«Ұйымның атауы» АҚ-тың коммерциялық және қызметтік құпиясының сақталуын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
«Ұйымның атауы» АҚ-тың коммерциялық және қызметтік құпиясының сақталуын қамтамасыз ету бойынша осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Азаматтық кодекске, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді және ол «________» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын, сондай-ақ оған бағытталған мәліметтер туралы жалпы нормаларды белгілейді.
Басқаруға, қаржыға, технологиялық ақпаратқа және үшінші тұлғаларға белгісіз болғандықтан нақты немесе ықтимал коммерциялық құнды, заңды түрде рұқсат жоқ басқа да қызметке қатысты мәліметтер қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясына жатады. Оларды жариялау (беру, тарату) Қоғам мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын мәліметтер тізбесі Осы
Нұсқаулықтың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада жазылған.
Коммерциялық және қызметтік құпияға келесілер жатпайды:
Қоғамның құрылтай құжаттары;
бос жұмыс орындары, олардың саны мен санаты;
Қазақстан Республикасының құнды құжаттар нарығы туралы заңнамасына сәйкес ашуға болатын эмиссиялық құнды құжаттар және оның иеленушісі туралы ақпарат;
Қоғамның үлестес тұлғалары туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, Қоғамның Жарғысымен және басқа да ішкі құжаттарымен рұқсат етілген басқа да мәліметтер.
Міндетті жариялануы тиіс немесе Қоғамның Жалғыз акционеріне хабарлануы тиіс ақпараттар құрамы Қоғамның Ақпараттық саясаты туралы ережесінде белгіленген.
Коммерциялық және қызметтік құпияны қорғау дегеніміз – коммерциялық немесе қызметтік құпияға рұқсаты жоқ белгілі немесе белгісіз тұлғалар арасында жоғарыда аталған мәліметтерді кез келген формада жариялауға тыйым салу.
Азаматтардың құқығы мен мүддесі туралы айтылған құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көзімен тек қана құқығы мен мүддесі айтылған азамат, сондай-ақ мұндай ақпаратқа құқығы мен рұқсаты бар тұлғалар ғана таныса алады.
Коммерциялық құпия жазылған құжаттарды, істерді және басылымдарды бөгде тұлғалардың алуын алдын алу мақсатында оларға «Құпия» белгісі қойылады, қызметтік құпия жазылған құжаттарға «Қызметтік мақсатта қолдану үшін» немесе «ҚМҚҮ» белгісі қойылады.
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, валюталық-қаржылық және басқа да кәсіпкерлік қарым-қатынасты, оның ішінде шетелдік серкітестермен қарым-қатынасты жүзеге асырған кезде Қоғам жасалатын шартта құпиялылық шартының болуын қарастырады немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтің сипаты, құрамы, сондай-ақ заңнамаға сәйкес оның сақталуын қамтамасыз етудің өзара міндеттері туралы айтылған қосымша шарт жасалады.
Қоғамның коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясын қамтитын мәліметтердің ашық жариялану қажеттілігін, оның көлемін, формасын және жариялану мерзімін (ұсыну) Қоғам Басқармасының Төрағасы анықтайды.
Шарт немесе сенімгерлік негізінде алынған ақпарат немесе ортақ қызметтің нәтижесі болып табылатын ақпарат тек серіктестердің ортақ келісімі арқылы ғана ашық жариялым үшін қолданылады.
2. Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясын
қамтитын ақпараттарға рұқсат
Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын мәліметтерді алуға Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесі мүшелерінің, Басқарма Төрағасының, Басқарма Төрағасы орынбасарының, корпоративтік хатшының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және Әкімшілік бөлім қызметкерінің, сондай-ақ осы құжаттармен жұмысты ұйымдастыратын ісқағаз жүргізуге және хатшылық қызметке жауапты тұлғаның рұқсаты бар.
Қоғамның басқа қызметкерлеріне коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын ақпаратты тек өздерінің қызметі үшін қажет көлемде ғана алуға рұқсат етіледі.
Қоғам қызметкері Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын мәліметті алуға рұқсатты еңбек шартының ажырамас бөлігі болып табылатын осы мәліметтерді жарияламау жөніндегі құжатқа қол қойғаннан кейін ғана ала алады.
Қоғамның коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясын қамтитын мәліметке өзінің қызметтік міндеттері шегінде рұқсаты бар қызметкер, сондай-ақ осындай ақпарат сеніп берілетін қызметкер Қоғамның Әкімшілік бөлімі арқылы осы Нұсқаулықпен танысуы керек.
Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын құжаттар Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде сақталады, ол бөлімшелердің құзыретіне осы құжаттарда көрсетілген ақпарат енуі тиіс.
Бір құрылымдық бөлімше қызметкері басқа құрылымдық бөлімшеде сақталып тұрған коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны алу үшін соңғы аталған құрылымдық бөлімше басшысының рұқсатын алуы керек.
Коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын ақпаратқа рұқсаты бар қызметкерлер коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды қолданыстағы заңнамаға, осы Нұсқаулыққа және еңбек шартының талаптарына сәйкес есепке алу, қолдану, көбейту, сақтау және жоюдың белгіленген тәртібін сақтауға жауапты.
Қызметкерлер жұмысқа қабылданған күннен бастап және еңбек шарты бұзылған сәттен бастап бес жыл бойы қызметі бойынша белгілі болған коммерциялық және қызметтік құпияны сақтауға міндетті, осындай ақпаратты басқа тұлғалардың жариялауына жол бермеуі тиіс.
Шеттегі ұйымдардың қызметкерлері Қоғамның коммерциялық немесе қызметтік құпиясымен осы ұйым мен Қоғамның арасында құпиялылық туралы келісім мен/немесе шарт, сондай-ақ олар жұмыс істейтін ұйымның жазбаша дәлелді сұрауы болған жағдайда таныса алады. Бұл дәлелді сұрауда орындалып жатқан тапсырманың тақырыбы, қызметкердің аты-жөні көрсетілуі тиіс.
3. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Олардың бар болуын тексеру.
Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын құжаттар олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ететін қызметтік үй-жайларда орналасқан металл шкафта (жәшікте), берік бекітілетін және жанбайтын сейфтерде сақталуы тиіс.
Коммерциялық және/немесе қызметтік құпия сақталған компьютерлер міндетті түрде құпия сөзбен қорғалуы керек.
Коммерциялық және/немесе қызметтік құпиядан тұратын құжаттардың түпнұсқасы немесе көшірмесі орындаушының тапсырманы орындауы үшін қажет мерзім ішінде оның қолында болуы мүмкін. Ол оны өзінің жеке жауапкершілігіне алып, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету шартымен жүзеге асыра алады.
Қызметкерлердің қоммерциялық және/немесе қызметтік құпиядан тұратын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін жұмыс үстелінде, желілік принтерде және ксерокста қалдыруына жол берілмейді.
Коммерциялық және қызметтік құпиядан тұратын құжаттардың жоғалу немесе ондағы мәліметтердің жариялану фактісі шұғыл түрде құрылымдық бөлімшенің басшысына және ісқағаз жүргізу мен хатшылық қызметке жауапты Әкімшілік бөлімнің қызметкеріне айтылады. Сондай-ақ аталған тұлғаларға құжаттардың жоғалу мән-жайы айтылуы тиіс.
Коммерциялық және қызметтік құпиядан тұратын құжаттардың жоғалу немесе ондағы мәліметтердің жариялану фактісін қызметтік тексеру үшін Басқарма Төрағасының бұйрығымен комиссия құрылуы мүмкін. Бұл фактілерді тексеру барысында комиссия жинаған материалдар және комиссияның тексеру нәтижесі туралы қорытындысы (акт) кінәлі тұлғаларды заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартуға негіз болады.
«Құпия», «Қызметтік мақсатта қолдану үшін» немесе «ҚМҚҮ» белгісі қойылған құжаттарды қабылдау, есепке алу және олармен жұмыс істеу тәртібі Қоғамның ісқағаз жүргізу нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
Ісқағаз жүргізу мен хатшылық қызметке жауапты Әкімшілік бөлімнің қызметкері осы құжаттардың бар болуын жылына кем дегенде бір рет тексереді.
4. Комерциялық құпиядан тұратын мәліметтерді
қолдануға байланысты шектеулер
Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясына рұқсаты бар қызметкерлердің міндеті:
орындап жатқан қызметіне байланысты болған коммерциялық және қызметтік құпияны сақтау;
осы Нұсқаулықтың, басқа ережелер мен бұйрықтардың коммерциялық және қызметтік құпияны сақталуын қамтамасыз ету бойынша талаптарын орындау;
бәсекелестік әрекетте Қоғамға нұқсан келтіруі мүмкін қызметте коммерциялық және қызметтік құпия туралы ақпаратты қолданбау;
жұмыстан шыққан жағдайда коммерциялық және қызметтік құпиядан тұратын ақпараттар сақталған барлық тасымалдаушыларды тікелей басшысына немесе қабылдау-өткізу актісінде көрсетілген тұлғаға береді;
Қызметкерлерге тыйым салынатын жайттар:
бөгде тұлғалардың немесе бұл мәселелер құзыретіне жатпайтын Қоғамның басқа қызметкерлерінің көзінше Қоғамның коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясына қатысы бар әңгіме жүргізу;
басшылықтың тиісті тапсырмасы немесе рұқсаты болмаса, коммерциялық және/немесе қызметтік құпиядан тұратын мәліметтерді ашық баспаға шығаруға арналған мақалалар, құжаттар, көпшілік алдында сөз сөйлеу, сұхбат және т.б. үшін қолдану;
коммерциялық құпиядан тұратын мәліметті жеке мәселесіне байланысты жазылған арыздарға, шағымдарға, өтініштерге жазу;
жеке дәптеріне, қойын дәптеріне, жеке компьютеріне коммерциялық құпияны ашатын жазбаларды жазу;
тиісті рұқсат алмай, коммерциялық және/немесе қызметтік құпиядан тұратын құжаттардың көшірмесін жасау;
жұмыс үстеліне жұмыс үшін қажет емес коммерциялық және/немесе қызметтік құпиядан тұратын құжаттарды жинау;
Қоғам басшыларының, жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің рұқсатынсыз коммерциялық және/немесе қызметтік құпиядан тұратын құжаттарды үй-жайдан, кеңседен шығару;
«Құпия», «Қызметтік мақсатта қолдану үшін» немесе «ҚМҚҮ» белгісі қойылған, сондай-ақ коммерциялық және қызметтік құпиялардан тұратын басқа да құжаттардағы және басылымдардағы мәліметтерді ғаламдық және жергілікті ақпараттық желілерге жариялау.
5. Жауапкершілік
Коммерциялық немесе қызметтік құпияны жариялаған немесе заңсыз пайдаланған жағдайда қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіптік, азаматтық-құқықтық және басқа да жауапкершілікке тартылады.
__________________________
«__________________» АҚ-тың коммерциялық және қызметтік құпиясының сақталуын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулыққа
Қосымша
«_________________________________» АҚ-тың коммерциялық және қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтердің
тізбесі
Келесі мәліметтер «__________________________________» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) коммерциялық құпиясынан тұрады:
Қоғам басшылығы мен органдарының өндірістік, коммерциялық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелер бойынша жеке шешімдерін даярлау, қабылдау және орындау туралы мәліметтер (Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының шешімі және одан шығатын материалдар мен құжаттар);
Қоғамды дамыту стратегиясы туралы мәлімет;
ресми түрде жарияланбаған инвестиция жоспары, нарыққа шығарылатын жаңа тауар, өнім және қызмет туралы мәліметтер;
маркетингілік зерттеу бағыттары және нарықтық конъюнктураның даму жағдайы мен келешегін бағалаудан тұратын нарықты зерттеу нәтижесі туралы ақпарат;
алғашқы құжаттардың мазмұны, оның ішінде:
банк құжаттары (операциялар бойынша банктік шоттар);
касса құжаттары (ақшалай қаражатты кіріске алу және жұмсау, касса қалдығы)
Қоғам қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу, материалдық көмек көлемі, сыйлықақы туралы ақпарат.
бухгалтерлік есеп тіркелімінің мазмұны;
ішкі бухгалтерлік есептілік мазмұны;
кредиттік мекемелерде және басқа ұйымдарда (банктер) ашылған есеп айырысу шоттар және т.б. шоттар, оның ішінде шетел валютасында ашылған шоттар туралы мәлімет, осы шоттардағы қаражат қозғалысы және онда қалған қаражат қалдықтары, банктердегі салымдар туралы, оның ішінде шетел валютасындағы салымдар туралы мәлімет;
қаржылық құжаттар:
Қоғам және оның еншілес ұйымдары бюджетінің мазмұны;
Қоғам және оның еншілес ұйымдарының даму жоспарының (қаржылық-шаруашылық қызмет жоспары) мазмұны;
серіктестермен есеп айырысу, Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы мәлімет;
Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жоспарлары мен есептері (оның ішінде тоқсандық және жылдық);
Қоғамның бағалық ұсыныстарды сұрату арқылы көтере сатып алуға қатысуы үшін ұсыныс даярлау;
белгіленген рәсімге сәйкес ықтимал жеткізушілерге ашқанға дейін Қоғамның конкурстық ұсынысы;
отандық және шетелдік мердігерлер, жеткізушілер, қарсы әріптестер (контрагенттер), демеушілер, инвесторлар, делдалдар туралы, сондай-ақ олармен қарым-қатынас, олардың қаржылық жағдайы, келісімшарт талаптары және ашық дереккөздерде болмайтын басқа да мәселелер бойынша есеп беру;
сенімгерлік негізде Қоғамға берілген ұйым-серіктестердің коммерциялық құпиясы (құпиялылық туралы келісім жасалды);
іскерлік серіктестермен келіссөздер жүргізуге дайындық және оның нәтижесі туралы мәлімет;
Қоғам жасайтын және жасаған мәмілелер, оның ішінде жасайтын және жасаған шарттар, оның мәні, мазмұны, бағасы және басқа да маңызды талаптары;
Қоғамның штаттық кестесі және кадрларды орналастыру;
күзет дабылдамасы жүйесін ұйымдастырудың тәртібі мен жағдайы туралы мәліметтер;
Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясының қорғалу тәртібі мен жағдайы туралы мәліметтер;
медицина ғылымы мен техника саласы бойынша медицина мүмкіндіктерінің сапалық жаңа деңгейін анықтайтын зияткерлік меншік объектісіне, бизнес жүргізудегі ноу-хауға қатысты мәліметтерді ашық дереккөздерге ұсынғанға дейін;
Қоғамның ақпараттық жүйесі және қолданылатын қорғаныс тәсілдері туралы мәлімет;
құнды құжаттар иесі тізілімдерінің жүйесі мен номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі дербес шотта эмиссиялық құнды қағаздардың болуы жөніндегі және олардың иелері туралы, осы шоттардағы эмиссиялық құнды қағаздардың қалдығы мен қозғалысы туралы мәлімет. Құнды қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес ашуға болатын ақпараттар есепке алынбайды.
Қоғамның қызметтік құпиясына келесі мәліметтер жатады:
Қоғам қызметкерлерінің жеке ісіндегі мәліметтер, оның ішінде жеке деректер;
Қоғам персоналының сипаттамасы мен беделіне қойған жеке бағасы;
Қоғам актілері (кадрлық, өндірістік бұйрықтар);
ведомстволық статистикалық есептілік;
Қоғам қызметкерлерінің еңбекақысы туралы мәлімет;
Қоғамның кадрлық статистикасы.
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |