«Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шетел тілінде жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.»;
102) 224-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мынадай шарттарға бір уақытта сәйкес келетін: осы бап мақсатында резидент емес заңды тұлға жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес болып табылады»;
103) 225-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсатта тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға салықтық өтініш табыс етеді.»;
104) баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару түрінде резидентке табыс бойынша салық агенті төлейтін салық міндеттемесін орындау тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарды түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеген кезде салық агенті бір мезгілде мынадай талаптарды орындаған кезде осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіпте төлем көзінен мынадай табыстарды табыс салығынан алмауға немесе осы кодекстің 158-бабының 2-тармағында көзделген резидент жеке тұлғаның табысына табыс салығының ставкасын қолдануға құқылы :
1) мыналар:
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні қамтылған депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың болуы;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесінің болуы.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірмей табыс етіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімін егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияның эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым жасайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстау қызметін көрсететін мынадай тұлғалардың біреуі:
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым;
олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер алумен клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтау, қаржы құралдары мен клиенттердің ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызмет көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеу және бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растауды жүзеге асыратын өзге де ұйым береді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық агенті резидент түпкілікті (нақты) табыс алушының табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, мұндай резидент осы Кодекске сәйкес төленген төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқылы.
Бұл ретте, дивидендтер түріндегі табысты алған кезең үшін резидент салық агентіне:
1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің;
3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табысты алғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды резидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.»;
105) 230-бап мынадай редакциядағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Шет мемлекет аумағында тұрақты мекеме ретінде тіркелген, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін өткізу бойынша айналым Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.»;
106) 231-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер осындай тауар бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күніне қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын тауарды (оның ішінде сыйға тарту түрінде) жарнамалық мақсатта өтеусіз беру;»;
107) 237-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мына жағдайларда:
кезең-кезеңдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.»;
3-1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарларды кері импорт кедендік рәсімінде әкелген жағдайда:
1) кезең-кезеңдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, тауарды экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Кеден одағының кеден шекарасын кесіп өткен күн;
2) кезең-кезеңдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39-41 баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;»;
108) 238-бапта:
мынадай редакциядағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Оларды алу кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған
осындай жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде өтеусіз орындалған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің салық салынатын айналым мөлшерi айқындалады.»;
3-1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері сыйақы негізінде:
кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;
кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша айқындалады.»;
10 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы, осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне айқындалады.»;
12 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның көлік экспедициясының шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
14 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сенім білдірілген адам сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген адамның салық салынатын айналымының мөлшері оның тапсырма бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
18 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауарды кері импорт кедендік рәсімінде әкелген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігінде әкелінген тауар көлеміне барабар айқындалады..»;
109) 239-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімінде әкелуді қоспағанда, тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;»;
110) 241-бапта:
4 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төленедi.»;
6-тармақ мынадай редакциядағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны осы Кодекстің 276-8-бабына сәйкес айқындалатын, Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленіп, осы Кодекстің 37-1-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе.»;
111) 243-баптың 1-тармағының 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«кезең-кезеңдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;»;
112) 244-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде ресімделген жүктің кедендік декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталатын жер халықаралық тасымалдау басталған жер деп танылады.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) көлік ұйымының көлігімен тасымалдау жүзеге асырылатын тасымал халықаралық тасымалдауға жатады.»;
113) 244-2-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу;»
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органының сұратуы бойынша тиісті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы беретін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың пайдаланылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
114) 244-3-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«244-3-бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодекстің 244-2-бабында өзгеше көзделмесе, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру үдерісінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізуге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісінде әкелінген, іс жүзінде тұтынылған тауарлар бөлігінде жүргізеді. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
122) 248-бап мынадай мазмұндағы 23) және 24) тармақшаларымен толықтырылсын:
«23) оларды діни бірлестіктер сатқан жағдайда діни керек-жарақтар.
Діни керек-жарақтардың тізбесі мен діни бірлестіктердің тізбесін Қазақстан республикасының Үкіметі бекітеді;
24) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары қосылған құн салығынан босатылады»;
123) 249-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру, мыналарды:
1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінде (бұдан әрі – Жіктеуіш) көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді немесе жалға беруді.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар поселкелерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды;
2) Жіктеуіште көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар поселкелерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды.»;
124) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер
Қосылған құн салығынан:
1) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетулермен;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің жоралар мен рәсімдерді жүзеге асыруы бойынша қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар босатылады.»;
125) 253-бапта:
5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдары, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдары жүзеге асыратын кітапхана қызметін көрсету жөніндегі;»;
126) мынадай мазмұнда 253-1-баппен толықтырылсын:
«253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы қызмет көрсетулер
Осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларда көрсетілген шарттарға сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары іске асыратын 135-1-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларда көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.»;
127) 254-баптың 1-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиісті медициналық (ветеринариялық) қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бойынша медициналық (ветеринариялық) қызмет көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.»;
128) 255-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 13)-тармақшасымен толықтырылсын:
«13) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған діни бірлестіктер әкелетін діни керек-жарақтар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері егер діни керек-жарақтар:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге кірсе;
одан әрі сатуға арналмаған болса, қолданылады.»;
129) 256-бапта:
1- тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:»;
1)-тармақша алып тасталсын;
2) және 3)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шот-фактура жазылған күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжатты жазып берген болса;
3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілгенболса;
қосылған құн салығы төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;»;
мынадай мазмұнда 3-1)-тармақшасымен толықтырылсын:
«3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;
қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;»;
2-тармақтың 8)-тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Достарыңызбен бөлісу: |