Қайтымды және қайтымсыз процестер Процесс қайтымды деп аталады, егер ол кері бағытта тура процестің жүрген барлық аралық күйлерінен өтсе, және бұл кезде қоршаған денелерде ешбір өзгеріс болмау керек.
Осы шартты қанағаттандырмайтын кез келген процесс қайтымсыз пр. болады, яғни қайтымсыз пр-тің соңында қоршаған денелерде не дененің өзінде қайсібір өзгерістер қалып қояды.
Мысалы газдың сығылу не ұлғаю пр-сі – қайтымды, себебі жүйе мен орта арасында жылу алмасу жоқ ⇒
Газды ұлғайтып, сонан кейін сығып, қоршаған ортада ешбір өзгеріссіз, бастапқы күйге келтіруге болады.
Сонымен, барлық нақты процестер – қайтымсыз, бірақ қайтымсыздық дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін.
Қайтымды пр-тің қасиетіне тек тепе-тең пр. жатады.
( Сыртқы әсер жоқ болғанда, процесті сипаттайтын параметрлер барынша тұрақты болатын процесті тепе – тең пр. деп ат.)