3. Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорынды дамытудағы рөлі есептеу әдістері. Еңбек өнімділігі жекелеген жұмыскердің, сондай-ақ кәсіпорын ұжымының нәтижелілігін анықтауға қызмет ететін маңызды экономикалық көрсеткіш. Ол жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім санымен немесе өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы еңбек шығындарымен анықталады. Кәсіпорын деңгейіндегі еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштері өнім өндірімі (В) және өнімнің еңбек сиымдылығы (Тр) болып табылады:
В=g/Чсп,
Тр=Т/g
Мұндағы, g – натуралды немесе шартты-натуралды өлшем бірліктердегі өндірілген өнім немесе орындалған жұмыс көлемі; Чсп – жұмыс жасайтындардың орташа тізімдік саны; Т- өнім өндірісіне шығындалған уақыт, норма-сағат
Еңбек өнімділігінің неғұрлым кең таралған және универсалды көрсеткіші өнім өндірімі болып табылады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс көлемінің өлшем бірлігіне байланысты өндірімді анықтаудың үш әдісін ажыратады: натуралдық, құндық және нормаланған жұмыс уақыты.
Натуралдық әдіс ең қарапайым және сенімді әдіс, мұнда өндірілген өнім көлемі натуралдық көріністе есептеледі.
Натуралдық көрсеткіштер өндірілген өнім көлемін түрлері, сұрыптары бойынша көруге мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылығы еңбек өнімділігі көрсеткіштерін тікелей салыстыру мүмкіндігі болып табылады. Алайда натуралдық көрсеткіштер көмегімен еңбек өнімділігін тек жекелеген өнім түрлері немесе жұмыс түрлері аясында өлшеуге болады.
Құндық әдісте еңбек өнімділігі көрсеткіші ақшалай бірлікте бейнеленген өндірілген өнімнің жұмыс уақыты шығындарына арақатынасы ретінде анықталады.
Құндық көріністегі еңбек өнімділігін есептеу үшін шығарылатын өнім көлемін бағалаудың әрқилы көрсеткіштері пайдаланылуы мүмкін: жалпы өнім, тауарлық өнім, жалпы айналым, өңдеудің нормативтік құны, нормативтік таза және таза өнім, жалпы табыс.
Натуралдық және құндық бірліктерде өлшену мүмкін емес әртекті және аяқталмаған өнім өндіретін жұмыс орындарында, бригадаларда, цехтарда өндірім көрсеткіші норма-сағаттарда анықталады. Өндірім бір өтелген Адам-сағатқа (сағаттық өндірім), бір өтелген Адам-күнге (күндік өндірім), жылдағы , тоқсандағы немесе айдағы бір орташа жұмыскерге (жылдық, тоқсандық немесе айлық өндірім) шаққанда анықталуы мүмкін.
Еңбек сиымдылығы шығарылатын өнім мен қызмет номенклатурасы бойынша натуралдық көріністегі өнім бірлігі өндірісіне келетін жұмыс уақыты шығындарын көрсетеді. Еңбек сиымдылығы көрсеткішінің өндірімге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар: біріншіден, ол өндіріс көлемі мен еңбек шығындары арасындағы тікелей байланысты бейнелейді; екіншіден, еңбек сиымдылығы көрсеткішін қолдану еңбек өніміділігін өлшеу мәселесін оның өсу факторларымен және резервтерімен байланыстыруға мүмкіндік береді; үшіншіден, ол кәсіпорынның әрқилы участоктары мен цехтарындағы бірдей бұйымдардың еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Өнімнің еңбек сиымдылығына енетін шығындар құрамына байланысты технологиялық, өндірістік және толық еңбек сиымдылығын, өндіріске қызмет көрсету және өндірісті басқару еңбек сиымдылығын ажыратады. Технологиялық еңбек сиымдылығы негізгі жұмысшылардың барлық еңбек шығындарын бейнелейді. өндірістік еңбек сиымдылығы негізгі және көмекші жұмысшылардың барлық еңбек шығындарын енгізеді. Толық еңбек сиымдылығының құрамына кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік персоналының барлық категориясының еңбек шығындары енеді. Көмекші жұмысшылардың еңбек шығындары өндіріске қызмет көрсету еңбек сиымдылығын, ал қызметкерлердің еңбек шығындары өндірісті басқару еңбек сиымдылығын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |