Материал қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір
терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге»
қағидаты
бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың
бәрін жинақтау және сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу керек.
Беделді қайнарларға сүйену маңызды және айтылғандардың бәрін – сіз
ойлап таппағаныңызға, оны осы саладағы мамандар зерттеп және
сипаттағанына назар аудару керек. Ойын аяқталғаннан
кейін қатысушыларда
пайда болған барлық сұрақты талқылау керек, содан кейін, аталған ақпаратты
тәжірибеде қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүргізуге
болады, соны сұрау керек.
Шағын лекцияларды интерактивті режімде өткізу ұсынылып отыр: қандай
да бір ақпаратты хабарлар алдында тренер қатысушылар бұл туралы не
білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін тренер бұл
мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды.
Мысалы:
* Ал сіз қалай ойлайсыз?
* Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз?
* Бұл неге алып келуі мүмкін, сіз қалай ойлайсыз? және т.б.
Жобаны әзірлеу
Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып,
талқыланатын
мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы,
топ немесе жекелеген бөлімшелердің өз жобасын қорғайтын, басқалардың
алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге
мүмкіндігі болады.
Мысалы: өзінің қаласындағы дүлей апаттың қаупін төмендету жөнінде
жоба жасау.
Қатысушылардың мамандандырылған
мекемелерден кеңес алуға,
кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. алуға мүмкіндіктері бар.
Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелеріне қатысы бар басылымдар,
суреттер, мақалалар жинауға, содан кейін бұл материалдарды топ болып
талқылауды ұсынуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: