Оптрон (оптопара)
Оптрон - жартылай өткізгішті, сәуле шығару көзінен және сәуле қабылдағыштан тұратын, бір корпусқа біріктірілген және бүл екеуінің оптикалық, электрлік байланыстары бар құрал болып табылады. Оптронның көп тараған түрінде, сәулені қабылдағыш ретінде фоторезисторлар, фотодиодтар, фототранзисторлар жэне фототристорлар қолданылады.
Резисторлық оптрондарда тізбектің кіріс режімі өзгерген кезде, шығыс кедергісі 107.. .108 есе өзгере алады. Сонымен қабат, фоторезистордың ВАС-ы жоғары сызьқтылығымен, симметриялығымен айрықшаланады; осының нәтижесінде, аналогтық құрылғыларда резисторлық оптопараның кеңінен қолданылуына жол ашылады. Резисторлық оптрондардың кемшілігі олардың төменгі дәрежедегі жылдам қимылы - 0,01...1 с .
Цифрлық ақпараттың сигналдарын беру тізбектерінде ең бастысы диодтық және транзисторлық оптрондар болса, ал үлкен вольттық күшті токтар тізбегінде, оптикалық коммутациялар үшін, тиристорлық оптрондар қолданылады.
Тиристорлық, транзисторлық оптрондардың жылдам әсерінің 5...50 мкс диапазонында жиі жатуы оның ауыстырып қосу уақытын сипаттайды. Ал қайсыбір оптрондар үшін бұл уақыт өте аз болады.
Енді толығырақ, жарық диод - фотодиодты оптопараны қарастырайық. Төменде бұл оптопараның шартты белгіленуін график арқылы береміз (13.4,а-сурет).
Сәулешығарғыштық диод (сол жағы) тура бағытта қосылуы керек, ал фотодиод тура бағытта (фотогенератор режімі) немесе кері бағытта (фототүрлендіргіш режімі) қосылады.
Оптопараның диодындағы ток пен кернеу үшін шартты - оң бағыттарын жалпы қабылдаудың тәртібімен пайдаланамыз (13.4,ә - сурет).