Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет9/19
Дата25.02.2018
өлшемі4,29 Mb.
#38240
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

»;

150) 281-баптың 1-тармақтың 1)-тармақшасының тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«осы Кодекстің 279-бабы 4) тармақшасында көзделген экспортқа арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;»;

151) 310-бапта:

8-тармақтың үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметке жатқызылмайтын болса, бағамдық айырмашылық бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.»;

9-тармақта:

1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде алған тікелей табыстарының жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;»;

3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;»;

10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір жеке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында өндірген мұнайды және (немесе) тек бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізуден түскен табыс Қазақстан Республикасы трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын сақтай отырып, олардың өткізу бағасы негізге алына отырып, бірақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өндірілген мұнайдың, бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған минералды шикізаттың және (немесе) тауар өнімінің төмен емес негізде айқындалады.

Өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнмасының талаптарына сәйкес айқындалатын және 20 процентке ұлғайтылған өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына осындай кейіннен қайта өңдеунәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына қосылатын табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.



Осы бөлімнің мақсатына орай шахта, кен, карьер, ұсату зауыты (қондырғы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыт) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.»;

152) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«312-бап. Жалпы ережелер

Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте келісімшарт аумағы кеңейген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі қол қойылатын бонус болып табылады.»;

153) 314-бапты мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Келісімшарт аумағы кеңейген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіпте айқындалады:

егер кеңейтілетін келісімшарт аумағына пайдалы қазбалар қоры бекітілсе – осындай қорларға қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіпте пайдалы қазбалар түріне қарай айқындалады;

егер кеңейтілетін келісімшарт аумағына пайдалы қазбалар қоры бекітілмесе – келісімшарт аумағының кеңею коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бастапқы сомасының туындысы ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңею коэффициентін келісімшарт аумағы кеңейтілетін аудан мөлшерінің келісімшарт аумағының ауданының бастапқы мөлшеріне қатысы ретінде құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган айқындайды.

Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңею коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңеюі жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.»;

154) 315-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:

1) белгіленген соманың елу проценті - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) белгіленген соманың елу проценті - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.

Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осындай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде төленеді.»;

155) 317-бапта:

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы әрбір коммерциялық табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.»;

156) 319-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«319-бап. Салық салу объектісі

Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.

2. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айырықша құқық шеңберінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезеңге жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:

аталған жер қойнауын пайдаланушы тиісті келісімшарт аумағына бұрын жариялаған барлауға арналған келісімшарт шеңберінде;

кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдында бекітіліген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.

3. Ол бойынша жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсат үшін уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезеңге жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:

кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу кезінде мемлекеттік баланстағы және осы мақсат үшін уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады;

кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдында бекітіліген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.

4. Ол бойынша жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсат үшін уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезеңге жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:

кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік баланстағы және осы мақсат үшін уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады;

кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдында бекітіліген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.

5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы жариялаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдында бекітіліген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.

Осы баптың және осы Кодекстің 320 және 323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары деп алынатын пайдалы қазба қорлары білдіреді.»;

157) 320-бапта:

бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.



Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:»;

  1. –тармақшасының үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондонның металл биржасында немесе Лондонның қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, қорлардың құны өндiруге арналған Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен Келісімшарттың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, 20 процентке ұлғайтылған жоспарлы шығындар сомасының негiзiнде айқындалады.»;

158) 323-баптың 2) және 3) мынадай редакцияда жазылсын:

«2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазбалар қорларының қосымша көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;



3) бірiктiрiлген барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.»;

159) 339 баптың кестесінде:

1 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

Рет №

 

Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар, %-бен

1

2

3

4

1.

Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi

Хром кенi (концентраты)

16,2

Марганец, темір-марганец кенi (концентраты)

2,5

Темір кенi (концентраты, окатыштар)

2,8

Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс)

18,5

»;

160) 355-баптың 1-тармағын мынадай мазмұндағы 5)-тармақшасымен толықтырылсын:

«5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкелмейтін филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.»;

161) 365-бапта:

1-тармақтың үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;

3-тармақта:

1)-тармақшасының бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жалпы меншiк құқығында бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысына және (немесе) оның мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер:»;

2)-тармақшасының бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, сондай-ақ бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысы және (немесе) оның мүшелерi:»;

162) 373-баптың 2-тармағының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан орны бойынша салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;

163) 381-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық  салық ставкалары

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:


Рет



Елді мекеннің санаты

 


Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

1

2

3

4

1.

Қалалар:

 

 

2.

Алматы

28,95

0,96

3.

Астана

19,30

0,96

4.

Ақтау

9,65

0,58

5.

Ақтөбе

6,75

0,58

6.

Атырау

8,20

0,58

7.

Қарағанды

9,65

0,58

8.

Қызылорда

8,68

0,58

9.

Көкшетау

5,79

0,58

10.

Қостанай

6,27

0,58

11.

Павлодар

9,65

0,58

12.

Петропавл

5,79

0,58

13.

 Талдықорған

9,17

0,58

14.

Тараз

9,17

0,58

15.

Орал

5,79

0,58

16.

Өскемен

9,65

0,58

17.

Шымкент

9,17

0,58

18.

Алматы облысы:

 

 

19.

облыстық маңызы бар қалалар

 

6,75


 

0,39


20.

аудандық маңызы бар қалалар

 

5,79


 

0,39


21.

Ақмола облысы:

 

 


 

 


22.

облыстық маңызы бар қалалар

 

5,79


 

0,39


23.

аудандық маңызы бар қалалар

 

5,02


 

0,39


24.

Облыстық маңызы бар басқа қалалар

 


облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 85 проценті

 

0,39


25.

Аудандық маңызы бар басқа қалалар

 


облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 проценті

 

0,19


 

26.

Кенттер

 0,96

0,13

27.

Селолар (ауылдар)

0,48

0,09

Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес белгіленеді.»;

164) 382-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық  салық ставкалары

Елді мекендердің тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі болып есептеледі.

Үй іргесіндегі жер учаскелері мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет