Лекция тақырыбы: Мектептің биологиялық білім беру бағдарламасындағы 6-сыныпта жүргізілетін зертханалық жұмыстардың әдістемелік негіздері Лекцияның оқыту нәтижелері



бет1/6
Дата24.11.2023
өлшемі32,76 Kb.
#193339
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 лекция Nurlan Akhmetov


8 лекция тақырыбы: Мектептің биологиялық білім беру бағдарламасындағы 6-сыныпта жүргізілетін зертханалық жұмыстардың әдістемелік негіздері
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың түрлерін біледі.
2. 6-сыныпта жүргізілетін зертханалық жұмыстардың әдістемелік негіздерін түсіндіреді, ерекшеліктерін ажыратады.
Лекция мазмұны:
Биология ғылымы – эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өткізілетін зертханалық, практикалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет.
Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ екендігін айта кеткеніміз жөн. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасалмағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізуге мүмкіндік жасалып отыр.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу барысында МЖББМС (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламаcы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген), жалпы білім беретін мектептер туралы нормативтік құжаттар, «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыру Ережесі» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі №375 бұйрығы) басшылыққа алынады.
Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Бүгінгі күні бұл талаптарды орындау шағын жинақты мектептер (әрі қарай ШЖМ) үшін мүмкін болмай отыр. Себебі шалғайда жатқан ауыл мектептерінде, яғни шағын жинақты мектептерде жоғарыда көрсетілген биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге жағдай жасалмаған. Сондықтан қазіргі күні бұл жұмыстарды шағын жинақты мектептерді біріктіретін жақын маңдағы тірек мектебі (ресурстық орталық) (әрі қарай – ТМ (РО)) базасында ұйымдастыру жағы қарастырылуда. ТМ (РО) де оқушыларға пәндік және сыныптан тыс жұмыстар, эксперименттік зерттеу, практикалық жобалау іс әрекеттері бойынша өзіндік жұмыстар ұсынылады. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітілген. ШЖМ оқушылары үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) 3 - 10 күннен (сессия) тірек мектептерінде білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессия аралық кезеңде шағын жинақты мектепте оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Тәжірибе көрсеткеніндей, ресурстық орталықтарда биология пәнінің мұғалімі зертханалық, практикалық сабақтарда зерттеу әрекеттерінің түрлі формаларын шебер үйлестіре білуі маңызды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:

  1. Жануарлар мен өсімдіктерге бақылау жүргізу, ағзалардың тіршілік функцияларын оқып үйрену;

  2. Ресурстық орталық жанындағы тәжірибелік - практикалық жұмыстар;

  3. Табиғатта жүргізілетін бақылаудың көмегімен жергілікті биоценоздардың флорасы мен фаунасын оқып үйрену;

  4. Фенологиялық бақылау жүргізу;

  5. Түрлі тақырыптар бойынша көрнекіліктер әзірлеу;

  6. Ойындар, ертеңгіліктер, кештердің тақырыптық жоспарларын құру;

  7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  8. Тәжірибенің жаңа нұсқасын әзірлеу;

  9. Тәжірибенің қойылу әдістемесіне өзгерістер енгізу;

  10. Жаңаларды қолданып биологиялық оқу жобасын құру;

  11. Практика, зертханалық тәжірибелерінің мультимедиялық презентацияларын сабаққа көрнекілік ретінде әзірлеу;

  12. Күрделі биологиялық және экологиялық үрдістерді компьютермен модельдеу;

  13. Компьютерлік программалар арқылы саяхаттау кезіндегі кездейсоқ жағдайлардан шығуға түрлі ойындар әзірлеу;

  14. Оқулықпен жұмыс: жаңаны үйрену, кестелермен жұмыс;

  15. Үйлестірмелі материалдармен жұмыс;

  16. Қосымша әдебиеттермен жұмыс;

  17. Өтілген тақырыптар бойынша тірек-сызбалар әзірлеу;

  18. Сабаққа қосымша материалдардан хабарламалар әзірлеу;

  19. Ғылыми практикалық конференцияларға, семинарларға баяндамалар әзірлеу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет