Өнімді сатудан түскен пайда тауарды сатудан алынған түсім мен осы өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Сатудан алынған пайда – бұл өндірілген өнімді, кәсіпорын мүлігін сатудан алынған нәтиже. Оны жалпы пайдадан коммерциялық және басқарушылық шығындарды алып тастау жолымен анықтайды.
Салық салынғанға дейінгі пайда сатудан түскен пайда мен операциялық табыстар мен шығыстар, сатудан тыс табыстар мен шығыстар, төтенше табыстар мен шығыстар бойынша алынған айырманы енгізеді.
Пайда көрсеткіштері кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, өнім түрлері, жекелеген жобалар бойынша анықталуы мүмкін. Пайданың сәйкес көрсеткіштерін салыстыру, олардың динамикасын бағалау басқару шешімдерін негіздеуге, кәсіпорынның даму стратегиясын жасауға, өнім өндірісі және өткізу шығындарын негіздеуге мүмкіндік береді.
Салық салу нысаны ретінде салық төлеушімен алынған пайда танылады. Салықтарды және бюджетке басқа төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын құзырында қалатын пайда кәсіпорын қызметінің түпкі қаржылық қызметін сипаттайды және таза пайда деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |