Термин Анықтама



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі20,63 Kb.
#157143
1   2
Байланысты:
курстық жұмыс

Тест



Термин

Анықтама

Курстық жұмыс

Студенттің жыл бойына орындайтын оқу жұмысының міндетті түрі

Ғылым 

Табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы

Ғылым субъектісі

Ғылымда жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін


Объект (нәрсе, пән саласы)

Алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні



Педагогика әдіснамасы

Педагогикалық теория, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білімдер жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарының жиынтығы туралы педагогика ғылымының бір бөлігі

Әдіснаманың теориялық жағы 

Педагогикалық заңдылықтарды, педагогикалық зерттеудің қандай идеялардан (философиялық, биологиялық, психологиялық) анықтап, қорытынды шығарады

Әдіснаманың нормативтік жағы 

Педагогикалық нысананы (объектілерді) қараудың жалпы принциптерін, ғылым мен педагогикалық зерттеудің жалпы және жеке әдістерінің жүйесін зерттейді

Ғылыми педагогикалық зерттеу

жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын танымдық әрекет түрі және оқыту, тәрбиелеу және тұлға дамуының объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс болғандықтан, объективтілігі, нақтылығы, дәлелділігі жағынан сипатталады.

Эмпирикалық (практикалық) 

Жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, талдау және жалпылау, практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық талдаудан өтеді

Теориялық

Негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын-ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады

Әдіснамалық

Эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылыстың жалпы принциптері мен әдістері мен теориясы құрылады

Ізденістік зерттеулер 

Ғылыми жаңалықтарды ашу мақсатымен зерттеудің принциптік жаңа бағыттарын табу үшін жүргізіледі. Олар белгілі бір теория мен идеяларға сүйенеді, ізденістердің барысында әрбір теорияларға, тұжырымдарға сын көзбен қайта қаралып, елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

 Іргелі (фундаментальды) зерттеулер 

Табиғаттың жаңа заңдарын ашуға, табиғи құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға және құбылыстарды, процестерді, айғақтарды түсіндіруге бағытталады.

Қолданбалы зерттеулер 

Педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға, педагогикалық үдерістің жекелеген қырларын тереңірек зерттеуге бағытталады.

Біртұтастылық

Білім мен тәрбиенің бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын тұтастығы.

Тұлғалық

Зерттеу жұмысының тұлғаға бағытталуы, оның дамуының түп-тамыры өзін-өзі дамытумен байланысты екенін назарда ұстау, оның еркіндігін: адами интеллектуалдық еркіндігін мойындау, яғни зерттеу жұмысымыз адамның жеке қасиеттеріне әсер етпейтіндей жүргізілуі керек.

Әрекеттік ұстаным 

Әдіснаманың басты ұстанымының бірі болып табылады. Оның нәтижесінде адамның қоршаған ортаны өзгертуі орын алады.

Диалогтық ұстаным 

Оқытушымен, ұжыммен, кітаппен қарым-қатынас.

Мәдениеттанымдық ұстаным 

Әдіснаманың негізгі ұстанымдарының бірі. Мәдениеттің үлгілері адам жанын өңдейді, құнарландырады, нәрлендіреді.



Синергетикалық ұстаным

Өзін-өзі ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді. Бірлесе жұмыс жасау, сол бірлескен әрекетте өзінің орнын табу; осы екі ұйғарымда дұрыс шешім қабылдауды жүзеге асырады.

Акмеологиялық (биіктік, шың) ұстаным 

Адамның белгілі бір биіктерді бағындыруы.

Ғылыми зерттеу

Өзіндік ерекшелігі жаңа білімдерді тудыратын, танымдық әрекет түрлерінің бірін айтады

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер

Білімділік процестері мен құбылыстары туралы жаңа білімді алуға бағытталған жүйелі танымдық әрекетті атайды

Эмпириялық деңгей

Тәжірибені сипаттау әдістерінің көп болуымен және онда жүйелі түрде қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтаумен сипатталады

Зерттеудің теориялық деңгейінің ерекшелігі

Онда модельдеу, гипотезаны әзірлеу, эксперименттің болуы. Осы деңгейде зерттеуші білім беру үрдісінің тікелей өзінде жұмыс істемейді, керісінше модельдермен, яғни түпнұсқаның нақтылы қасиеттерін жүйелі түрде өнідірумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет