Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет5/19
Дата25.02.2018
өлшемі4,29 Mb.
#38240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

90) 195-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша - табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;»;

91) мынадай мазмұндағы 196-1-баппен толықтырылсын:

«196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктері

Осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент еместер корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына ұсынады.»;

92) 197-бапта:

1-тармақтың бесінші абзацындағы «құн өсiмiнен түсетiн табыстарына» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының көздерінен» деген сөздермен толықтырылсын:

«1. Өткiзу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына Қазақстан Республикасының көздерінен қолданылады.»;

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Осы Кодекстің осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күнгі заңды тұлғаның акциялары (қатысу үлестері) немесе дивиденд төлемдері құнындағы мүлік үлесі оның (олардың) дивидендтер немесе акцияларын (қатысу үлестерін) төлейтін заңды тұлға иеленетін, акциялары (қатысу үлестері) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына өткізілетін жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкінің құны сомасының арақатынасы ретінде айқындалады.

Осы Кодекстің осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) қатысу үлестерін өткізу күні консорциумға қатысушылар (олардың) активтерінің жалпы құнындағы мүлік үлесі олардың акцияларын (қатысу үлестерін) қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны:

дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) (онда) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің;

дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) (онда) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.



Дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) (онда) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтерінің баланстық құн сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады.

Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) (онда) өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:

      дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнгі жеке қаржы есептілігінің;

      дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күннің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.»;

5 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі.

Осы бап мақсатында салық агенті:

1) осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 31) тармақшасында көрсетілген тұлға;

2) резидент емес жеке тұлға болып танылады.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға осы Кодекс немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі, филиалы, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан салық агенті болып танылады.»;

мынадай мазмұндағы 5-1 - тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде салық агенті болып табылмайтын тұлғадан табыс алатын резидент емес осындай табыс сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставканы қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«8. Табыс салығының сомасын бюджетке аударуды салық агентi осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.

Осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептелген бюджетке табыс салығын аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін оның Қазақстан Республикасында тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің 196 және 203 баптарында белгіленген мерзімде салық агенті ұсынады.

Осы баптың 5-1 – тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент еместер осы Кодекстің 196-1 және 205 баптарында белгіленген мерзімде табыс салығы бойынша декларация тапсырады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін мұндай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

  Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.»;

10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде резидент емес үшiн құн өсiмiнен түсетiн табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарындағы ережелердi қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.»;

93) 198-баптың 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырумен байланысты басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.»;

91) 200-баптың 3-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылған декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.»;

94) 200-1-бапта:

1-тармақта:

4) тармақшада:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетінді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:»;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнына жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі дивидендтерді төлеу күніне 50-ден аспайтын пайызды құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер»;

8) тармақшада:

төртінші абзацтағы «осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын:

8) бір мезгілде мынадай:

егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсiмiнен түсу талаптары орындалған кездегі табыстар:»;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның активтері құны немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құны осындай өткiзу күнiне 50-ден аспайтын пайызды құрайды;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымының тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асыру орнына дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға нақты жұмсаған шығыстарын төлеу (өтеу) түрiндегi

және осындай дербес бiлiм беру ұйымының қызметкері болып табылатын;

осындай дербес бiлiм беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын;

осындай дербес бiлiм беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін және мұндай жұмыстарды тікелей орындайтын және мұндай қызметтерді көрсететін резидент емес заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын резидент емес жеке тұлға алған материалдық пайда.»;

95) 201-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдік валютамен табысты төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыс есептеу күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.»;

96) 208-бапта:

1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын :

«1. Егер Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезінде басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегеруге халықаралық шарттың ережелерімен жол берілген жағдайда, онда мұндай шығыстардың сомасы, мынадай:

      1) шығыстарды барабар бөлу әдісі;

2) шығыстарды шегерімге тура (тікелей) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.



Осы кодекстің және 209-211-баптардың мақсаттары үшін басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырумен байланысты резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде нақты шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстары деп мыналардан басқалары танылады:

қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соққан резидент емес заңды тұлғаның тікелей филиалы немесе өкілдігі немесе резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай осы Кодекстің 100-122 баптарына сәйкес шегерімге жататын тұрақты мекеме шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары);

басқа елдерде резидент емес заңды тұлғаның тікелей филиалдары, өкілдіктері немесе тұрақты мекемелері шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстары (бұдан әрі – басқа елдерде тұрақты мекемелердің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары).

2. Басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары - бұл ұйымды басқаруға, өндірістік процеспен байланысты емес басқарушы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.

3. Резидент емес заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салық кезеңі ішінде басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің бірін ғана қолданады.

Басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу бойынша ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшада көрсетіледі..»;

4, 5 және 6 - тармақтар алып тасталсын;

7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде мынадай растаушы құжаттар:

1) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резидент емес заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

3) резидент емес заңды тұлға құрылған және (немесе) резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған атауы жазылған резидент емес заңды тұлғаның мөрі басылған (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қолтаңбасымен осындай заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі болған кезде ғана шегерімге жатқызылады.

Бұл ретте, осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының жалпы сомасы бөлек жазып көрсетілуі тиіс;

3-1) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының сомасын бөлумен:

шығыстардың түрлері бойынша басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын;



Қазақстан Республикасы тұрақты мекемесінің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын;

басқа елдердегі тұрақты мекемелердің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын таратып жазу;

3-2) резидент емес заңды тұлғаға орындалған (көрсетілген) жұмыстардың, қызметтердің байланыстылығын растайтын, олар бойынша шығыстар Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырумен басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарына енгізілген құжаттар.

Осы тармақшаның ережелері резидент емес заңды тұлға шығыстарды пропорционалды бөлу әдісін қолданған жағдайда қолданылады;

4) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде).

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне байланысты мынадай деректер:

1) тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;

2) тұтас алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы;

3) тұтас алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны ашып көрсетілуге тиіс.

Егер осы тармақта көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте нотариус куәландырған осындай құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.»;

8-тармақ алып тасталсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.»;

10-тармақ алып тасталсын;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің шегеріміне қабылданбайды.»;

97) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Барабар бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының сомасы басты офистің шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде анықталады..»;

98) 211-бапта:

1 және 2 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Басты офистің басқару немесе жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі басты офистің және тұрақты мекемелердің табыстары мен шығындарын (басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есептеуді жүргізген жағдайда пайдаланылады.

2. Басты офистің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары, егер олар растайтын құжаттар негізінде айқын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында тікелей жұмсалса, осы бапқа сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 208-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызады.»;

4-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы басты офис жұмсаған шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;

2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басты офис жұмсаған шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;»;

3) тармақша алып тасталсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасында да, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында басты офис жұмсаған шығыстардың есебі бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есептік құжаттардың негізінде жасалған салық тіркелімдері.

Басты офис жұмсаған шығыстардың есебі бойынша салық тіркелімінің нысаны, оны толтыру тәртібі тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық есебі саясатында бекітіледі.»;

99) 212-баптың 6-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі, табыс ету мерзімі осы баптың 3-тармағына сәйкес резидент еместің салық агентіне осындай құжатты тапсырғаннан кейін басталатын, салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.»;

100) 219-баптың 4 және 5 – баптары мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында резидент еместің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы-резидент еместің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.

Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті резидент емес деп танылады.

Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігінің уақыт кезеңі көрсетілмеген жағдайда, резидент емес осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.

Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы-резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.

5. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландыратын қолы қойған мен органның мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қолы мен мөрі осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.»;

101) 223-баптың 1-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет