Негізгі бөлім. Жергілікті өзін - өзі басқарудың дамуы
Қорытынды.
Ел дамуының қазіргі кезеңінде, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру қажеттігін ескере отырып, реформаларды жүзеге асыру орталығын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлеріне көшіру мен жергілікті өзін-өзі басқарудың нақты жүйесін құру сұрақтары басым болып отыр.
Дамыған елдердің демократиялық дәстүрлері жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді қызмет атқаруының белгілі бір жалпыға бірдей қағидаларын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Оларға келесілер жатады:
- қаражат пен шаруашылық дербестік сұрақтарындағы кең мүмкіндіктер мен құқықтар, соның ішінде, тұрғындарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға, саналы салық салу арқылы;
- аталған аумақта тұрып жатқан тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету сұрақтарында әрекет етудің айтарлықтай кең мүмкіндіктері;
- мемлекеттік араласудың, тек заңмен белгіленген өрісімен шектелуі;
- құқықтық реттеу жүйесін халыққа қызмет көрсету салаларына тікелей шаруашылық басқару жүйесінен ажырату;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың деңгейлерін, әр біреуіне бір-біріне кереғар келмейтін ықпал ету өрісі, құзыретін анықтау арқылы нақты айыру;
- алмастырылатын және тұрғындар алдында жауапты сенімділерді сайлау арқылы өзін-өзі басқару; шешім қабылдау мен басқару процесстерінің кең әлеуметтік негізі.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру үрдістерін жүзеге асырудың негізгі элементі болып көрінеді. Бұл үрдісті жүзеге асыру үшін, демократиялық мемлекеттің қызмет атқару талаптарына жауап беретін, қоғамдық басқарудың бүтін жүйесін құруға мүмкіндік беретін, дәйекті іс-шаралар кешенін дайындау қажет.
Әлемдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуының тарихи тәжірибесі, оның үнемі мемлекетпен, мемлекеттік басқарумен тығыз байланыста болғандығын, жергілікті деңгейде оның жалғасы ретінде болып, сонымен қатар, дербес, көп ретте мемлекеттік құрылымдардан тәуелсіз асырылатын, айтарлықтай өкілеттікке ие болғандығын айғайқтайды.
Нақты қызмет атқаратын жергілікті өзін-өзі басқару институтын құру мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы мемлекеттік жүйелерді орталықсыздандыру реформаларын ары қарай жалғастырусыз мүмкін емес, бұл қадам жергілікті билік деңгейлерінің өкілеттігімен, оларды орындаудағы жауапкершілікті нақты бекітуге мүмкіндік береді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды орынды құрған кезде тек жергілікті ресурстар оңтайлы жұмсалып қана қоймай, халықтың билікке сенімі арта түседі. Дамудың қазіргі сатысында осындай міндет Қазақстанның алдында да тұр. Елдің даму жүйесінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының тіршілік әрекетін тікелей қамтамассыз ету функцияларын жергілікті өзін-өзі басқару саласының жауапкершілігіне тапсырумен түсіндіріледі.
Қорытынды:
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан РеспубликасыКонституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Пайдалынылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы/ «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. - 14 желтоқсан, 2012.
Шетел мемлекеттерінің муниципалдық құқығы. Еременян В.В. редакциясымен/ В.В. Еременян. - М.: Мир, 2013. – 752б