2-бап. 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін салық органдары осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіпте мәжбүрлеп таратылуға (есептiк тiркеуден шығару, қызметін тоқтату) жататын заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және дара кәсіпкерлердің соңғы тiзiмiн қалыптастырға міндеттілігі белгіленсін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тiзiмге мыналарды енгізуге жатады:
1) резидент заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi;
2) филиалдар, өкілдіктер ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
3) олар туралы Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнде ақпарат жоқ резидент заңды тұлғалар, резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi;
4) салық органдарындағы дара кәсіпкерлер.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген субъектілер (бұдан әрі – субъектілер), сонымен бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
1) 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген талап ету мерзімінен кем емес:
салық есептілігiн табыс етпеген;
экспорт-импорт операцияларын жасамаған;
егер төлемдерiнің және (немесе) ақша аударымдарының сомасы күнтізбелік жыл үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын ең төмен жалақы мөлшеріндегі жалақының 12-еседен аспайтын, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алу жағдайларын қоспағанда, төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:
қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiне тұрмаған;
салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте салық есептілігiн табыс етпеген;
мүлік салығына, көлік құралдары салығына, жер салығына, бірыңғай жер салығына, аталған салықтарды жеке тұлғаларға салық салу объектiлерiн қоспағанда, салық салу объектiлерiне меншiк құқы жоқ.
Осы тармақта айқындалған шарттар осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында аталған субъектілерге қолданылмайды.
Салық қызметі органдары:
1) 2013 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей осы баптың 3-тармағы шарттарына сай келетін субъектілердің бастапқы тiзiмiн қалыптастырады ;
2) 2013 жылдың 1 наурызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай мәліметтерді көрсетумен қалыптастырған тiзiмдi жариялайды:
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН);
сәйкестендiру нөмiрiн (оның болған кезінде);
тегiн, атын, әкесiнiң атын (оның болған кезінде) не болмаса субъектінің атауын;
СТН, сәйкестендiру нөмiрiн (оның болған кезінде), заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын (оның болған кезінде) (мұндай мәліметтердің болған кезінде);
субъектінің орналасу (келу) орны бойынша салық органының атауын;
3) субъектіні мәжбүрлеп таратқан (есептiк тiркеуден шығару, қызметін тоқтату) жағдайда кредиторлардың және (немесе) осы баптың 7-тармағына сәйкес салық төлеушiлердiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қабылдауға арналған салық органының мекенжайы.
3) 2013 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей субъектілердің қалыптастырған тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін, мәліметтерді алу үшін мыналарға сауал жібереді:
банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында айқындалған төлемдердi және (немесе) ақша аударымдары туралы;
уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүлікінің, көлік құралдарының, жер участкілерінің бары туралы;
әділет органдарына – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде бары/жоғы туралы.
5. Осы баптың 4-тармағында аталған мәліметтерді салық қызметінің органдарына 2013 жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етілуі тиіс.
6. Кредиторлардың және (немесе) өзге де тұлғалардың, қойып отырған талаптарын растайтын құжаттарды қоса отырып өткізетін өтiнiштерiн (талаптарын) салық қызметінің органдары 2013 жылдың 1 мамырына дейін қабылдайды.
7. Салық қызметі органдары осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін 2013 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей мәжбүрлеп таратуға (есептік тіркеуден алып тастауға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесін қалыптастырады.
8. Салық қызметі органдары осы баптың 7-тармағында көрсетілген субъектілерге қатысты 2013 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей кәсіпкерлік қызметті мәжбүрлеп тоқтату үшін сотқа талап-арыздар жібереді.
3-бап. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кез келген салық кезеңдерінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу тәртібін қолданған қосылған құн салығын төлеушілер 2013 жылдың ішінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңге келетін барлық салық кезеңдеріне қолданылатын мұндай тәртіпті қолданбау туралы шешім қабылдауға құқылы деп белгіленсін.
Салық кодексінің 267-бабының ережесін қолданбау туралы қабылданған шешімді қосылған құн салығын төлеуші орналасқан орны бойынша салық органына еркін нысанда жасалған және басшының қолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған өтініште ұсынады.
Салық кодексінің 267-бабының ережесін қолданбау туралы шешім қабылдаған қосылған құн салығын төлеушіге Салық кодексінің 273-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |