Термин Анықтама



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі20,63 Kb.
#157143
  1   2
Байланысты:
курстық жұмыс
Жоба әдістемесінің ерекшеліктері Ризабек н, Adobe Scan 14 дек. 2021 г., Adobe Scan 14 дек. 2021 г., КЖ кезендер

Тест
Ғылым, Ғылым субъектісі, Объект (нәрсе, пән саласы), Педагогика әдіснамасы, Курстық жұмыс, Әдіснаманың теориялық жағы, Әдіснаманың нормативтік жағы, Ғылыми педагогикалық зерттеу, Эмпирикалық (практикалық), Теориялық, Әдіснамалық, Ізденістік зерттеулер, Іргелі (фундаментальды) зерттеулер, Қолданбалы зерттеулер, Біртұтастылық, Тұлғалық, Әрекеттік ұстаным, Диалогтық ұстаным, Мәдениеттанымдық ұстаным, Аксиологиялық (құндылық) ұстаным, Синергетикалық ұстаным, Акмеологиялық (биіктік, шың) ұстаным, Ғылыми зерттеу, Ғылыми-педагогикалық зерттеулер, Эмпириялық деңгей, Зерттеудің теориялық деңгейінің ерекшелігі
терминдерінің анықтамаларын табыңыз



Термин

Анықтама




Барлық оқу мерзімінде жалпы білім беру және арнайы циклдағы пәндер бойынша үштен аспайтын курстық жұмыс орындауға рұқсат етіледі.




Педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға, педагогикалық үдерістің жекелеген қырларын тереңірек зерттеуге бағытталады.




Онда модельдеу, гипотезаны әзірлеу, эксперименттің болуы. Осы деңгейде зерттеуші білім беру үрдісінің тікелей өзінде жұмыс істемейді, керісінше модельдермен, яғни түпнұсқаның нақтылы қасиеттерін жүйелі түрде өнідірумен айналысады.




Өзін-өзі ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді. Бірлесе жұмыс жасау, сол бірлескен әрекетте өзінің орнын табу; осы екі ұйғарымда дұрыс шешім қабылдауды жүзеге асырады.




Білімділік процестері мен құбылыстары туралы жаңа білімді алуға бағытталған жүйелі танымдық әрекетті атайды




Педагогикалық нысананы (объектілерді) қараудың жалпы принциптерін, ғылым мен педагогикалық зерттеудің жалпы және жеке әдістерінің жүйесін зерттейді




Әдіснаманың негізгі ұстанымдарының бірі. Мәдениеттің үлгілері адам жанын өңдейді, құнарландырады, нәрлендіреді.






Педагогикалық теория, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білімдер жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарының жиынтығы туралы педагогика ғылымының бір бөлігі




Тәжірибені сипаттау әдістерінің көп болуымен және онда жүйелі түрде қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтаумен сипатталады




Жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын танымдық әрекет түрі және оқыту, тәрбиелеу және тұлға дамуының объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс болғандықтан, объективтілігі, нақтылығы, дәлелділігі жағынан сипатталады.




Бұл білім оның тиімділігін қамтамасыз ететін зерттеудің арнайы тәсілдерін қолдану барысында алынуы қажет.




Оқытушымен, ұжыммен, кітаппен қарым-қатынас.






Әдіснаманың басты ұстанымының бірі болып табылады. Оның нәтижесінде адамның қоршаған ортаны өзгертуі орын алады.




Жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, талдау және жалпылау, практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық талдаудан өтеді




Негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын-ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады




Өзіндік ерекшелігі жаңа білімдерді тудыратын, танымдық әрекет түрлерінің бірін айтады






Эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылыстың жалпы принциптері мен әдістері мен теориясы құрылады




Студенттің жыл бойына орындайтын оқу жұмысының міндетті түрі






Зерттеу жұмысының тұлғаға бағытталуы, оның дамуының түп-тамыры өзін-өзі дамытумен байланысты екенін назарда ұстау, оның еркіндігін: адами интеллектуалдық еркіндігін мойындау, яғни зерттеу жұмысымыз адамның жеке қасиеттеріне әсер етпейтіндей жүргізілуі керек.




Табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы






Ғылымда жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін






Білім мен тәрбиенің бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын тұтастығы.






Алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні






Ғылыми жаңалықтарды ашу мақсатымен зерттеудің принциптік жаңа бағыттарын табу үшін жүргізіледі. Олар белгілі бір теория мен идеяларға сүйенеді, ізденістердің барысында әрбір теорияларға, тұжырымдарға сын көзбен қайта қаралып, елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.




Табиғаттың жаңа заңдарын ашуға, табиғи құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға және құбылыстарды, процестерді, айғақтарды түсіндіруге бағытталады.




Адамның белгілі бір биіктерді бағындыруы.






Педагогикалық заңдылықтарды, педагогикалық зерттеудің қандай идеялардан (философиялық, биологиялық, психологиялық) анықтап, қорытынды шығарады




Оқытушының практикалық қызметінің түбегейлі өзгеруімен байланысты зерттеудің міндеттеріне сәйкес орындалатын зерттеу жұмысы







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет