1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



бет34/83
Дата13.11.2023
өлшемі185,03 Kb.
#191283
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
Байланысты:
лекция ЖЕФ (1)

СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкоза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, делдал (келістіруші) заттар арқылы немесе медиаторлар арқылы әсер етеді. Бұл гормондардың медиаторының қызметін соматомединдер – бауырда түзілетін полипептидтер атқарады.
Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг/ мл), 3 айда біраз төмендеп (16 ммкг/мл), ересек балаларда 10,8 ммкг/мл болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкг/мл ғана болады. Бұл гормонды 1945 ж Еванс пен Ли және Симпсон тек қана малдың безінен тапқан, ал 1948 ж жануарлардың 1956-1968 жылдары адамның безінен кристалл түрінде бөліп алынды.. СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады. Бойы 2 метрден асқан адамды а л ы п деп атайды. Бойы нашар өскен балаларды бұл гормонмен емдесе, олардың бойы 6 айдың ішінде 5-6 см өседі. Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей е р г е ж е й л і болады
Өсу гормоны көбейген жағдайда көбіне а к р о м е г а л и я (грек. акрон – соңғы, ақырғы, мегас - үлкен) байқалады , яғни адамның бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп, ұзарады. Бұл гормон шеміршек клеткаларын өсіріп, сүйектің өсуіне әсер етеді, жаңа қан капиллярларының пайда болуына ықпалын тигізеді.
Адренокортикотропин АКТГ бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары глюкокортикоидтар мен андрогендердің өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуын реттейді. Жалпы алғанда АТКГ-ның бүйрек үсті бездеріне әсері жан-жақты. Мұның гиперсекрециясы бүйрекүсті бездерінің қызметін күшейтіп, заттың алмасуын бұзады, қанда қанттың мөлшерін көбейтеді, қанның қысымын арттырады, сүйектің құрамын өзгертіп, борпылдақтандырады, сүйек тез сынғыш болады, Иценко-Кушинг ауруы пайда болады, адамның денесі толады, беті дөңгелектеніп, шабының, қолтығының терілері жарылады.
Тиреотропин ТТГ қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: иод элементінің без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп, қалқанша безінің гормондарының түзілуін реттейді. Ол қалқанша безінің клеткаларының өсуіне, қызмет атқаруына ықпалын тигізеді. Бұған қоса, қалқансерік бездеріне де сондай әсер етіп, қанда кальций тұзын көбейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет