1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



бет37/83
Дата13.11.2023
өлшемі185,03 Kb.
#191283
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Байланысты:
лекция ЖЕФ (1)

Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалындығы 1,5-2 мм. Жасөспірім балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы түрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, үзынша, бүршақ іспеттес болады. Без ұлпалары әртүрлі клеткалардан тұрады : гликогені бар негізгі клеткалар мен эозинофилдері бар оксифильді клеткалар. Балалардың қалқансерік бездері негізгі клеткалардан тұрады. Жасы ұлғая келе оксифильді клеткалар көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде паратгормон немесе паратиреокрин деп аталатын гормон өнеді. Оның маңызы 1925 ж Коллиптің зерттеулері арқылы анықталған. Паратиреокрин кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтап Бұл гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін тигізеді. Мұны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері көбейгенде фосфордың мөлшерінің азаюы арқылы байқайды. Паратгормон сүйек ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл гормонның жеткіліксіз болуы қандағы кальцийдің мөлшері кемігендіктен, сіңірдің тартылуын тудырады. Қалқанша безінің кальцитонин гормонымен және Д витаминімен бірге бала организмдегі кальцийдің алмасуының дұрыстығын қадағалайды. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да, гиперкальциемия байқалады. Паратиреокриннің гипосекрециясы көбінесе қалқанша безіне операция жасағанда, оған қоса қалқансерік бездерін байқамай алып тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады. Балаларда туа пайда болған гипофункция без ұлпаларының болмауынан немесе еркін дамығандықтан кездеседі. Кейбір жаңа туған сәбиде ұрықтық мезгілінде анасының паратгормонының гиперсекрециясына байланысты қалқансерік бездерінің қызметі нашарлайды. Мұндай гипосекреция туғаннан кейін де сақталады. Қандай болмасын гапопаратиреоз жағдайында баланың қанындағы кальцийдің мөлшері азайып, организмдегі калий-натрий тепе-теңдігі бұзыл ады да, гипопаратиреоздың белгісі — бұлшық еттердің тетанусы (лат. тетанус- сіреспе) пайда болады, кейін тісі бүлінеді, шаштары мен тырнақтарында кемшіліктер пайда болады.
Қалқансерік бездерінің дамуы ұрық та басталады. Оның осу барысында без клеткалары дамып, паратгормон түзіліп, канға құйыла бастайды. Бұл Ұрықтың қаңқасындағы кальций тұздарының жиналуымен қатар жүреді. Бала туғаннан кейін өсіп, жетіліп, кальцийдің алмасуына қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет