Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


«172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар



бет4/19
Дата25.02.2018
өлшемі4,29 Mb.
#38240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

«172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар


Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар

1. Салық агенті дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде төлейтін, осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыс болып табылады..

Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да дивидендтерге жатады.



2. Жеке тұлға шетел валютасында алған (алуға жататын) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табысты салық агенті Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгеге мұндай табыстарды есептеу күніне нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып қайта есептейді.

3. Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі есебіне жазылған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

4. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде салықтарды есептеу мен төлеуді осы Кодекстің 178 және 179-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.»;

83) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«180-бап. Мүліктік табыс

1. Жеке тұлғаның (жеке кәсіпкерді, жеке нотариусті, жеке сот орындаушысын және адвокатты қоспағанда) салық салуға жататын мүліктік табысына:

1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс;

2) жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті өткізу (ақшадан басқа) кезінде құн өсімінен түскен табыс;



3) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады

2. Жеке тұлға шетел валютасында алған (алуға жататын) мүліктік табысты табысты салық агенті Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгеге мұндай табыстарды есептеу күніне нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып қайта есептейді.

3. Құн өсімінің табысы Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мынадай мүліктерді:

1) меншік құқығында меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір  жылдан аз уақыт болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;

2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраса, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

5) инвестициялық алтынды;

6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;

7) меншік құқығында меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт болған, мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу кезінде құн өсімі мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс болып табылады;

8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде қалыптасады

4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма, осы баптың 3-тармағының 1) -7) тамақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.



5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізу жағдайында мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен табыс болып табылады.

6. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізу жағдайында мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен табыс болып табылады.

7. Осы баптың 5, 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда сатып алу бағасы (құны) жоқ осы баптың 3-тармағының 1) -7) тамақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу жағдайында мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күніне мүлікті өткізген нарық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады

Бұл ретте мұндай нарықтық құн мұндай мүлік сатылған салықтық кезеңге салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақ мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

Осы тармақтың ережесі, оның ішінде:

өтеусіз оның ішінде сыйға беру, мұра, қайырымдылық және демеушілік көмек;

мәміле бойынша бағасы (құны) белгісіз түрінде алынған мүлікті өткізу кезінде қолданылады.



8. Осы баптың 3-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікке меншік құқығы туындаған күніне мүлікті өткізген нарық құны болмаған кезде құн өсімінен табыс:

1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен мүліктік бағалау құны арасындағы оң айырма құнның өсімі болып табылады. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;



2) осы баптың 3-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен жер учаскеснің кадастрлық (бағалау) құнының арасындағы оң айырма;

3) осы баптың 3-тармағының 5) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша - осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.

9. Осы баптың 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен табыс:

1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – оны өткізу бағасы (құны) мен сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма. Бұл ретте, опцион бойынша жеке тұлға сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйақысының мөлшері айқындалады;

2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.

10. Осы баптың 3-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс егер осы бапта өзгеше белгіленбесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып құны арасындағы оң айырма болып табылады.



11. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма болып табылады.

12. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы ғимараттан үлесті талап ету құқығын беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттан үлесті талап ету құқығын алған құн арасындағы оң айырма болып табылады.

13. Осы баптың 11, 12-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда сатып алу бағасы (құны) жоқ осы баптың 3-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күніне жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүлікке нарықтық құн арасындағы оң айырма болып табылады.

Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға. Бағалаушы мен салық төлеуші арасында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн осы баптың мақсатына орай нарықтық құн болып табылады.

Осы тармақтың ережесі, оның ішінде:

өтеусіз оның ішінде сыйға беру, мұра, қайырымдылық және демеушілік көмек;

мәміле бойынша бағасы (құны) белгісіз түрінде алынған мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде қолданылады.



14. Меншік құқығы туындаған күніне заңды тұлғаның құрылтай құжатына сәйкес жарғылық капиталына салым ретінде енгізілген осы баптың 3-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің нарықтық құны болмаған кезде құн өсімінен табыс:

1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша, - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады.



2) осы баптың 3-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша, - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма;

3) осы баптың 3-тармағының 5), 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша, - заңды тұлғаның құрылтай құжатына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.

15. Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс:

1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте, заңды тұлғаның жарғылық капиталына опцион бойынша жеке тұлға сатып алған бағалы қағаздарды салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйақысының мөлшерінде айқындалады;

2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.

16. Осы баптың 3-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілмеген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс:

1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен мұндай мүлікті сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма;

2) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.

17. Механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін, көлік құралының иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оны өткізу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы иесінің салықтық міндеттемесін орындау болып табылады.»;

84) 183-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Шетел валютасында алынған (алуға жататын) дара кәсіпкердің табысы, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгеге мұндай табыстарды есептеу күніне нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып қайта есептеледі.»;

85) 184-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған медиаторлардың табысы,.»;

86) 189-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер жеке тұлға ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы күнтізбелік жыл үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.»;

87) 191-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

88) 192-бапта:

1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.

Осы бөлімнің мақсатында

сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;

жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;

банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассаға қабылдау бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне көрсетілген қызметтерді қоспағанда);

орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі қаржы қызметтері деп танылады;

«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге қосылған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстары.



Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында осы мемлекет аумағында тіркелген резидент еместің жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуден түсетін табыстарына қатысты қолданылмайды;»;

     2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) оларға резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органы (директорлар кеңесі немесе өзге орган) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:

мұндай шығыстарды растайтын құжаттар (соның ішінде оның құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;

мұндай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарда болған мемлекеттік қызметшінің қонақ үйлерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;

мұндай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған шығыстар;

басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде қырық күнтізбелік күннен аспайтын кезеңі ішінде – әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;

басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық күнтізбелік күннен аспайтын кезеңі ішінде – әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден табысы болып табылмайды. Бұл ретте, басқарушылық міндеттерді орындау орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуі тиіс.

89) 193-бапта:

5-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы өнім беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер.

Егер тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) мұндай шығыстар бойынша жеке сома бөлмей Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар қосылған жағдайда, онда сатып алынған тауарлар құны мұндай шығыстарды ескере отырып шартта (келісімшартта) көрсетілген мәмілелер бағасы негізінде айқындалады.

Егер тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар қосылған, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сомасы мұндай шығыстардан жеке көрсетілген жағдайда, онда сатып алынған тауар бойынша құн мұндай шығыстар құнын есепке алмай айқындалады;»;

3) тармақшада:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге қосылған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаға төлейтіндерді қоспағанда бiр мезгiлде мынадай:»;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлғаның активтері құнында дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтердi төлеу күнiне 50-ден аспайтын пайызды құрайды.»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) бір мезгілде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50-ден аспайтын пайызды құраса, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге қосылған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;»;

мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) осы Кодекстің 135-1-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымдары роялти түрінде төлейтін табыстар.»;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет