1 - тақырып. Сақтандырудың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері
Дәріс мақсаты:Сақтандырудың қажеттігі, функциялары мен қазіргі қоғамдағы қағидаларын талдау
Негізгі ұғымдар:Сақтандыру, сақтандыру функциялары мен қағидалары, сақтандырудың ерекшелік нышандары, сақтандыру компаниялары, сақтық қоры
Қарастырылатын негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
1. Сақтандыру ұғымы, оның қажеттігі, функциялары мен қағидалары
2. Сақтандырудың объективтік қажеттігі, экономикалық табиғаты
3. Сақтық қорлардың ұйымдық нысандары
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бipi.
Сақтандыру – сақтандырылған мүліктік мүдделерге зиян келтірілген уақытта, сақтандыру резервтерінің құрылуы мен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жарналарының шоғырлануын қакмтамасыз ететін мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылатын және сақтандыру қызметіне қатысушылар арасында тәуекелді қайта бөлумен байланысты экономикалық қызметтің ерекше түрі.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің, үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріc процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру бұл әртүрлі тәуекелдер кезіндегі сондай-ақ азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір жағдайларда көмек көрсету кезіндегі шығындарын өтеу үшін ақша қаражаттарының мақсатты қорларын құру және пайдалану әдістері мен формаларының жиынтығын қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.
Сақтандыру, бір жағынан, адамдардың бизнесі мен әл-ауқатын қорғау құралы, ал екінші жағынан, табыс әкелетін іс-әрекет түрі ретінде көрініс табады.
Сақтандырудың мәні оның функцияларынан көрініс табады. Сақтандырудың функциялары келесідей:
Тәуекелдік – сақтандыру тәуекелі сақтандырудың негізгі бағытына сәйкес зардап шеккен азаматтарға және шаруашылықтарға ақшалай көмек көрсетумен байланысты залалдың мүмкіндігін анықтау қызметі.
Ескерту функциясы – сақтандыру қоры қаражатының бір бөлігін тәуекелдің деңгейін және салдарын төмендетуге бағытталған.
Жинақтау функциясы- отбасының игіліктерін сақтандыру қажеттілігіне байланысты өмірінің соңына дейін ақшалай жинақтауын сақтандыру.
Бақылау функциясы – сақтандыру қорын міндетті құру және оның қаражаттарын мақсатты пайдалану ретіндегі, сақтандыру категориясының қасиетін сипаттайды.
Инвестициялық функциясы – сақтандыру резервтерін (активтерін) орналастырумен байланысты қызмет.
Сақтандыру қағидалары келесідей:
Мүліктік мүдденің болуы (сақтанушы мүдделі болмаса, қарым-қатынас болмайды;)
Екі жақтың бір-біріне деген жоғары сенімділігінің болуы (сақтандыру объектісі жайлы клиентке толық мәлімет берілмесе,тиімді келісімшартқа қол жеткізе алмайды)
Зиян немесе оқиғаның себеп-салдарының байланысты болуы (шығынның себебін түсіндірмей орнын толтыра алмайды)
Зиянның нақты көлемінде сақтандыру төлемдерін жүргізу (орнын толтыру төлемақылары алдын-ала келіскен сома көлемінде, бірақ нақты зиян сомасына ғана төленеді.)
Суброгация – сақтанушының құқығын сақтандыру төлемінің орнын толтырған сақтандырушығы беруі (сақтандыру төлемін төлегеннен кейін сақтандырушы клиенттің барлық құқығын алады және кінәлі үшінші тұлғалардан өндіріп алады.)
Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
2. Экономикалық категория ретіндегі сақтандырудың қажеттілігі келісідей белгілерімен анықталады:
табиғи апаттардың немесе басқа да қиратушы күштерінің кездейсоқ сипаты;
залалдың (зиянның, шығынның) натуралды немесе ақшалай формадағы көрінісі;
шығындарды өтеудің объективтік қажеттігі;
нақты оқиғалардың салдарларын алдын алу және өзгерту бойынша шараларды іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |