1.Ұйымдастыру сәті.
Топтастыру: Елбасының жастарға арнаған қанатты сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді.
1.Ертеңімізді /жасайтын/ біздің/ жастар./
2.Ел/ ертеңі/-білімді/ жастар./
3.Жастар/-қоғамдағы/ қозғаушы/ күш./
2. Үй тапсырмасын қайталау
3. Оқу мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру
Берілген сұрақтар көмегімен тақырыпты болжау
-Жастар мен БАҚ-ты не байланыстырады?
-БАҚ-тың жастар психологиясына әсері қандай?
-Сіздің сүйікті телебағдарламаңыз қандай?
-Бұқаралық ақпарат құралдарына көңіліңіз тола ма?
Сөздікпен жұмыс: тақтада берілген сөздердің синонимін табуы тиіс.
-әсері, ықпалы.
-нышаны, белгісі,
-«өркениетті адам», өзін үнемі дамытатын
-жауапкершілікке ие, жауапкершілігі бар,
-бұқара санасы, халықтың санасы,
-құрамдас бөлігі, негізі
Мәтінді алдымен жұпта, сонан соң топқа талқылайды.
Мәтінмен жұмыс: «Джигсо» әдісі арқылы
Тапсырма:
1. Мәтінді оқу, мазмұнын түсіндіру
2. Мәтіндегі өзекті мәселені айқындау
3. Берілген сөйлемнің мәнін сақтай отырып жазу
Бағалау критерийлері:
1.Мәтіннің мазмұнын түсінеді
2. Өз көзқарасын өмірмен байланыстыра отырып жеткізеді
3. Сөйлемдерге перифраза жасайды.
Берілетін сөлемдер:
-Әлеуметтанушылардың зерттеуінше, жетпіс бес жыл өмір сүрген «өркениетті адамның» елу жылы белсенді әрекет ету арқылы өтетін көрінеді.
- Бүгінде БАҚ адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды.
- Жастарға әсеріне байланысты Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі.
- Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды, «геройлары» қуанса қуанып, мұңайса мұңайып жүреді.
- БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды саналатын бағдарламаларға тосқауыл қою керек.
Оқылымнан кейінгі тапсырма:
Венн диаграммасы (Жұптық жұмыс) БАҚ-тың жастарға әсері.
Оң әсері Теріс әсері
Бағалау критерийлері:
1. Жұптық жұмыста белсенді.
2. Оң, теріс жақтарын айқын көрсетеді.
3. Антоним сөздерін көбірек қолданады.
БАҚ және жастар тақырыбы бойынша 3 топ 3 түрлі мәселе қозғап, жоба жасайды.
1.Сабақта мен қандай тапсырманы қызыға орындадым?
(1-2 мысал жазыңыз).
2.Келесі сабақта маған нені жақсарту керек? (Ұсыныс жазыңыз).
Блогерлермен сұхбат даярлау
|