Әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік тарихи жағдайымен ерекшеленеді.
Ұқсас тарихи жағдайлардың пайда болуы да ықтимал. Мәселен, қазіргі адам
түрі қалыптаса бастаған кезде, бірдей тарихи жағдайлар Қытайда,
Үндістанда, Парсыда, Палестина мен Ежелгі Грецияда пайда болады. Міне,
осыны әлемдік өркениеттің «ордалық дәуірі» деп атайды.
3. ХІХ ғ. аяғында – ХХ ғ. басында тарих барысын ұғынуға қатысты
жаңа өркениеттік тәсіл пайда болады. Ол О.Шпенглер,
кейінірек
А.Тойнбидің және т.б. еңбектерінде қалыптастырылады. Освальд Шпенглер
(1880-1936 жж.) өзінің атақты танымалдығымен өзінің бірінші дүниежүзілік
соғыс кезінде жазылған «Еуропаның құлдырауы» еңбегінің бірінші томына
қарыздар.
Дәл осы еңбектен тарихты дискретті ұғыну дәстүрі бастау алады. Ол
дүниежүзілік тарихты тұтас, шексіз ағымды процес ретінде санамағанын
былай қойғанда, оны өздігінен белгісіз процесс деп санаған. Ол көршілес әрі
кезектес болып келетін түрлі жергілікті мәдениеттердің жиынтығы ретінде
ұғынылады.
Бұл
мәдениеттер
өз
дамуында
қатал,
дегенмен
ұғылатын
заңдылықтарға бағынып, қалыптасу, даму,
өркендеу және құлдырау
кезеңдерінен өтеді, бұл тарихи циклдердің тұжырымдамасын құрайды.
Сонымен қатар, Шпенглер әрбір мәдениетті тірі ағза ретінде қарастырады, ал
мәдениеттердің әрқайсысы жеке «рухқа» ие. Мұндай тұжырымдама тарихтың
биологиялық философиясы деп аталып кеткен.
Мәдениеттің өмір сүру уақытын Шпенглер 1000 жыл деп бағалайды,
себебі оны мәдениет биологиясының әмбебап константасы ретінде
қарастырады. Дүниежүзілік тарих небары 8 ұлы мәдениетті біледі.
Олардың барлығы жеке өркендеу дәуірінен өтті, өтуде немесе
болашақта өтеді, және олардың барлығы да өркениет, тоқырау, сүйектену
(окостенение) дәуірлеріне,
сондай-ақ, қандай да болмасын ұлы рух
туындыларын тудыру (өнер; ғылым, дін, философия) мүмкін болмайтын
дәуірге тұрақтамай кетпейді. Өркениет кезеңінде мәдениет тек техника мен
ұйымдастыруды ғана іске асыруға қабілетті болады, бұл оған өзінікін
арттыруға мүмкіндік береді.
Шпенглер өзі ойлап тапқан ілім мен әдіс жаратылыс ғылымдары тәрізді
дәл болатындығына, өткеннен келген историографиялық материалды таңдау
үшін
ғана емес, еуропалық мәдениеттің бүгінгі жағдайын талдау үшін де,
тіпті одан бетер, болашаққа дәл болжам жасау үшін де қолданылатындығына
сенген. Осыған сүйене отырып, Шпенглер өзін қапаландыратын еуропалық
мәдениеттің қазіргі жағдайына талдау жасауға әрекеттенеді.
Жаңа және тың жаңа дәуірдің техникалық дамуының барлық
жетістіктері оған еуропалық мәдениеттің өркениет фазасына өткендігі
туралы ой салады. Ал бұл – құлдырау фазасы, одан кейін ыдырау басталады,
кітаптың атауы да осыдан алынған болса керек – «Еуропаның құлдырауы».
Арнольд Дж. Тойнби (1889-1997 жж.) ХХ ғасыр тарихында болған ірі
философтардың бірі, ол мәдениеттер мен өркениеттердің генезисіне, дамуы
мен құлдырауына арналған он екі томдық іргелі «A Study of History»
еңбегінің авторы. Ол өзіне дүниежүзілік тарихтың өркениетті тудыруға да,
оны ыдыратуға да қабілетті ықпал етуші күштерін ұғыну міндетін қояды.
Өркениеттердің мәңгілік еместігі ХХ ғасырдың басындаақ күмән тудырған
жоқ. Тойнби өз зерттеуін тарихи зерттеудің ақылға қонарлық (яғни, адамның
түсінуіне тұрарлық) тақырыптық өрісін анықтау әрекеттерінен бастайды,
содан ұлттық мемлекеттер мұндай сапада қабылдана алмайтындығы туралы
тұжырымға келеді. Англияның тарихи жолын қарастыра келе, Тойнби
мемлекеттің ұлттық тарихының көптеген оқиғалары Англияның мыңдаған
әлеуметтік-мәдени байланыстары бар елдердің
тарихынан бөлек ұғынуға
келмейтіндігін көрсетеді.
Бұл тарихшы үшін талдаудың қарапайым бірлігіретінде Англия мен
оны қоршаған елдер біртұтастың құрылымдық бірліктері ретінде кіре
алатындай неғұрлым жоғары дәрежелі жалпылық мән болуы керектігін
білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби «өркениет» ретінде, ал нақтырақ айтқанда –
«христиандық Батыс өркениеті» немесе жай «батыс өркениеті» деп
анықтайды.
Өркениеттер генезисінің үш негізгі құраушылары ретінде, Тойнбиге
сүйенсек, әмбебап мемлекет, ғаламдық шіркеу және тайпалардың қозғалысы
болып табылады. Бұл құраушылардың болуы өркениеттің болғандығы
туралы айтуға мүмкіндік береді.
Дегенмен, өркениеттер өздігінен пайда бола алмайды; оның дамуы басталуы
үшін, ерекше тарихи жағдай қажет етіледі.
Осы тәрізді жағдайды Тойнби
«Үндеу-және-Жауап» жағдайы түрінде белгілейді. Ал өркениет генезисінің
барлық үш негізгі құраушысы бола тұра, Үндеу болмаған жағдайда, Жауап та
болмайды, бұл өркениеттің де болмайтынын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: