1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Банкротқа ұшырау түсінігі мен белгілері



бет92/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

8.Банкротқа ұшырау түсінігі мен белгілері

Банкроттылық түсінігі оның түрлерімен сипатталады. Заң және қаржылық тәжірибесінде кәсіпорын банкроттылығының келесі түрлері анық көрініс табуда:

1. Нақты банкроттылық. Кәсіпорынның болашақ кезеңде өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіз.

2. Техникалық банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін сипаттайды, яғни дебиторлық қарызының мерзімінен өтіп кетуінің себебінен. Кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі кредиторлық қарыз көлемінен артық болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен артық болады.

3. Әдейі банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін басшысы немесе құрылтайшысы әдейі жасайды. Кәсіпорынды өзінің мүддесі немесе басқа тұлғаның мүддесі үшін экономикалық зардапқа әкеледі.

4. Тиімді банкроттылық. Несиелік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту немесе несиелік қарыз сомасын жеңілдету мақсатында кәсіпорын өзінің өтірік төлем қабілетсіздігін кредиторларға жариялаумен сипатталады.

Борышкердің банкроттылық ісі қаралғанда келесі процедуралар қолданылады:


Бақылау процедурасы. Оның мақсаты борышкердің мүлігін сақтауды қамтамасыз ету және борышкердің қаржылық жағдайын талдаудан өткізу.

Қаржыны қалпына келтіру – борышкердің толығымен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және қарызын қайтару, қарызды төлеу кестесіне сәйкес.

Сыртқы басқару – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында борышкер өз өкілеттілігін сырттан келген басқарушыға береді.

Конкурстық өндіріс кредиторлардың талабын қанағаттандыру мақсатында банкрот болған борышкерге қолданылады.

Халықаралық келісім бір жақтың ерікті түрде талаптарын жарым – жарты қайтарып алуын және екінші жақ қалған талаптарды қабылдайтынын білдіреді.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:


  1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

- инфляцияның аса жоғары деңгейі;



  • фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

  • бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.

  1. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:

  • банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмауы;

  • жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

  • өндіріс көлемінің төмендеуі;

  • ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

  • ақталмаған жоғары шығындар;

  • өнімнің төменгі рентабельділігі;

  • өндіріс циклінің өте көлемді болуы;

  • үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

  • ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет