Сапа облысындағы саясат – бұл жоғары басшылықпен ресми қалыптастырылған ұйымның сапа облысындағы негізгі бағыттары мен мақсаттары. Ол әрбір жұмыскердің қызметін қамтитындай және кәсіпорын ұжымын қойылған мақсаттарға жетуге бағыттайтындай етіп қалыптасады. Кәсіпорын басшылығымен сапа облысындағы саясатты қалыптастыру және құжаттық рәсімдеу сапа жүйесін жасауда алғашқы акт болып табылады. Сапа жүйесі –бұл сапаға жалпы басшылықты жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдық құрылымның, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.