Құқықтың қайнар көздері. Нормативтік-құқықтық акт. Құқықтық жүйе. Құқықтық жүйенің құрылымы.
Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
2) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
3) мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң, нысанының, мазмұны мен нәтижесiнiң сипаттамасын қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
5) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
6) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң өзге де нысандары көзделуi мүмкiн.
Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.
Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттiк берген жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға құқығы жоқ.
Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актiлер нормативтiк құқықтық актiлер болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
4) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
8) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
9) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасының кодекстерi:
1) бюджеттiк;
2) азаматтық
3) азаматтық iс жүргiзу;
4) неке-отбасы;
5) экологиялық
6) су;
7) жер;
8) орман;
9) салық
10) кеден;
11) көлiк;
12) еңбек;
13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
16) қылмыстық iс жүргiзу;
17) денсаулық сақтау саласы сияқты бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |