Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет1/19
Дата25.02.2018
өлшемі4,29 Mb.
#38240
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
    Бұл бет үшін навигация:
  • 1-бап .
Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы,


1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3,
23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат;
№ 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар;
№ 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):

1) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу жеке кәсiпкер ретiнде есепке алуды білдіреді.».

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат;


№ 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат;
№ 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат;
№ 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар;
№ 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж.,
№ 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар;
№ 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар;
№ 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат;
№ 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат):

1) тақырыбында:

205-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті жүзеге асыру»;

206-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк


салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу»;

206-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу»;

708-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«708-бап. Жеке адамға, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысы мен адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны
мәжбүрлеп орындату»;

мынадай мазмұндағы 710-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі»;

2) 67-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

«Ескерту.

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған тұлға деп осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнің бір бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап есептелетін он екі айлық кезең ішінде, сондай-ақ осы Кодекстің 66-бабында көзделген мерзім өтіп кеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған тұлға түсініледі.

2. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн залалды өз еркiмен өтеуi деп Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес қосымша және (немесе) камералды бақылау нәтижелері бойынша хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыстау түсініледі.»;

3) 68-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескерту.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның, әкiмшiлiк айыппұл мөлшері орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының пайызымен көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.

Мүліктік емес сипаттағы зиян келтірген құқық бұзушылық жасағаны үшін тұлғаны көрсетілген негіздер бойынша жауаптылықтан босату кезінде қол сұғу нысанына, оны жасаудың нақты жағдайына қарау керек.»;

4) 88-бапта:

3-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -


жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға –аударылмаған (уақытында аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Тұлға, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есептеп қосылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған); мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;

5) 88-1-бапта:

2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Тұлға, уақтылы және (немесе) толық аударылмаған әлеуметтік аударымдар мен өсімақы сомасы әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;

6) 166-баптың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетеуі мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге – жүз жиырма бесі мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елуі мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – алты жүз елуі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

7) 205-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы, жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркелуін есепке алу туралы, қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелуін есепке алу салық өтінішін берудiң, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -

жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - айлық есептiк көрсеткiштің сегiзі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу бесі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2-1-тармақ алып тасталсын;

3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің он бесі мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он бесі мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға есепке тұрмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының отыз пайызы мөлшерiнде, отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4 және 5-тармақтар алып тасталсын;

8) 205-1-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің сегізі мөлшерінде, жеке кәсiпкерлерге – он бесі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Дара кәсiпкердiң патент алуға есептеме беру мерзiмiн бұзуы –

ескерту жасауға әкеп соғады»;

4-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, - айлық есептiк көрсеткiштің он бесі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

6 және 7-тармақтар алып тасталсын;

9) 205-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті жүзеге асыру

1. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы - ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Қызметті жүзеге асыруы деп салық органына салық есептiлiгiн табыс етудi қайта бастау туралы салықтық өтінішті табыс етпей, салық төлеушінің (салық агентінің) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті қайта бастауы түсініледі.»;

10) 206-бапта:

баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк


салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі -
дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

жеке тұлғаларға он бес, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде табыс етпеуiн білдіретін, осы баптың 1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

мониторингіленуге жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4 және 7-тармақтар алып тасталсын;

11) 206-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу

1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi) салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
дара кәсіпкерлерге — отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға —екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға —үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда, -

дара кәсіпкерлерге — елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай-ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не табыс етуден бас тартуы, —


дара кәсіпкерлерге — отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —


дара кәсіпкерлерге — елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

12) 206-2-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

13) 207-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

14) 208-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсiпкерлерге жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады»;

15) 208-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге – отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде жүргізілген есептеулер сомасынан айыппұл салуға немесе құқық бұзушылық жасауға себеп болған заттар мен құралдарды және оны жасаудың салдарынан алынған мүліктерді тәркілеумен қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;

16) 209-баптың ескертулерінің бірінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертулер.

1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, қосылған құн салығына есептелген сома бойынша әкімшілік жаза сомасын анықтау кезінде салық кезеңінде қосылған құн салығын төлеудің белгіленген күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қоысылған құн салығына артық төлеу сомасы есепке алынады.

Бір салық кезеңінен артық салық тексерісі болған жағдайда әрбір кейінгі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төлем сомасы осы салық тексерісіне енгізілген алдыңғы салық кезеңі үшін қосылған құн салығының есептелген және (немесе) азайтылған сомасын есепке ала отырып анықталады.»;

17) 210-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

18) 211-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсiпкерлерге - отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының екі жүз жиырма пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

19) 215-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу —


дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -

дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

20) 218-1-бапта:

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені табыс етпеуі және оларды орындамауы – »;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Салық органдарын мынадай жағдайларда жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

21) 580-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) осы Кодекстің 710-1-бабында көзделген талаптар орындалған жағдайда.»;

22) 584-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескерту. Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп оның тікелей өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолы қойылып, тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуы тиіс тапсырыстық хатпен, жеделхатпен табыс етілген хабарлама танылады. Заңды тұлғаға жіберілген хабарлама өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, қолы қойылған заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет