Білім мекемелерінде әлеуметтік педагогқа арналған қызметтік нұСҚаулық Жалпы ережелер



Дата06.11.2019
өлшемі17,5 Kb.
#51254
Байланысты:
соц пед

БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГҚА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҚ


  1. Жалпы ережелер

1.1. Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2009ж.13 шілдеден №338 Білім және Ғылым министрлігі, 28.03.03. №141 ҚР Еңбек министрлігі мен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, сонымен қатар 30.05.03ж. №119 ҚР тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету сен Еңбек министрлігімен бекітілген бұйрықтар және де басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.

1.2. Әлеуметтік педагог қызметіне тағайындау және қызметтен тек білім мекемесінің директоры босата алады.

1.3. Әлеуметтік педагог жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.

1.4. Әлеуметтік педагог директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

1.5. Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
2. Бағыттары

Әлеуметтік педагогтың қызметтік бағыттары:

2.1. Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді;

2.2. Балалардың құқығын қорғау мен еркін таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді

. 

3. Қызметтік міндеттері

Әлеуметтік педагог мына қызметтік міндеттерді атқарады:

3.1. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
3.2. Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету;

3.3. Әлеуметтік педагог мектеп әкімшілігімен, мұғаліммен, педагог-психологпен, салауаттанушымен, медбикемен, тәрбиешілерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен өзара байланысқа түседі.

3.4. Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету.

3.5. Сабақтан тыс баланың өзін-өзі дамуына жағдай жасау;

3.7. Қоғамдағы гуманизмдік, рухани бай қарым-қатынастың болуына жағдай жасау;

3.8. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық мекемелерімен қарым-қатынастың орнауына жағдай жасау;

3.9. Мұғалімдермен, ата-аналармен және де басқа заңды тұлғалармен қарым-қатынасқа түседі;

3.10. Оқу барысы кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулықтарына жауап береді;    

3.11.Білім мекемелерінде оқу бағдарламасының орындалуын қадағалайды;


    1. Психофизикалық сәйкестіктерді басшылыққа ала отырып, оқытудың тәсілдері мен әдістемелерінің түрлерін таңдауға жағдай жасайды;

    2. Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, сыныптың әлеуметтік паспортын, Наркопост жұмыстарын құрастыру, шағын аудандар бойынша рейд жұмыстары, оқытушылардың құқықтарын қорғауын қамтамасыз етеді.

3.14. Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу).

3.15.Бағдарлама мен жоспарды құрастырып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; бекітілген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;

3.16.Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.;

3.17.Сабақ өткізу барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтауға қамтамасыз етеді;

3.18 Әр төтенше жағдай туралы және оның алдын алу жолдарын білім беру мекемелерінің әкімшілігін хабардар етеді, бірінші медициналық көмек көрсету жолдарымен қамтамасыз етеді;

3.19. Өзінің кәсіптік деңгейін көтереді, әдістемелік бірлестіктері мен басқа әдістемелік жұмыстарына қатысады;

3.20. Бұйрықтардың жобаларын дайындайды, Педагогикалық кеңестің жұмыстарына қатысады;

3.21. Мерзімді медициналық тексерісті тегін өтеді;

3.22. «Қамқорлық» пен «Мектепке жол» атты акцияларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;

3.23.  Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың этикалық нормаларын қадағалайды.

 

4. Құқықтары

Әлеуметтік педагог құқылы:

4.1. білім мекемелерінде ережеге сай мектептегі тәртібін қадағалауына қатысу;

4.2. шағымдар мен басқа құжаттармен танысып, оларға түсініктеме беруге құқылы;

4.4.оқушылардың бағалары мен оқу материалдары, оқулықтардың әдістемесін таңдап, оларды еркін қолдана алады;

4.5.кәсіптік деңгейін көтеру;

4.6 әлеуметтік педагогтің қызметі 5 жылда бір рет өткізілген аттестация нәтижелері ынталандырып отырады. Егер әлеуметтік педагог өз қызметінің кәсіби шеберлігі едәуір жоғарылады деп есептейтін болса кезектен тыс аттестацилық сынақтан өтуге тілек білдіруіне болады;

4.7. кәсіпұйым мүшелерімен бірлестікте мектеп әкімшілігі қабылдаған білім беру ұйымының субъектілерінің құқықтары, денсаулықтары, әрекет жағдайлары мен оларды қорғауға қатысты локалді құқықтық актілердің дұрыс құрылуын анықтауға қатысуға.

 

5. Жауапкершілігі

5.1.Әлеуметтік педагог жұмысын жүргізудегі ҚР заңдарына сәйкес жасалған білім беру бағдарламасының сапасына, сабақ кезіндегі оқушылардың өмірі мен денсаулығына, олардың құқықтарының бұзылуына жауапты;

5.2.Білім беру мекемесінің ережелері мен жарлығы орындалмаған жағдайда әлеуметтік педагог жауапқа тартылады;

5.3.Оқушыларға психикалық және физикалық зорлық көрсететін болса, әлеуметтік педагог ҚР «Білім беру» Заңына сәйкес жұмыстан босатылады;

 

6. Өзара қарым-қатынастары. Қызметтік қарым-қатынас

Әлеуметтік педагог:

6.1.ҚР Еңбек кодексінің 2б. 82б.; 1 тармағ. 77б. сай сабақ кестесі мен жалпымектептік іс-шаралар режимінде жұмыс істейді;

6.2. Әр оқу жылына және әр тоқсанға өздігінен жұмыс жоспарын құрастырады. Білім беру мекемесінің директордың қолымен бекітіледі;

6.3. Директордың оқу іс жөніндегі, ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбие ісінің орынбасарына өзінің істелінген жұмыстары туралы есеп береді (ауызша немесе жазбаша түрде, бес беттен көп болмауы керек);

6.4.Білім беру мекемесінің директоры мен орынбасарынан нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпаратты алып, онымен танысады;



6.5. Ата-аналармен, мұғалімдермен, білім беру мекемесінің жұмысшылары мен әкімшілігімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы; ҚР «Білім беру туралы заңы»; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»; ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;«ҚР баланың құқықтары туралы заңы»; «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;ҚР Еңбек кодексі; ҚР Қылмыстық кодексі; «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы және де басқа нормативтік құжаттар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет