1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары



бет29/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

5. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

Айналым қорларын пайдалануды жан-жақты жақсарту - өнеркәсіптік кәсіпорындардың басты міндеттерінің бірі. Шикізат, отын, көмекші материалдар неғұрлым жақсы пайдаланылса, өнімнің белгілі көлемін өндіруге олар соғұрлым аз жұмасалады, яғни өнім өндіру көлемін арттыруға мол мүмкіндік ашылады.

Материалдық ресурстар шығынының көрсеткіштері мен материалдық ресурстарды тиімді пайдалану деңгейінің көрсеткіштері ажыратылады.

Материалдық ресурстар шығыны дегеніміз оларды өндірістік тұтынуды көрсетеді. Өндіріске жұмсалған шығындар тікелей өнім шығаруға жұмсалған барлық материалдық ресурстар санын қамтиды. Материалдық ресурстар сондай-ақ жөндеу мұқтаждықтарына, ішкі заводтық транспортқа қызмет көрсетуге, қосалқы шаруашылықты қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады. Материалдық ресурстарды тұтыну олардың жалпы және үлестік шығындарымен сипатталады.

Материалдық ресурстардың жалпы шығыны – бұл есепті кезеңде барлық өндірістік бағдарламаны орындауға материалдық ресурстардың барлығын немесе жекелеген түрлерін тұтыну. Материалдық ресурстардың жалпы шығыны натуралдық түрінде ескеріледі; материалдық ресурстардың әрқилы түрлерінің жиынтық шығыны – құндық көріністе.

Нақты ресурс түрінің үлестік шығыны (m) дегеніміз өндіріліген жарамды өнімнің бірлігіне шаққандағы ресурстардың орташа шығыны. Оны берілген өнімді өндіруге жұмсалған барлық материалдық ресурстардың (Q) осы өнімнің жарамды бірліктерінің санына (N) қатынасы ретінде анықтайды:

m = Q/N

Өнім өндіруге кеткен материалдық ресурстар шығынының жалпы сипаттамасы материал сыйымдылығы (М) көрсеткіші болып табылады, ол өнім бірлігіне нақтылы шығындалған натуралдық немесе құндық көріністегі материалдық шығындарды бағалайды.

Өнімнің материал сыйымдылығын әрқилы көрсеткіштермен өлшеуге болады:


  1. өндірілген өнімнің физикалық бірлігіне шаққандағы материалдық ресурстардың үлестік шығынымен (үлестік материал сыйымдылығы):

М =m = Q/N

2. өндірілген өнімнің физикалық бірлігіне кететін бірнеше материалдық ресурстардың құндық өлшемдегі шығынымен:

М = εQ*P/N

Мұндағы P – материалдық ресурстардың көтерме бағасы.

Бұл формулалар қарапайым өнім түрлерінің (электр энергиясы, шойын, болат) материал сыйымдылығын еспетеуге пайдаланылады. Ал күрделі өнім түрлері үшін (мысалы, машиан жасау саласында) басты тұтынушылық қасиет бірлігіне келетін нақтылы материалдық ресурстардың шығыны сияқты материал сыйымдылығы көрсеткіші қолданылады. Мысалы, электромотордың материал сыйымдылығы 1кВт қуатқа қатысты жұмсалған материал шығынымен есептеледі. Жүк автокөлігі үшін материал сыйымдылығының сипаттамасы 1т-км\сағ жүк тасымалдауға жұмаслағн материалдық шығын көлемімен бағаланады.

Өнімнің физикалық көлемін, тұтынушылық қасиет көлемін жалғыз өлшем бірілікпен көрсету мүмкін болмайтын машина жасау салаларының өнімдері үшін материал сыйымдылық деңгейі 1 тенге жалпы, сатылған немесе таза өнімнің салыстырмалы бағасына жұмсалған физикалық бірліктегі нақтылы материалдық ресурстар түрінің шығынымен сипатталуы мүмкін:

M = N/g1P

Мұндағы g1P – салыстырмалы бағалардағы өндірілген өнім көлемі.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасын әзірлеу және жұмысын талдау үшін әрбір өнеркәсіп саласында материалдық ресурстарды тиімді пайдалану деңгейінің әрқилы көрсеткіштерін қолданады.

Шикізатты бастапқы өңдеу салаларында келесі көрсеткіштер қолданылады:



  • бастапқы шикізаттағы пайдалы заттың мазмұны (рудадағы темірдің, қызылшадағы қанттың);

  • бастапқы шикізаттағы пайдалы затты пайдалану дәрежесі мен шикізатты өңдеу процесінде туындайтын жоғалтулар пайызы;

  • жарамды түпкі өнімнің шығуы, ол жарамды өнім көлемін бастапқы шикізат көлеміне бөлумен есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет