…
Салқын жапсаржайлар, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстар, шығыңқы iрге қабаттар, жертөлелер, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық базасы осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.
9. Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылса, салық базасы әрбір объект бойынша дербес есептеледі.
10. Пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық қызметі органдары мынадай тәртіппен салық салынатын объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:
С = Сб х S х 2
С – салық салу мақсаты үшін мүлік құны,
Сб – осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны,
S – аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы ауданы.»;
174) 409-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығына немесе пайдалануға иелік етудің нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Бұл ретте салықты есептеу әрбір салық кезеңі үшін бөлек жүргізіледі.
2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану кезеңі он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болған немесе аяқталмаған құрылыс объенктісін пайдалануында болған нақты кезең айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте меншік құқығында болған немесе аяқталмаған құрылыс объенктісін пайдалануында болған нақты кезең салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану фактісі анықталған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объекті осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) айқындалады.
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын, уәкілетті мемлекеттік орган беретін құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
7. Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс.
Салықтың жылдық сомасын салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.»;
175) 419-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
1) бильярд үстелі – торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2) ойын жолы – боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы – балалар ұтыссыз ойын автоматын қоспағанда, ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);
4) карт – қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі;
5) балалар ұтыссыз ойын автоматы – балалардың көңлін көтеруге арналған және жеке қабілетін (мергендігі, көзбен шамалау, реакция жылдамдығы) пайдалана отырып, нәтижеге қол жеткізу мақсатында ойнаушының қарсы әрекетін ескере отырып, оған енгізілген бағдарламаны орындайтын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық).»;
176) 420-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«420-бап. Төлеушілер
Тіркелген салықты төлеушілер:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын, оның ішінде балалар ұтыссыз ойын автоматын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.»;
177) 421-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«421-бап. Тіркелген салық салу объектілері
Мыналар:
1) балалар ұтыссыз ойын автоматын қоспағанда, бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) балалар ұтыссыз ойын автоматын қоспағанда, біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі;
7) балалар ұтыссыз ойын автоматы болып табылады.»;
178) 422-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«422-бап. Тіркелген салықтың ставкалары
1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:
Рет №
|
Салық салу объектісінің атауы
|
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Балалар ұтыссыз ойын автоматы, бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
12
|
2.
|
Балалар ұтыссыз ойын автоматы біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
18
|
3.
|
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
|
1
|
4
|
4.
|
Ойын жолы
|
5
|
83
|
5.
|
Карт
|
2
|
12
|
6.
|
Бильярд үстелі
|
3
|
25
|
7.
|
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған балалар ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
4
|
8.
|
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған балалар ұтыссыз ойын автоматы
|
2
|
8
|
»;
179) 426-бапта:
2,3,4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Патент – патент құнын төлеуді растайтын электронды құжат.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимді таңдауды:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру кезінде жеке тұлғалар - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – жаңадан құрылған дара кәсіпкер);
2) бір салық салу режимінен басқа салық салу режиміне ауысу кезінде салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған заңды тұлғалар – осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер табыс ететін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тарауды қолдану мақсатында, бұдан әрі - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) жүзеге асырады.
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан орны бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде, оның ішінде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы табыс етеді.
4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:
1) осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режимін таңдауды жүзеге асырмау;
2) осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабы 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде табыс етпеу;
3) патент құнының есебін осы Кодекстің 431-бабы 1-тармағында белгіленген мерзімдерді табыс етпеу деп есептеледі.
5. қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен патент негізіндегі арнаулы салық режиміне немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысқан кезде дара кәсіпкерлер табыс етпейді.»;
7-тармақ алып тасталсын.»;
180) 427 бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3. Осы баптың 7-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында алынған (алынуға жататын) осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 тармақтармен толықтырылсын:
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері осы тарауға сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:
1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;
2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
5) салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырған кезде, егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;
6) шығындарды жабуға мемлекеттік бюджет қаражаттарынан алынған сомалар;
7) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы
8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық және демеушілік көмектен басқа);
9) жалға алушының жалға берілген мүлікті ұстап тұруға және жөндеуге жалға беруші дара кәсіпкердің шығыстарын өтеуі;
10) жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алынған мүлікті ұстап тұруға және жөндеуге жалға алушының шығыстары.
5. Заңды тұлғалар осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеуді және төлеуді және осы Кодекстің 4 және 5-бөлімдеріне сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте олар бойынша салық есептілігін табыс етуді жүзеге асырады.
6. Дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар:
1) осы Кодекстің 180 – 180-3-баптарында белгіленген тәртіпте мүліктік табыстың;
2) осы Кодекстің 184-бабында белгіленген тәртіпте өзге табыстардың;
3) осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіпте төлем көзінен салық салынатын табыстардың;
4) осы Кодекстің 180-3-бабында белгіленген тәртіпте осы тармақтың 1) - 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген табыстардың мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте жеке табыс салығын есептеу және төлеу осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша салық есептілігін табыс ету тиісті табыс түрі үшін осы Кодекстің 20 және 21-тарауларында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Салық салу мақсатында шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде:
1) мүлікті беруші салық төлеуші үшін – өтеусіз берілген мүлік құны;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін сатып алынған активтерді өткізу;
3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған және осындай беру күнінде қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны қаралмайды.
8. Осы тарау мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
Осы тармақтың 4-тармағында көрсетілген табыстар:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгерген;
3) бағалар, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақы өзгерген;
4) бағалардан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер;
5) шарт ережелері негізге алына отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютада төлеуге жататын сомалар өзгерген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құруға әкелген филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
Осы тармақшада көзделген табысты түзету мынадай жағдайларда:
кредитор дара кәсіпкер дебитор салық төлеушіні тарату кезіндегі талапты оның тарату балансын бекіткен күнге талап етпеген;
дара тұлға заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талапты есептен шығарған жағдайда жүргізіледі және азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
Осы тармақшада көзделген табыстарды түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттарды болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыс сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлар басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Табыстарды түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, түзету бұрын түзетуге жататын табыс танылған салық кезеңінде жүргізіледі.
9. Егер бір табыстар табыстардың бірнеше баптарында көрсетілетін жағдайда, аталған табыстар табысқа бір рет енгізіледі.
Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тарау ережелеріне сәйкес айқындалады.
10. Осы тарау мақсатында егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқару құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы үшін немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесі жүктелген жағдайда, мұндай салық төлеушінің табысына мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары енгізіледі.»;
181) мынадай мазмұндағы 427-1 баппен толықтырылсын:
«427-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуда тануының ерекшелігі
1. Осы баптың ережелерін Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, табыс дара кәсіпкер беретін кез келген сауда және көтерме сауда жеңілдіктерінің сомасы ескеріле отырып, алынған немесе алуға жататын өтем құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын табыс сомасы дара кәсіпкер мен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасында орындалған шарт негізінде айқындалады.
3. Тауарларды өткізуден түскен табыс төменде аталған барлық шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:
1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты көп тәуекелдер мен сыйақылар берсе;
2) дара кәсіпкер меншік құқығымен үйлесетін басқаруға бұдан әрі қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;
3) табыс сомасы сенімді түрде өлшенген болса;
4) операциямен байланысты экономикалық пайда дара кәсіпкерге түсу ықтималдығы болса;
5) операциямен байланысты шегілген немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенген болса.
4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.
5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:
1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;
2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті табыс еткен;
қалған жағдайларда есептен шығарылған күні төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредитор міндеттемені есептен шығарған;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына тарату салық есептілігі табыс етілген;
осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап ету мерзімі өткен;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есепті кезеңде танылады.
6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы түріндегі табыс түгендеу аяқталған және осындай артықшылықтар фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салық кезеңінде танылады. Артықшылықтар сомасын дара кәсіпкер Қазақстанда қолданыстағы бағалар мен тарифтердің негізінде дербес айқындайды.
7. Айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкция түрлері түріндегі табыс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе олар борышкер деп танылған салық кезеңінде танылады.
8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетулері басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе қызмет көрсетулеріне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді қабылдау-беру актісі жасалуға тиіс. Қабылдау-беру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциялардан түсетін табыс қабылдау-беру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің құны мен берілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
9. Салық кезеңі ішінде алынуы тиіс (алынған) табыс есепті салық кезеңі ішіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс болып танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |