4. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне айналым капиталын басқарудың әсері
Айналым құралдарын басқару келесі маңызды міндеттерді шешеді:
кәсіпорынның үздіксіз және ырғақты жұмысы мақсатында айналым активтерін аванстау үшін минимальды жеткілікті құралдарды есептеу. Бұл міндет айналым құралдарын нормалаумен шешіледі;
арзан бағалы және тез тозатын заттарды амортизациялау, тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару әдістерін таңдау жолымен салық салуды оңтайландыру үшін кәсіпорынның есеп саясатын жүргізу;
капитал айналымының әрбір сатысында айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету.
Берілген міндеттерді шешу үшін кәсіпорында жеткізушілерге төлеуден тұтынушылардан ақшалай қаражаттарды алғанға дейін айналмалы өндірістік қорлар мен айналыс қорларының әрбір сатысының өтуін жеделдету жөнінде ұйымдық және техника-экономикалық шараларды әзірлеуі тиіс. Жеделдеу эффектісі айналым құралдарына деген қажеттіліктің азаюынан көрінеді.
Өндірістік запастарды сатып алу сатысында цикл ұзақтығын қысқартудың негізгі жолдары мыналар болып табылады:
еңбек заттарын жеткізу фактісі бойынша төлеу, яғни транспорт запасын жою;
қойма операцияларын орындауды механикаландыру мен автоматтандыру;
қойма есебін компьютерлендіру.
Аяқталмаған өндіріс көлемін қысқартудың негізгі жолы төмендегілердің есебінен қол жеткізілетін өндірістік цикл ұзақтығын қысқарту болып табылады:
өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды жоғарылату;
көмекші операцияларды орындау уақытын қысқарту;
ішкі ауысымдық және ауысым аралық үзілістер уақытын азайту;
табиғи процестердің ұзақтығын қысқарту.
Айналыс сатысындағы негізгі міндет дайын өнімнің ақшалай қаражаттарға айналу уақытының азаюы болып табылады. Бұл міндетті шешу жолдары:
дебиторлық қарыздың азаюы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |