c. Ой-өрісті тудыратын сұраққа жауап өзіндік сипатта және жазбаша түрде орындалуды қажет етеді: 1. Мемлекет рәміздері - елдің өмір салтын, болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған құндылықтар қатарына «Отан», Атамекен, Атажұрт, шежіре - бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Сонымен, Ел болудың шарттық атрибуты – мемлекет рәміздері. Ежелгі дәуірден осы күнге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі мағынасын құрайды. Өткен замандарда рәміз символдары бейнеленуін, атқарған қызметтерінің сипатын ашу.
2. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық; халық игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiндегi мәселелердi демократиялық әдiстермен шешу, неліктен?