Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімін бекіту және терендету. Осы топтың дәрілерімен танысу, рецепт жазу



бет1/6
Дата20.11.2023
өлшемі26,55 Kb.
#192455
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
f6063eda1477640




Миометрияға әсер ететін дәрілер


Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімін бекіту және терендету. Осы топтың
дәрілерімен танысу, рецепт жазу.


Оқушы білуге тиіс: Дәрілердің фармакологиялық тобын, әсерлерің,
мөлшерін. Дәрілердің салыстырмалық мінездемелерің,
қолдануын, жағымсыз әсерлерін.


Оқушы істей білуге тиіс: Рецепт жаза білу. Дәрілердің нұсқауларымен
жұмыс істей білу, дұрыс мөлшерін табу.

І – Дәріс


Жатыр кіші жамбаста орналасқан қуыс орган, жатырдың бұлшық еттерін миометрия деп атайды, толғақ кезінде миометрийдің жиырылуы, нәрестенің туу жолдарымен өтуін қамтамасыз етеді. Фармакологиялық заттармен миометрийдің ритмикалық жиырылуын күшейтіп немесе әлсіретуге болады.


Миометрийдің тонусын және жиырылу күшін қоздыратын дәрілер немесе токомиметиктер деп аталады.
Но-шпа – Oxytoсinum; шығу түрі: амп 1 мл (5 ЕД) N5, көк тамырға 5%- 500 мл глюкоза ерітіндісімен, немесе бұлшық етке 0,5 –1 мл,
Окситоцин – гипофиздің артқы бөлігінің гормоны, миометридің тонусын жоғарылатып, ритмикалық жиырылуын қоздырады, жатырдың окситоксинге сезімталдығы жүктілік басында төмен болып, толғақ және босану кезінде жоғарылайды.
Қолданылуы: толғақ кідіргенде оны туғызу үшін немесе толғақтың әлсіздігіне, толғақты қоздыру үшін, босанғаннан кейін гипотоникалық қансырауды тоқтату үшін.
Дезаминоокситоцин – Desaminooxytocinum; шығу түрі: таб. 50 ЕД N10, таблетканы жақ түбіне қолданады, әбден сіңгеше.
Әсері: жатыр бұлшық етін қоздырады, сүт бездерінің секрециясын күшейтеді.
Қолданылуы: толғақтың әлсіздігінде, емшекте сүт аз болғанда.
Питуитрин – Pituitrinum; шығу түрі: амп 1 мл (5 ЕД) N10, тері астына, бұлшықетке 0,2-1 мл. көктамырға 500мл 5% глюкоза ерітіндісімен еңгізеді.
Питуитрин – гипофиздің артқы бөлігінің гормоны, құрамында 2 гормон бар, окситоксин және вазопрессин, сол себептен питуитрин жатырдың жиырылуын туғызып қоймай (вазопресиннің әсерінен) қан қысымын жоғарылатады, несеп жиналуына әсер етеді, соңғы әсері толғақ әлсіздігінде жағымсыз әсер болып саналады.
Қолданылуы: толғақ әлсіздігінде, босанғаннан кейін болатын қансырауда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет