1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе



Дата09.12.2021
өлшемі19,16 Kb.
#78574
Байланысты:
1-1


1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе 

1. Молекулалық биология» пәнінің анықтамасы. Молекулалық биологияның тіршілік жүйесі туралы ғылымдар ішіндегі ролі.

Молекулалық биология ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл ғылымның дамуын У.Эстбюрдің атымен байланыстырады, 1939 жылы ол өзін молекулалық биологпын деп атаған.

Ол екі жылдан кейін алғашқы рет ДНҚ рентгенограммасын алған, сол себепті «ең басты молекуланың« дәл құрылымын зерттеудің бастамасын жасады. Бірінші рет молекулалық биология деген ұғымды атаған У. Уивер. Ол Рокфеллер фондысының жаратылыстану бөлімін басқарған. Ол 1938 жылы былай жазған еді: химия мен физиканың биологиямен шектесетін шекаралас аймақтарында біртіндеп жаңа ғылым саласы молекулалық биология дамып отыр, ол жапқышпен көмкеріліп тұрғандай, әлі белгісіз болған тірі клетканың басты қасиеттерін аша бастады. Осындай жағдайда қазіргі биологияның жаңа бағыты туралы алғашқы постулат пайда болды, ол биологтардың, химиктердің және физиктердің тірі табиғат объектерін зертеудегі ізденістерін біріктіріп алға қарай дамытуда үлкен үлес қосты.

Оның ары қарай дамуына биохимиядағы, цитологиядағы және генетикадағы шешілмей тұрған проблемалар себеп болды. Осындай, ХХ ғасырдың ортасындағы қалыптасқан биологиялық ғылымдар молекулалық биологияның дамуына жол ашып, өздерінің алдына тіршілікті молекулалық деңгейде зерттеуге мақсат етіп қойды.

Молекулалық- биологиялық зертеулердің орталық мәселелері- тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері, гендер табиғаты және ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалаушылық белгілері мен олардың берілу механизмдері.

Жаңа формация бағытындағы генетиктер ( Т.Морганның, Н.К. Кольцовтың, Н.В.Тимофеев-Ресовскийдің және басқалардың ) және АҚШ -тан Европаға 30 жылдардың аяғындағы эмиграцияға кеткен физик-теоретиктер мен экспериментаторлар М. Дельбрюктоң басшылығымен онда « фагтар зерттеу тобын » құрған. Олар вирустар мен бактериофагтардың мутагенезы мен молекулалық құрлысын зертеуді бастаған. Кейін бұл жұмыстар бұрынғы ҚССРО елінде Б.Ф. Поглазовтың, Н.А.Киселевтың және басқа ғалымдардың зерттеулерінің арқасында тереңірек дамыған. Бұдан сәл бұрынырақ В.А. Энгельгардт М.Н. Любимова бұлшық еттің созылып-жиырлу механизмін ашса, А.Н. Белозерский өсімдіктен бірінші рет ДНҚ –ны өсімдіктен бөліп алған, бұлар да молекулалық биолгияның іргелі ғылыми бағыттарының бірі. Бұл әйгілі ғалымдардың есімдері кейіннен ірі ғылыми-зерттеу орталықтарына берілді: В.А.Энгельгардт атындағы ҚСРО -ғылым академиясының Молекулалық биология бойынша зерттеу институты, М.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті жанындағы А.Н.Белозерский атындағы физикалық-химия зерттеу институты.

ХХ - ғасырдың 50-ші жылдарының басында биохимияда белоктар мен нуклеин қышқылдарының қарапайым құрылысы туралы іргелі жаңалықтар алынып, онда полипептидтік тізбектерінің ұйымдасу дәрежесі, оның ішінде нуклеотидтердің құрылысы мен олардың ДНҚ мен РНҚ молекулаларындағы кездесетін сандық мөлшерлері заңдылығы ашылды ( Э.Чаргафф). Бұл көрсетілген жұмыстар, сонымен қатар Англияда, Розалинд Франклин мен Морис Уилкинсон жүргізген рентгенструктуралық анализдің көмегімен жүргізілген ДНҚ структурасының биофизикалық зерттеулері «фагты зерттеу тобының « шәкірті Джеймс Уотсон мен англиялық физик Френсис Крикка гендердің молекулалық табиғаты мен олардың ДНҚ құрамындағы өзін-өзі көбейте алу ( репликация) механизмдерін ашуға көмек болды.

 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі : 

Негізгі

1. Коничев А.С, Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. – М.: ACADEMA, 2005.

2. Аношкина Е.В., Кондратенко Е.И., Ломтева Н.А. Молекулярная биология. – Астраханский университет, 2007.

3. Уотсон Дж. Молекулярная биология гена. М.: Мир, 1978.

4. Молекулярная биология: Структура и биосинтез нуклеиновых кислот ( под ред. Спирина А.С.-М.: Высшая школа, 1990.

5. Молекулярная биология: Структура рибосом и биосинтез белка ( под ред. Спирина А.С.). –М.: Высшая школа, 1996.

6. Степанов В.М. Молекулярная биология. Структура и функции белков.-М.:Высшая школа, 1996.

7. Альбертс Б., Брейм Д., Льюис Дж., Рефф М., Робертс К.,Уотсон Дж. Молекулярная биология клетки в 5-и томах.-М.:Мир, 1994.

8.Сингер М., Берг П. Гены и геномы. В 2-х томах.-М.: Мир,1998.

9.Уотсон Дж., Туз Дж., Куру Д. Рекомбинантные ДНК.-М.: Мир, 1986.

10.Льюин Б.Гены. –М.: Мир, 1987.11. Зенгбуш П. Молекулярная и клеточная биология в 3-х томах.-М.: Мир, 1982.

11. Эллиот В., Эллиот Д. Биохимия и молекулярная биология.-М.:НИИ Биомедицинской химии РАМН, 2000.




Қосымша: 


  1. Овчиников Ю.А., Биорганическая химия.-М.: Просвещение, 1987. 


  2. Malacinski G.M., Freifelder D. Essentials of Molecular Biology. London. Jones and Bartlett Publishers, 1998. 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет