З. Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі Интеллектуальдық сайыс Тақырыбы: «Топтық рух-табыстың кілті» Сынып жетекші: Даулетбаева Т. О тақырыбы: «Топтық рух-табыстың кілті»



бет1/2
Дата10.11.2022
өлшемі18,96 Kb.
#157429
  1   2
Байланысты:
Топтық рух табыстың кілті


З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі

Интеллектуальдық сайыс

Тақырыбы: «Топтық рух-табыстың кілті»

Сынып жетекші: Даулетбаева Т.О



Тақырыбы: «Топтық рух-табыстың кілті»
Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге дағдыландыру.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Әдісі: топтық жұмыс жасату, (миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Барысы:
Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,
әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін «деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой- бөлісеміз.
Сергіту сәті. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.
Топқа бөлу. Біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз адамгершілік тақырыбында болғандықтан біздің сабағымызға ата- аналар да қатысып отыр, сондықтан «Тұрғындар мен үйлер» деп аталатын әдіс арқылы топқа бөлінеміз.
Топқа бөлінгеннен кейін үш топтан бір оқушыдан шығарып алып сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Әңгімелесу сұрақтары мынандай болып құрылады.
-Егер сыныптасың сені үзілісте мазақтаса ол оның қандай мінезі.
-егер өтірікті көп айтатын балада қандай қадір болады
-егер сен бір адамға көмек көрсетсең ол қандай қасиетке жатады
-егер сен үлкен адаммен қатар есікке келсең сен не істейсің? Ал енді отыра қойыңдар, ал балалар сендер не айтасыңдар. Бұл туралы не ойлайсыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет