Бұл ретте «Тиолайн» ЖШС өз бетімен стипендия төлейді, үздік үлгерімі үшін оны бірнеше есе арттыру көзделген. Бұны компанияның қарқынды дамуы үшін қолданып отырған маркетингтік құралдарының бірі деп білуіміз қажет. Бірақ қызметкерлердің саны артқан сайын, олардың қауіпсіздігіне деген сұраныс да жоғарылайды деген сөз емес пе?! Сондықтан компания бірінші кезекте еңбек жағдайында қызмет етушілерге қатысты заңнаманы жаңартулары тиіс. Ол бәрінен бұрын жеке мүддесін емес, өз жұмыскерлерінің амандығын ойлауы қажет. Бұл орайда шетелдік тәжірибелерге жан-жақты жүгініп, экономика және өнеркәсіптік салаларындағы тың өзгерістерді байқап, оны кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай бейімдеуі керек. Мұнда өндірістегі көш бастаған Англия, Канада, Жапония, Қытай, БАӘ, Австралия сынды мемлекеттердің бағыттарын талдап, олардан үлгі алу қажет. Мәселен, Австралияда инженерлі-техникалық жұмысшыларының айлықтарына үстемелеп мемлекеттен көлемді сумма төленеді екен.
Бүгінгі инновациялық технологиялар арқылы әр жұмысшының денсаулығын қадағалауға мүмкіндік беретін онлайн картотека ашқан жөн. Ол үшін «Медициналық тексерудің электронды жүйесін» құруға болады. Бұның көмегімен әр қызметкерді жеке бақылай аламыз. Сондай-ақ бұл жаңа инновацияны енгізу арқылы біз қандай мүмкіндіктер аламыз дегенге тоқталсақ. Олар: медициналық өлшемдерді жүргізу негізінде қызметкердің жұмысқа дайындығын бағалау; медициналық тексерулердің электрондық журналына жұмысқа жіберу/жібермеу туралы қорытындыны жазу; медициналық қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасынан кейін құжаттарды басып шығару (жол парағы, дәрігерге жіберу және т. б.); медициналық қорытындыға байланысты жұмыс аймағына кіруді бақылау. Бұл таптырмас жүйе «Тиолайн» ЖШС жұмыскерлерін барынша қадағалап отыруға зор көмек береді.
Жұмысшылардың қауіпсіздігін инновациялық технологиялардың көмегімен жоғарылатудың тағы бір тиімді әдістерінің бірі – жеке бағдарламалық аудио-видео кешенін пайдалану. Мұнда арнайы бейне нұсқаулар салынып, онда қызметкер өзін-өзі дайындау режимінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің барлық бағыттары бойынша білімдерді игере және тексеруден өте алады. Айқын мысал ретінде Ресейдің өндіріс саласында қолданылып келе жатқан «Олимпокс» жүйесін айтуға болады. Мәселен бұл қауіпсіздік курсы бірнеше тақырыптардан тұрады. Онда кенет эксплуатация(басқа жаққа көшіру) жағдайында не істеу қажет, өндірісте оқыс оқиға болғанда бірінші медициналық көмекті қалай көрсеткен жөн, техникалық қауіпті аппараттармен жұмыс істеу барысындағы ережелер дұрыс ұстану сынды сұрақтар қарастырылған. Сол сында егер «Тиолайн» компаниясында да бұл жаңа технологияны енгізетін болсақ, бұл бірнеше жылдан кейін еліміздегі табысты қолданылып, қызметкерлерді оқытудың тиімділігін арттыратын болады.
Қазіргі таңда жоғары технологиялар кез келген өндіріс саласы үшін арнайы қауіпсіздік материалдарын шығарып жатыр. Кейбір ұйымдарда инновациялық композиттік материалдары бар қорғаныш аяқ киімі қолданылуда. Бұл аяқ киімді пайдаланған кезде аяққа қысым түспейді, бұл жұмыс істеушінің аяғының шаршауын болдырмайды, ал ең бастысы - соққы кезінде аяқ басының зақымданбауынан қорғайды. Сондай-ақ, қорғаныс аяқ киімін аяқ киімге ұқсас қорғаныш қасиеттері бар кроссовкалар түрінде шығара бастады. Арнайы киім көптеген зиянды өндірістік факторлардан сенімді қорғайтын инновациялық полиэфирлі материалдан жасалып шығарылып жатыр. Бұл да жұмыскерлердің қауіпсіздігі үшін аса маңызды көмек болып табылады. Сондай-ақ егер компания жұмысшыларына жекелей дайындалған түрлі сүзгілер, дем алу және дем шығару клапандары бар арнайы маскалармен және жартылай маскалармен қамтамасыз етсе, кәсіпорынның беделі артады. Қорғау құралдары нарығында құлаудан қорғау үшін инновациялық шешімдер – тік және көлденең анкерлік жүйелер пайда болды. Олар қызметкерлерге сенімділік пен қауіпсіздік сезімімен ең күрделі және қауіпті жұмысты орындауға мүмкіндік береді. Тұрақты жүйелердің ұзақ қызмет мерзімі бар, пайдаланушы үшін ыңғайлы және жұмыс уақытының шығындарын ескере отырып, экономикалық тұрғыдан тиімді. Ал сақтандыру арқандары жаңа бұғаттау құрылғыларымен біртіндеп ығыстырылады, олардың жұмыс істеу принципі автомобильдегі қауіпсіздік белбеулеріне ұқсайды. Біртіндеп созылғанда, құрылғының арқандары ұзарады, ал кенеттен (мысалы, құлағанда) – құрылғы бұғатталады.
«Тиолайн» ЖШС жұмысшыларының қауіпсіздігін сақтау үшін келесідей шешімді қарастырып көруіне болады. Мысалы, еңбекті қорғауға озық көзқарасы бар ұйымдарда қызметкердің қорғау құралдарын пайдаланбайтынын хабарлайтын сигналдық хабарлағыштар түрінде еңбек қауіпсіздігінің жаңа технологиялары пайда бола бастады. Мұндай жүйелер жарақаттанудың алдын алуға, адамдардың қаза болуын болдырмауға көмектеседі. Егер қызметкер қорғаныш каскасын түсіріп алса, онда қауіпсіздікке жауапты маманға бірдей сигнал келіп, оны оқиға туралы хабардар етеді. Бұл да маңызды инновациялық құралдардың бірі болмақ.
Міне, біз қатты пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен айналысатын «Тиолайн» ЖШС-ын қарастырып, ондағы жұмыс істейтін қызметкелердің жеке басының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады деген сұраққа жауап іздеуге тырыстық. Ол үшін шетелдік тәжірибелерге жүгініп, салыстырма болсын деп мысалдар да келтірдік. Тағы айтып өтсек, жұмысшылардың қауіпсіздігі әрдайым заманауи мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды элементі болып қалмақ. Сондықтан жоғары инновациялық технологияларды жан-жақты тиімді пайдалану қажет. Ол турасында қызметкерлердің қауіпсіздігі саласында қалай қолдану жайлы жоғарыда бірнеше шешімдерді, ұсыныстарды келтіріп өттік. Бастысы, «Тиолайн» компаниясының жұмыс барысында болатын техникалық ақауларға, оқыс оқиғаларға жол бермей соларды ұстану.
Достарыңызбен бөлісу: |