Қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы



Дата23.05.2020
өлшемі39,66 Kb.
#70809
Байланысты:
сканер құрылғысы лекция и тест


Сканер - қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы.

Сканер құжаттан шыққан сәулені қабылдап, олардан сандық сигналдар құрастырады және қабылданған бейнелерді компьютерлік өңдеуге жарамды графикалық пішімге түрлендіреді. Ол қағаз түріндегі ақпараттың оптикалық көшірмесін алады.




Сканердің түрлері: қолмен басқарылатын, парақтық, планшеттік. Қолмен басқарылатын сканерді ұстап, оны парақтың үстімен жүргізіп өтеді. Оның кемшілігі: сканерді парақтың үстімен біркелкі жүргізіп өту керек. Парақтық сканер тек бір ғана парақты сканерлеуге арналған. Кітапты парақтық сканермен сканерлеу үшін оның әрбір парағын жеке-жеке сөгіп алып, сканерлейді. Планшеттік сканердің қызметі ксерокстік аппараттардың қызметіне ұқсас. Парақты немесе кітапты шынының үстіне қойып, сканер қақпағын жауып, сканерлейді. Планшеттік сканерлер өте ыңғайлы. Сканерленген парақ мәтінін айырып тану үшін арнайы программалар Fine Reader немесе Cunei Form қолданылады.
Егер принтерлер компьютерден ақпаратты қағаз бетіне шығарса, ал сканерлер қағаз бетіндегі мәтінді және  бейнелерді компьютерге енгізеді.

ATIZ   кітапті оқитын кітаптық сканер  жасап шығарды.  



Үй тапсырмасы:

1.Ақпаратты жинау сақтау түрлендіру, тасымалдау және оны орындау заңдылықтарымен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән қалай аталады?

А) Информатика

Ә) Математика

Б) Физика

2.Ақпараттың көлемін өлшейтін негізгі өлшем бірлігі

А) см

Ә) ГЦ


Б) байт

3.Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны…

А) Компьютер

Ә) Файл


Б) монитор

4.Мәтіндік және графикалық ақпаратты көрсететін құрылғы

А) Принтер

Ә) Файл


Б) монитор

5.Компьютерге ақпаратты енгізу жабдығы

А) Принтер

Ә)  Жүйелік блок

Б)  Пернетақта

6.Компьютердің жүйелік блогына қай жабдық кірмейді

А) Дискжетек

Ә) Принтер

Б) СD-ROM

7.Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат алмастыру жабдығы қалай аталады?

А) Модем

Ә) Интернет

Б) WEB камера

8.Ақпаратты сақтайтын жабдыққа не жатады?

А) Қатты және иілгіш дискілер

Ә) Монитор

Б) принтер

9.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы қалай аталады?

А) Принтер

Ә) плоттер

Б) сканер

10Принтер басу жылдамдығына қарай нешеге бөлінеді?

А) Матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік

Ә) ақ – қара, түрлі – түсті

Б) планшетті, барабанда, оптикалық.

Техникалық диктант (дәптерге жазасыздар)

 

1.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.



 

2.Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . . жатады.

 

3.Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады.



 

4.Компьютердің негізі құрамына кіретін құрылғылар…..



 

5.Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.



 

6.Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет