Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет14/19
Дата25.02.2018
өлшемі4,29 Mb.
#38240
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Бұл ретте:

1) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етiлген айдың соңғы күнi оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтау күнi болып табылады;

2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етiлген айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастау күнi болып табылады.

5. Осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда, салық төлеушілер талаптарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жеру бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етуге міндетті.

Бұл ретте:

1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеу туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастау күнi болып табылады.

6. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

Бұл ретте:

1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеу туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;

7-тармақ алып тасталсын;

191) 436-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу

1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады.

3. Осы Кодекстің 435-бабының 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап алған салық төлеушінің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте немесе өзге арнаулы салық режимінде белгіленген тәртіпте салық салынуға жатады.

4. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзетуге осы Кодекстің 433-бабында белгіленген табыстың сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады. »;

5-тармақ алып тасталсын;

192) 439-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

1) Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;

2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі;

3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.»;

193) 441-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етедi.

Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін таңдауды осы Кодекстің 426-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.

Бұл ретте::

жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкерді салық органдарында мемлекеттік тіркеу күні;

жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.»;

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақ алып тасталсын;

4, 5 жне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;



«4. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етуге мiндетті.

Бұл ретте:

1) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, дара кәсіпкерлер талаптарға сәйкессiздiк туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етедi және жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режимiне ауысады.

Бұл ретте:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

6. Салық органы дара кәсіпкерлердің осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

Бұл ретте:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.»;

7- алып тасталсын;

194) 442 бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің  бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 

«4. Осы кодекстің 441-бабы 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастаған күннен бастап алған салық төлеушінің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгiленген тәртiпте немесе өзге де арнаулы салық режимiнде белгіленген тәртіпте салық салуға жатады.»;

195) 443-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«443-бап. Салық салу объектісі

Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан, қаладағы аудан, қала) бойынша орташа жердің және жер учаскесі ауданының 1 гектарының бағалау құны негізге алына отырып, айқындалады.»;

196) 444-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бірыңғай жер салығын жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептейді.

Жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бөлу және жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы айқындалады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін учаскесіне иелік етудің (пайдаланудың) нақты кезеңі үшін есептейді.

Жалға алушының нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

Жалға берушінің нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесі жалға берілген айды қоса алғанда, жер учаскесіне нақты иелік ету кезеңі үшін жүргізіледі.»;

197) 448-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері  үшін  арнаулы салық режимі (бұдан әрі - арнаулы салық режимі);

оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;



жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері  үшін  арнаулы салық режимін таңдаған кезде осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы режимді қолдану шарттарына сәйкес бір күнтiзбелiк жылдан кем емес мерзімде қолданады.

Арнаулы салық режимі корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:

жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;

толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

2) селолық тұтыну кооперативтерінің:

шаруа немесе фермер  қожалықтары  - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;

шаруа немесе фермер  қожалықтары  - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы  өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.»;

4-тармақтың екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, кірістер мен шығыстардың, мүліктің есеп-қисабын бөлек жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.»;

198) 450-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiнен көшкен кезде салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етедi.

Жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген күннен кейін туындаған жағдайда, ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны салық органына аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.

Жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабы 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны салық органына табыс етедi.



Бұл ретте арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні мыналар болып табылса:

жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режимiн қолдану үшiн - заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні;

жаңадан құрылғандарды (пайда болғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен жылдан ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні.»;

2, 3, 4 және 5-тармақтары алып тасталсын;

6, 7, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiнен көшкен кезде салық төлеушi салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс етуге міндеттi.

Бұл ретте:

1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен күнтізбелік жылдың соңғы күні болып табылады;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен жылдан ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні болып табылады.

7. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтатуға арналған салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына табыс етедi және үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiнен көшеді.

Бұл ретте:

1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні болып табылады;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың бірінші күні болып табылады.



8. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

Бұл ретте:

1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні болып табылады;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың бірінші күні болып табылады.



9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнiнен бастап алған салық төлеушiнiң табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіптте немесе өзге арнаулы салық режимi тәртібінде салық салуға жатады.»;

199) 451-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі

1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.

2. Осы бапта көзделген корпорациялық табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.

3. Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бапты қолданған кезде:

1) есепті салық кезеңінің басында қалыптасқан өсу қорытындысымен есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кетуі) болмаған жағдайда, осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасы 70 пайызға азайтылады;

2) есепті салық кезеңінің басында қалыптасқан өсу қорытындысымен қосылған құн салығының асып кетуі болған жағдайда, осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасы мен осындай қосылған құн салығының асып кетуі арасындағы оң айырма 70 пайызға азайтуға жатады.»;



200) 455-баптың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мыналарды:

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

дара кәсіпкерлерді;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет